Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w06 1.7. 3—4 бет.
  • Сіз қаншалықты бақыттысыз?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз қаншалықты бақыттысыз?
  • 2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Бақытты болуға негіз бар ма?
  • Бақытқа қалай қол жеткізуге болады?
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Шынайы бақытты табудың жолы
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Бақытқа бастар жол
    Ояныңдар! 2018
2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w06 1.7. 3—4 бет.

Сіз қаншалықты бақыттысыз?

БӘЛКІМ, өзіңізден: “Мен қаншалықты бақыттымын?”— деп сұрайтын шығарсыз. Әлеуметтанушылар осы сұраққа сіздің немесе басқалардың не деп жауап беретінін білуге барынша тырысып бағады, бірақ бұл оңай іс емес. Өйткені адамның бақытын өлшеу күйеуінің әйеліне деген сүйіспеншілігінің немесе отбасында біреуі қайтыс болған адамның қайғысының мөлшерін анықтаумен бірдей. Ал сезім өлшеуге келмейді. Дегенмен ғалымдар келесі шындықты мойындайды: барлық адамның бақытты бола білу қабілеті бар.

Алайда бойындағы бақытты бола білу қабілетіне қарамастан, адам баласының ауыр қиыншылықтардан өзін бақытсыз сезінуі кең етек алып отыр. Мұның бір мысалы кейбір қалаларда молалар ЖИТС ауруының құрбаны болғандарға толы. Жергілікті билік өкілдері жақында қайтыс болғандарды жерлеу үшін ескі қабірлерді аштыруда. Африканың кей жерлерінде табыт жасау негізгі күн көріс көзінің бірі болып отыр. Қай жерде тұрмайық, ауыр сырқаттан жаны қиналған және туысқандары мен достарынан айырылып қатты қайғырғандарды көресіз.

Ал дамыған елдер туралы не деуге болады? Аяқ астынан болған оқиғадан адам ойда-жоқта материалдық игіліктерінен айырылып қалуы мүмкін. Құрама Штаттарында зейнетке шыққандардың көбісі қайтадан жұмыс істеуге мәжбүр, өйткені зейнетақы ала алмай отыр. Медициналық төлемақы көбінесе отбасының қалтасын қағады. Бір заң кеңесшісі: “Қарыздары бастан асатын және денсаулықтары да мәз емес адамдарды көргенде, жүрегің ауырады. Көп жағдайда оларға: — Енді сізге үйіңізді сатуға тура келеді,— деп айтуға мәжбүр боласың”,— дейді. Ал қаражат жағынан еш қиындық көрмейтіндер жайлы не деуге болады? Олар да бақытсыз болуы мүмкін бе?

Кей адамдардың өмірі әйгілі сазгер Ричард Роджерстің өміріне ұқсас. Ол туралы “жұртты соншалықты тәнті еткен адам кемде-кем” делінген. Алайда оның әндері өзгелерді рақатқа бөлесе де, өзі ұзаққа созылған жан күйзелісінен азап шеккен. Ол көп адамдар ұмтылатын екі мақсатқа, яғни ақша мен атақ-даңққа, қол жеткізген болатын. Бірақ ол бақытты ма еді? Бір өмірбаян жазушы былай дейді: “[Роджерс] жұмысында ерекше табысты болып, шалқып өмір кешті және екі рет Пулитцер сыйлығының лауреаты болды. Бірақ ол бақытсыз еді, сондай-ақ көбінесе жан күйзелісінде болатын”.

Байлықтан бақыт іздеу көбінесе құр қиял екенін байқаған шығарсыз. Торонтодағы (Канада) “Глоб энд мейл” газетінің тілшісі көптеген бай кісілердің бастан кешетін “өзгелерден тасалану мен мән-мағынасыздық” күйі жайлы жазды. Бір қаржы кеңесшісінің айтуынша, балаларының қолына уыс-уыс ақша ұстатып және алдарына сыйлықтарды үйіп-төгуімен бай ата-аналар “жиі ертеңгі күні өздері азабын тартатын тұқым себеді”.

Бақытты болуға негіз бар ма?

Өсімдік гүлдеуі үшін оған жақсы топырақ, су және қолайлы климат қажет. Сол сияқты зерттеушілер бақытқа белгілі бір факторлар ықпал ететінін мойындайды. Оларға: деннің саулығы, жақсы жұмыс, жеткілікті тамақ, баспана мен киім-кешек, шығармашылық іспен айналысу және нағыз достар жатады.

Осы айтылғандардың адам бақытына ықпал ететінімен келісетін шығарсыз. Алайда бұдан да маңыздырақ бір фактор бар. Ол — Ехоба есімді “бақытты Құдай” туралы білім (Тімотеге 1-хат 1:11). Бұл білім қалай көмектеседі? Ехоба — Жаратушымыз, әрі бақытты болу қабілетін бізге сол сыйлаған. Сондықтан ол бізді не нәрсе шын мәнінде бақытты ететінін біледі деу қисынды. Келесі мақалада оның адамдарға, қай жерде немесе қандай жағдайда болмасын, таусылмас бақыт әкелетін өмірге қалай бағыт беретіні айтылады.

[4-беттегі сурет]

Бақытқа да гүл сияқты қолайлы жағдай керек

[3-беттегі түпдерек]

© Gideon Mendel/CORBIS

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу