Есімге ие болу құқы
ӘРБІР адам есімге ие болуға құқылы. Таитида тіпті әке-шешесі белгісіз, жаңа туылған тастанды балаға да есім береді. Тіркеу мекемесі толық аты-жөнін жазып көрсетеді.
Алайда адамдардың бәрі дерлік иеленіп отырған осы негізгі құқықтан, былайша айтқанда, айырылып отырған бір тұлға бар. Бір таңғаларлығы, ол — ‘көктегі мен жердегі бүкіл әулеті Одан өз атын қабылдап алған Әкеміз’ (Ефестіктерге 3:14, 15, сілтемені қараңдар). Бірақ көп адамдар Жаратушының Киелі кітапта кездесетін есімін қолданудан бас тартады. Олар мұның орнына “Құдай”, “Жаратқан Ие” немесе “Құдай Әкеміз” сияқты лауазымдарды қолданғанды жөн көреді. Бірақ Құдайдың есімі кім? Бұл сұраққа забур жыршысы былай деп жауап береді: “Ехоба есімді жалғыз Сен ғана бүкіл жер бетіндегілердің барлығынан да Ең Жоғарғы екеніңді білсін” (Забур 83:18, ЖД [82:19]).
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Лондондағы миссионерлер Қоғамынан Таитиға миссионерлер келгенде, полинезиялықтар бірнеше құдайға табынатын. Олардың әрқайсысының ерекше аты болған, ал басты құдайлары Оро және Таароа деп аталған. Киелі кітаптағы Құдайдың басқа құдайлардан өзгешелігін көрсету үшін, әлгі миссионерлер таити тілінде Ехова деп транслитерация жасалған Құдайдың есімін кеңінен қолданды.
Бұл есім жақсы танымал болып, адамдар күнделікті әңгімелерінде де, хаттарында да қолданды. ХІХ ғасырдың басында билік еткен Таити патшасы Помаре ІІ Құдай есімін өзінің хаттарында қолданған. Осы бетте көрсетілген хат соның дәлелі болып табылады. Ағылшын тілінде жазылған бұл хат Таити мен оның аралдарына қарасты мұражайда көрмеге қойылған. Бұдан ол кезде адамдардың Құдай есімін оңай қабылдағаны көрінеді. Оның үстіне, Құдай есімі 1835 жылы аударылып біткен таити тіліндегі алғашқы Киелі кітапта мыңдап кездеседі.
[32-беттегі сурет]
Помаре ІІ патша
[32-беттегі түпдерек]
King and letter: Collection du Musée de Tahiti et de ses Îles, Punaauia, Tahiti