Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w05 1.8. 13—17 бет.
  • “Әрқайсың жеке бастарыңды сынаңдар!”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Әрқайсың жеке бастарыңды сынаңдар!”
  • 2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • “Шынында да сенім жолымен жүрсіңдер ме, жоқ па, соларыңды тексеріңдер”
  • “Әрқайсың жеке бастарыңды сынаңдар!”
  • Құдайдың еркін орындаудан рақат тап
  • Жастар, түйсіну қабілетін дамытыңдар!
    1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ехобаның ұлы күні жақындап қалғандықтан, рухани жетілу үшін алға басыңдар
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Ең қасиетті сенімдеріңнің негізінде өздеріңді рухани нығайтыңдар”
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
  • Ойлау қабілетімізді машықтандыра берейік
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w05 1.8. 13—17 бет.

“Әрқайсың жеке бастарыңды сынаңдар!”

“Шынында да сенім жолымен жүрсіңдер ме, жоқ па, соларыңды тексеріңдер, әрқайсың жеке бастарыңды сынаңдар!” (ҚОРЫНТТЫҚТАРҒА 2-ХАТ 13:5).

1, 2. а) Сенімдеріміздің дұрыстығына күмәніміз болса, бұл бізге қалай әсер етуі мүмкін? ә) Бірінші ғасырда Қорынттағы кейбіреулердің таңдаған жолдарының дұрыстығына күмәндануына қандай жағдай себеп болған болса керек?

ЕЛДІ МЕКЕНДІ аралап жүрген кісі қақ айырылған жол торабына кезігеді. Көздеген жеріне қайсы жол апаратынына сенімсіз болған ол жолаушылардан бағыт-бағдар сұрайды да, бірақ бір-біріне қайшы жауап алады. Басы қатқан ол әрі қарай жылжи алмай қалады. Сенімдеріміздің дұрыстығына күмәніміз болса, бұл бізге де тура осылай әсер етуі мүмкін. Мұндай сенімсіздік шешім қабылдауымызға кедергі жасап, таңдаған жолымыздың дұрыстығына күмән тудырады.

2 Бірінші ғасырда Қорынтта (Грекия) мәсіхшілер қауымындағы кейбіреулерге осылай әсер еткен бір жағдай болған еді. “Озат елшілер” елші Пауылдың беделіне күмән келтіріп: “Хаттары қатаң да күшті, ал жүзбе-жүз кездескенде өзі де әлсіз, сөзі де мәнсіз”,— деген (Қорынттықтарға 2-хат 10:7—12; 11:5, 6). Мұндай көзқарас Қорынттағы қауымның кейбір мүшелерінің таңдаған жолдарының дұрыстығына күмәндануына себеп болған болса керек.

3, 4. Пауылдың қорынттықтарға берген кеңесі неге бізді қызықтыруы керек?

3 Пауыл бұл қауымның негізін б. з. 50 жылы Қорынтқа барған кезінде қалаған еді. Ол “бір жарым жыл сол жерде қалып, Құдайдың Ізгі хабарын уағыздап жүрді”. Шынында да, оны “тыңдаған көптеген қорынттықтар сенімді қабылдап, шомылдыру рәсімінен өтті” (Елшілердің істері 18:5—11). Пауылды Қорынттағы бір сенімдегілердің рухани игілігі қатты ойландыратын еді. Оның үстіне, қорынттықтар кейбір мәселелерге қатысты кеңес сұрап, Пауылға хат жазған болатын (Қорынттықтарға 1-хат 7:1). Ал Пауыл оларға өте жақсы кеңес берген.

4 “Шынында да сенім жолымен жүрсіңдер ме, жоқ па, соларыңды тексеріңдер, әрқайсың жеке бастарыңды сынаңдар!”— деп жазды Пауыл (Қорынттықтарға 2-хат 13:5). Қабыл алған күнде бұл кеңес Қорынттағы бауырластарды өз жолдарының дұрыстығына сенімсіз болудан сақтар еді. Бұл бүгінде бізге де қорғаныш бола алады. Онда Пауылдың бұл кеңесіне біз қалай құлақ аса аламыз? Сенім жолымен жүрміз бе, жоқ па, мұны қалай тексеруімізге болады? Жеке басымызды сынау деген нені білдіреді?

“Шынында да сенім жолымен жүрсіңдер ме, жоқ па, соларыңды тексеріңдер”

5, 6. Сенім жолында жүрміз бе, жоқ па, осыны тексергенде, қандай өлшемді қолданамыз және неге бұл кемелді өлшем болып табылады?

5 Әдетте әлдекімді немесе әлденені тексергенде, қандай да бір өлшем, яки норма, негіз етіп алынады. Бұл жағдайда тексерілетін нәрсе — сенім, яғни жалпы ілімдеріміз емес, жеке басымыз. Тексеру үшін бізде кемелді өлшем бар. Дәуіт жазған Забур жырында былай делінген: “Кемелді — Тәңірдің Таурат заңы, Жан дүниені олар жаңартады. Иенің ережелері шынайы, Олар наданды да дана қылады. Әрі әділ — Тәңірдің бұйрықтары, олар жүрекке қуаныш құяды. Тәңір өсиеттері сондай нұрлы көзді ашады да жарқыратады” (Забур 18:8, 9 сілтемені қараңдар). Киелі кітапта Құдайдың кемелді заңдары, әділ бұйрықтары, шынайы ережелері мен нұрлы өсиеттері бар. Ондағы жазылғандар өзімізді тексеру үшін ең зор өлшем болып табылады.

6 Құдай рухымен жазылған сөздер жайлы елші Пауыл: “Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті. Ол екі жүзді семсердің қайсысынан да өткір, бойымызға терең еніп, жан мен рухты айырып, буын мен жұлынға жеткендей, ішкі дүниеміздегі ой-ниетімізді әшкерелеп, бағалайды”,— деген (Еврейлерге 4:12). Иә, Құдайдың сөзі ой-ниетіміздің шынында қандай екенін тексере алады. Оның өткір де күшті сөзін өмірімізде қалай қолдана аламыз? Мұны Забур жыршысы айқын түсіндіреді. Ол: “Тәңір заңына қуанатын, күні-түні сол туралы ойланатын әрбір адам қандай бақытты!”— деп жырлаған (Забур 1:1, 2). ‘Тәңірдің заңы’ Құдай Сөзі Киелі кітапта жазылған. Ехобаның Сөзін оқығаннан рақат табуымыз керек. Оны оқуға және үстінен ой жүгіртуге уақыт бөлуіміз керек. Осылай еткенде, онда жазылғандардың бізге әсер етуіне, яғни тексеруіне, жол беруіміз керек.

7. Сенім жолында жүрміз бе, жоқ па, соны тексерудің ең басты жолы қандай?

7 Демек, сенім жолында жүрміз бе, жоқ па, мұны тексерудің ең басты жолы — Құдай Сөзін оқу және оның үстінен ой жүгірту, сондай-ақ жүріс-тұрысымыздың білгендерімізге қаншалықты сай келетінін тексеру болып табылады. Құдай Сөзін түсінуге көп көмек көрсетілгеніне қуанышты болуымызға болады.

8. ‘Адал да ақылды құлдың’ басылымдары сенім жолымен жүрміз бе, жоқ па, соны анықтауға қалай көмектесе алады?

8 Ехоба ‘адал да ақылды құлдың’ Жазбаларды түсіндіретін басылымдары арқылы тәлімдері мен нұсқауларын береді (Матай 24:45, ЖД). Мысалы, “Ехобаға жақында”a кітабының тарауларының басым көпшілігінің соңындағы “Ой жүгіртуге арналған сұрақтар” деген қоршауды алайық. Ондағы сұрақтар жеке ой жүгіртуге керемет мүмкіндік береді! “Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар!” журналындағы көптеген тақырыптар да сенім жолымен жүрміз бе, жоқ па, соны тексеруге көмектеседі. “Күзет мұнарасының” таяудағы сандарындағы Нақыл сөздер кітабы туралы мақалаларға қатысты бір мәсіхші әйел былай деді: “Бұл мақалалар өте пайдалы. Олар маған сөйлеген сөзім, жүріс-тұрысым мен көзқарасым Құдайдың әділетті нормаларына шын мәнінде сай келе ме, жоқ па, соны тексеруіме көмектеседі”.

9, 10. Ехобаның қандай шаралары сенім жолында жүрміз бе, жоқ па, соны тексеріп отыруға көмектеседі?

9 Біз басшылық пен жігерді қауым кездесулері мен конгрестерден де молынан аламыз. Бұлар Ишая пайғамбарлық еткен адамдар үшін Құдайдың қарастырған рухани шараларының қатарына жатады: “Кейінгі заманда Жаратқан Иенің Киелі үйі тұрған Сион тауы Бастысы болады бар тау-төбелердің. Бәрінен де оның атақ-даңқы Әлдеқайда жоғары боп қалады. Барлық халықтардың адамдары Соған қарай ағылатын болады. “Енді жүріңдер, Жаратқан Иенің... Сион тауындағы киелі үйіне өрлеп барайық барлығымыз, кәне! Сол жерде Тәңір Иеміз біздерге ақ жолын нұсқайды, сонымен жүрейік” (Ишая 2:2, 3). Ехобаның жолдары туралы нұсқау алу шынымен бата болып табылады.

10 Рухани қабілетті адамдардың, соның ішінде мәсіхші ақсақалдардың, кеңестерін де айта кетуіміз керек. Олар жайында Киелі кітапта былай делінген: “Бауырластар, араларыңдағы біреу күнә жасап қойса, сендер оны Киелі Рухтың жетелеуімен ілтипаттылық танытып түзу жолға қайтаруға ұмтылыңдар, өздерің де алданып қалудан сақ болыңдар!” (Ғалаттықтарға 6:1). Түзу жолға қайтару үшін қарастырылған бұл шараға риза болуымызға болады.

11. Сенім жолында жүрміз бе, жоқ па, соны тексеруде тағы не қажет?

11 Басылымдарымыз, мәсіхшілер кездесуі мен тағайындалған ер кісілер — Ехобаның беріп отырған керемет тартулары. Алайда сенім жолында жүрміз бе, жоқ па, мұны білу үшін өз-өзімізді тексеріп отыруымыз қажет. Сондықтан басылымдарды оқығанда, яки Жазбаға негізделген кеңестерді естігенде, өзімізден: “Бұның маған қатысы бар ма? Мен осылай етем бе? Мәсіхшілердің барлық ілімін берік ұстанып жүрмін бе?”— деп сұрауымыз керек. Осы шаралар арқылы алып отырған мәліметтерге қалай қарайтынымыз рухани күйімізге де әсер етеді. “Өз еркімен жүретін адам Құдай Рухынан келгенді қабылдамайды, соны түсіне алмай, ақымақтық деп санайды,— дейді Киелі кітап. — Ал Құдай Рухына мойынсұнушы Одан келгеннің бәрін де бағалай алады” (Қорынттықтарға 1-хат 2:14, 15). Олай болса, кітаптардан, журналдар мен өзге де әдебиеттерімізден оқығандарымызға және кездесулер мен ақсақалдардан естігендерімізге үнемі ризашылықпен әрі рухани көзқараспен қарауға тырысуымыз керек емес пе?

“Әрқайсың жеке бастарыңды сынаңдар!”

12. Жеке басымызды сынау деген нені білдіреді?

12 Жеке басымызды өз-өзімізге баға беру арқылы сынаймыз. Біз шындықта болуымыз мүмкін, бірақ рухани күйіміз қандай деңгейде? Жеке басымызды сынауға рухани толысқандығымыз бен рухани шаралар үшін шын жүректен ризашылық білдіретінімізді көрсету жатады.

13. Еврейлерге 5:14-ке сай рухани толысқанымыз неден көрінеді?

13 Толысқан мәсіхші екенімізді неден байқауымызға болады? Елші Пауыл: “Қатты тағам” болса кемеліне келіп, іс жүзінде қолдану арқылы түйсіну қабілетін жақсы мен жаманды айыруға машықтандырғандарға арналған”,— деген (Еврейлерге 5:14, ЖД). Рухани толысқанымызды түйсіну қабілетімізді машықтандыру арқылы көрсетеміз. Шебер спортшы болу үшін адам қайта-қайта машықтана отырып, бұлшық еттерін шынықтыруы керек сияқты, біз де түйсіну қабілетімізді Киелі кітап принциптерін қолдану арқылы машықтандыруымыз керек.

14, 15. Неге Құдай Сөзіндегі мәні терең нәрселерді зерттеуге барынша күш салуымыз керек?

14 Алайда түйсіну қабілетімізді машықтандырмас бұрын, білім алуымыз керек. Бұл үшін мұқият жеке зерттеу жүргізуіміз қажет. Мұны үнемі істегенде — әсіресе Құдай Сөзіндегі мәні терең нәрселерді зерттегенде — түйсіну қабілетіміз жақсара түседі. Соңғы жылдары “Күзет мұнарасында” көптеген мәні терең тақырыптар талқыланды. Шындықты тереңірек түсіндіретін мақалаларға қалай қараймыз? Оларды ‘түсінуге қиын жерлері бар’ болғаны үшін ғана шетке ысырып қоюға бейімбіз бе? (Петірдің 2-хаты 3:16). Керісінше, біз талқыланып жатқан нәрсені ұғуға барынша күш саламыз (Ефестіктерге 3:18).

15 Ал егер жеке зерттеу жүргізу қиынға соқса ше? Онда оған деген тәбетімізді ашуға және арттыруға күш салуымыз өте маңыздыb (Петірдің 1-хаты 2:2). Рухани толысу үшін қатты тағамды, Құдай Сөзіндегі терең шындықты, қабылдап үйренуіміз керек. Әйтпесе түйсіну қабілетіміз әрі қарай жетілмей қалады. Алайда рухани толысу үшін түйсіну қабілетіне ие болып қою жеткіліксіз. Жеке зерттегенде алған білімімізді күнделікті өмірімізде қолдануға тиіспіз.

16, 17. Шәкірт Жақып ‘іске асырушы болуға’ қатысты қандай кеңес береді?

16 Жеке басымызды шындыққа деген ризашылығымыз, яғни сенімімізді көрсететін істер арқылы да сынаймыз. Өзімізге қалай баға берудің бұл жағын шәкірт Жақып күшті көрнекі мысалмен көрсеткен: “Құдайдың айтқандарын құр естіп қана қоймай, іске асырушы болыңдар! Әйтпесе өздеріңді-өздерің алдайсыңдар. Тәңірдің хабарын естігенмен, іске асырмайтын әркім айнаға қарап, бет әлпетін көрген адамға ұқсайды: ол өзіне байыппен қарап, былай шыға бере-ақ өз түрін ұмытып қалады. Ал кім кемелді тағылымға — күнәның құрсауынан азат ететін Ізгі хабарға — ұқыпты ден қойып, онысын ұдайы жалғастыра берсе, сол ұмытшақ тыңдаушы емес, жүзеге асырушы болып, іс-әрекетінде жарылқанбақ” (Жақып 1:22—25).

17 Басқаша айтқанда, бұл жерде Жақып: “Құдай сөзіне үңіліп, өздеріңе баға беріңдер. Мұны тынбай істеңдер және өздеріңді Құдай сөзінен білгендеріңе сай мұқият зерттеңдер. Сөйтіп, көргендеріңді тез ұмытып қалмаңдар, қажетті түзетулер жасаңдар”,— деп отыр. Бұл кеңеске құлақ асу кейде оңай бола бермеуі мүмкін.

18. Неге Жақыптың кеңесіне құлақ асу оңай емес?

18 Мысалы, Құдай Патшалығын уағыздауды алайық. Елші Пауыл: “Мәсіхке жүрегімен сенуі арқылы адам күнәсынан ақталып, Оны аузымен мойындауы арқылы құтқарылады”,— деп жазған (Римдіктерге 10:10). Ауызбен құтқарылуды жариялау үшін біраз өзгерістер жасау қажет болады. Көбімізге уағыздау ісіне қатысу оңайға соқпайды. Оған құлшына атсалысу үшін, сондай-ақ оны өмірімізде басты орынға қою үшін одан да көбірек өзгерістер жасап, құрбандықтарға бару керек болады (Матай 6:33). Бірақ Құдай берген бұл істі атқарғанда, біз қуанамыз, себебі оның Ехобаға мадақ әкеліп жатқанын көреміз. Олай болса, біз Патшалықты құлшыныспен жариялаушылар болып табыламыз ба?

19. Сенімімізді көрсететін істерге не жатады?

19 Сенімімізді көрсететін істерге не жатады? Пауыл былай дейді: “Менен үйреніп, қабылдаған тәлімді, әрі өмірімнен көріп, естігендеріңді іске асыра беріңдер! Сонда тыныштықтың қайнар көзі — Құдай сендерге жар болады” (Філіпіліктерге 4:9). Үйренген, қабылдаған, естіген және көргендеріміздің бәрін, яғни мәсіхшінің бағышталуы мен өмір салтына жататынның бәрін, өмірде қолдану арқылы өзіміздің қандай екенімізді көрсетеміз. Ехоба Ишая пайғамбар арқылы: “Міне жол, сонымен жүріңдер”,— деп нұсқау береді (Ишая 30:21).

20. Қауым үшін қандай адамдар зор бата болып табылады?

20 Құдай Сөзін бар ынтасымен зерттейтін, сондай-ақ ізгі хабарды құлшыныспен жариялайтын, кіршіксіз адал, Патшалықтың ісін шын беріле қолдайтын ерлер мен әйелдер қауым үшін зор бата болып табылады. Олар қауымдарында тұрақтылықтың болуына ықпал етеді. Олар әсіресе қауымда жаңадан келгендер үшін зор көмек. Пауылдың ‘сенім жолымен жүрсіңдер ме, жоқ па, соларыңды тексеріп, әрқайсың жеке бастарыңды сынаңдар’ деген кеңесін қабыл алғанда, біз де өзгелерге жақсы ықпал ететін боламыз.

Құдайдың еркін орындаудан рақат тап

21, 22. Қалайша Құдайдың еркін орындаудан рақат табамыз?

21 Ежелгі Исраил патшасы Дәуіт: “Уа, Құдайым, сенің еркіңді орындаудан рақат табам, сенің заңың менің жан дүниемде”,— деп жырлаған (Забур 40:8, ЖД [39:9]). Дәуіт Құдайдың еркін орындағаннан рақат тапқан. Неге? Өйткені Ехобаның заңы оның жүрегінде болған. Дәуіт таңдаған жолының дұрыстығына күмәнданбаған.

22 Құдай заңы жан дүниемізде болса, таңдаған жолымыздың дұрыстығына күмәнданбаймыз. Біз Құдайдың еркін орындаудан рақат табамыз. Олай болса, Ехобаға шын жүректен қызмет етуге ‘барынша тырмысайық’ (Лұқа 13:24).

[Сілтемелер]

a Ехоба Куәгерлері басып шығарған.

b Зерттеуді тиімді етіп жүргізуге қатысты ұсыныстарды Ехоба Куәгерлері басып шығарған “Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз” кітабының 27—32 беттерінен қараңдар.

Естеріңде ме?

• Сенім жолында жүрміз бе, жоқ па, мұны қалай тексере аламыз?

• Жеке басымызды сынау деген нені білдіреді?

• Толысқан мәсіхші екенімізді қалай көрсете аламыз?

• Сенімімізді көрсететін істер өзімізді бағалауға қалай көмектеседі?

[15-беттегі сурет]

Сенім жолында жүрсің бе, жоқ па, соны тексерудің ең басты жолын білесің бе?

[16-беттегі сурет]

Түйсіну қабілетін машықтандыру арқылы толысқан мәсіхші екенімізді көрсетеміз

[17-беттегі суреттер]

‘Құдайдың айтқандарын құр естіп қана қоймай, іске асырушы бола’ отырып, өзімізді сынаймыз

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу