Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w05 1.6. 29-б.—32-б., 9-абз.
  • Патшалықтар туралы 2-жазба кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Патшалықтар туралы 2-жазба кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар
  • 2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • “ДӘУІТ БАРҒАН САЙЫН КҮШЕЙЕ ТҮСТІ”
  • (Патшалықтар 2-жазба 1:1—10:19)
  • ЕХОБА МАЙЛАНҒАНЫНА АПАТ ЖІБЕРЕДІ
  • (Патшалықтар 2-жазба 11:1—20:26)
  • “ЖАРАТҚАН ИЕНІҢ ҚОЛЫНА ТҮСЕЙІК”
  • (Патшалықтар 2-жазба 21:1—24:25)
  • ‘Жаратқан Иенің көңілінен шығу’ қол жетпейтін нәрсе емес
  • Өміріңде өзгерістер болғанда, Құдайдың рухына арқа сүйе
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Самуилдің 2-жазбасы. Мазмұны
    Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
  • “Өз еркіңді орындауға үйрете гөр”
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Халықтың өздеріне патша талап етуі
    Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
Көбірек мәлімет
2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w05 1.6. 29-б.—32-б., 9-абз.

Ехобаның сөзі тірі.

Патшалықтар туралы 2-жазба кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар

ЕХОБАНЫҢ билігін мойындау үшін оған кемелді түрде бағыну керек пе? Мінсіз адам Құдайдың көз алдында әрқашан дұрыс әрекет ете ме? Қандай адам шынайы Құдайдың ‘көңілінен шыға’ алады? (Патшалықтар 1-жазба 13:14). Патшалықтар туралы 2-жазба кітабында осы сұрақтардың қанағаттанарлық жауабы жазылған.

Бұл кітапты ежелгі Исраил патшасы Дәуітпен жақын араласқан Ғад және Натан пайғамбарлар жазған. Дәуіттің 40 жылдық билігінің соңына қарай, б. з. б. 1040 жылы аяқталған бұл кітапта ең бірінші Дәуіт туралы және оның Ехобамен қарым-қатынасы туралы айтылады. Бұл әсерлі оқиғада соғыстан көзі ашылмаған халықтың батыр патшаның қол астында бірігіп, өркендеген елге айналғаны баяндалады. Онда адамның өзегін жарып шыққан күшті сезімдер туралы көп жазылған.

“ДӘУІТ БАРҒАН САЙЫН КҮШЕЙЕ ТҮСТІ”

(Патшалықтар 2-жазба 1:1—10:19)

Саул мен Жонатанның өлімі туралы хабардың Дәуітке қалай әсер еткенінен оның бұл адамдар мен Ехобаға деген сезімін байқауға болады. Дәуіт Яһуда руының патшасы болып Хебронда таққа отырады. Саулдың баласы Есбосат Исраилдің қалған руларына патша болып тағайындалады. “Дәуіт барған сайын күшейе түсті” және жеті жарым жылға жуық уақыттан соң, бүкіл Исраил елінің патшасы болады (Патшалықтар 2-жазба 5:10).

Дәуіт ебустіктердің Иерусалим қаласын жаулап алып, өз патшалығының астанасы етеді. Оның келісім сандығын Иерусалимге әкелгісі келген бірінші әрекеті апат әкеледі. Алайда екінші әрекеті сәтті аяқталып, Дәуіт қуана шаттанып билейді. Ехоба Дәуітпен патшалық келісім жасайды. Құдай оған жар болып отырғандықтан, Дәуіт жауларының бәрін бағындырады.

Киелі кітапқа негізделген сұрақтардың жауаптары:

2:18 — Неге Жоғаб пен оның екі бауыры Зүрияның ұлдары деп шешелерінің атымен аталған? Еврей жазбаларында шежіреге әдетте әкенің аты кірген. Зүрияның күйеуі мезгілінен бұрын қайтыс болған болуы мүмкін, немесе аты Киелі жазбаларға енуге лайықсыз саналған болуы мүмкін. Зүрия Дәуіттің туған не туысқан әпкесі немесе қарындасы болғандықтан да, солай жазылған болуы мүмкін (Патшалықтар 2-жазба 24:8—25). Олардың әкелері Бетлехемдегі қабір жайында сөз қозғалғанда ғана аталады (Патшалықтар 2-жазба 2:32).

5:1, 2 — Есбосат таққа отырған соң, қанша уақыт өте Дәуіт бүкіл Исраилдің патшасы болды? Есбосат өзінің екі жылдық билігін Саулдың өлімінен соң, көп ұзамай, шамамен Дәуіт Хебронда таққа отырған уақытта бастаған деп тұжырымдау қисынды. Дәуіт Хебронда Яһуданы жеті жарым жыл биледі. Ол бүкіл Исраилге патша болған соң, көп ұзамай Иерусалим елдің астанасы болды. Демек, Есбосат қайтыс болған соң, Дәуіт бүкіл Исраилге патша болғанша бес жылдай уақыт өткен (Патшалықтар 2-жазба 2:3, 4, 8—11; 5:4, 5).

8:2 — Исраилдіктермен қақтығыстан соң, қанша моабтықтар өлімге кесілді? Олардың қанша болғанын санап емес, өлшеп анықтаған болса керек. Дәуіт моабтықтарды жерге қатар-қатар жатқызғанға ұқсайды. Одан соң ол қатарды арқанмен өлшейді. Арқанның екі рет өлшеуімен алынғандар, яғни моабтықтардың үштен екісі өлімге кесіліп, толық бір рет өлшеумен алынғандар, яғни үштен бірі тірі қалған болса керек.

Біз үшін сабақ:

2:1; 5:19, 23. Дәуіт Хебронға көшіп бармас бұрын және жауларына қарсы аттанарда Ехобадан басшылық сұраған. Рухани күйімізге әсер ететін шешімдер қабылдамас бұрын, біздің де Ехобаның басшылығын іздегеніміз абзал.

3:26—30. Кек алу қайғылы нәтижеге әкеледі (Римдіктерге 12:17—19).

3:31-34; 4:9—12. Дәуіттің кек сақтамайтын және жауласпайтын қасиеті үлгі тұтуға лайық.

5:12. Ехобаның бізге өз жолдарын үйрететінін және өзімен жақсы қарым-қатынаста болуға мүмкіндік жасайтынын ешқашан ұмытпауымыз керек.

6:1—7. Дәуіттің ниеті таза болғанымен, келісім сандығын арбамен көшіріп әкелемін деп, Құдайдың өсиетін бұзып қойған және бұл ісі сәтсіз аяқталған (Мысырдан шығу 25:13, 14; Руларды санау 4:15, 19; 7:7—9). Ұзиях сандықты ұстап қалғанда болған жағдай да адамның ниеті таза болған күнде де, Құдайдың талаптары өзгермейтінін көрсетеді.

6:8, 9. Қиын жағдайға тап болғанда, Дәуіт алдымен ашуланады да, артынан оны қорқыныш билейді. Ол болған жағдайға тіпті Ехобаны кінәлаған да болар. Өсиеттеріне немқұрайды қарап, оның зардабын тартқанда, Ехобаны кінәлап қоймау үшін біз де абай болуымыз керек.

7:18, 22, 23, 26. Дәуіттің кішіпейілдігі, Құдайға жан-тәнімен берілгендігі және Құдайдың есімінің дәріптелуін ойлауы еліктеуге тұрарлық үлгі болып табылады.

8:2. Шамамен 400 жыл бұрын айтылған пайғамбарлық орындалды (Руларды санау 24:17). Ехобаның айтқаны әрқашан тура келеді.

9:​1, 6, 7. Дәуіт уәдесін орындаған. Біз де сөзімізде тұруымыз керек.

ЕХОБА МАЙЛАНҒАНЫНА АПАТ ЖІБЕРЕДІ

(Патшалықтар 2-жазба 11:1—20:26)

Ехоба Дәуітке былай дейді: “Өз үйіңнің ішінен саған қарсы пәле шығарамын! Көзіңнің алдында әйелдеріңді алып, басқа біреуге беремін, ол тапа-тал түсте сенің әйелдеріңмен бірге болмақ” (Патшалықтар 2-жазба 12:11). Мұндай үкім не себептен шығарылды? Дәуіттің Барсабиямен жасаған күнәсі үшін. Күнәсі кешірілгенімен, Дәуіт күнәсінің салдарынан қашып құтыла алмады.

Алдымен, Барсабиядан туған бала шетінеп кетеді. Одан соң Дәуіттің тұрмыс құрмаған қызы Тамарды өзінің қандас ағасы Амнон зорлап тастайды. Ал Тамардың туған ағасы Абессалом кек қайтарып, Амнонды өлтіреді. Одан соң ол өз әкесіне қастандық жасап, Хебронда өзін патша етіп жариялайды. Дәуіт Иерусалимді тастап қашуға мәжбүр болады. Абессалом әкесінің үйді қарап отыруға тастап кеткен он кәнизәгімен жақындасады. Дәуітке билік Абессалом өлген соң ғана оралады. Буниямин руынан шыққан Шабаның шығарған бүлігі ол қайтыс болған соң басылады.

Киелі кітапқа негізделген сұрақтардың жауаптары:

14:7 — “Қалған ұшқын” деген сөздер нені бейнелейді? Әулеттен қалған ұрпақты ұшқынмен салыстырған.

19:29 — Мепібосетке Дәуіт неге бұлай жауап берген? Мепібосетті тыңдап тұрып, Дәуіт Сибаның айтқанына сеніп, алданып қалғанын түсінген болу керек (Патшалықтар 2-жазба 16:1—4; 19:24—28). Бұған Дәуіт ашуланып, бұл туралы енді ештеңе естігісі келмеген болуы әбден мүмкін.

Біз үшін сабақ:

11:2—15. Дәуіттің кемшіліктерінің ашық жазылуы Киелі кітап киелі рухтың жетелеуімен жазылған Құдай Сөзі екендігін дәлелдейді.

11:16—27. Ауыр күнә жасағанда, Дәуіт сияқты оны жасыруға тырыспауымыз керек. Керісінше, Ехобаның алдында күнәларымызды мойындап, қауым ақсақалдарының көмегін іздегеніміз дұрыс (Нақыл сөздер 28:13; Жақып 5:13—16).

12:​1—14. Натан қауымдағы тағайындалған ақсақалдарға жақсы үлгі қалдырған. Олар күнә жасаған адамдардың жолдарын түзетулеріне көмектесулері керек. Ақсақалдар бұл жауапкершілікті шеберлікпен атқарулары тиіс.

12:15—23. Дәуіттің өз жағдайына дұрыс қарай білуі, бақытсыздыққа ұшырағанда өзін дұрыс ұстауына көмектесті.

15:12; 16:15, 21, 23. Абессалом таққа отыратындай көрінгенде, тәкаппарлық пен шенқұмарлықтың кесірінен керемет кеңесші Ахитопел сатқынға айналды. Кішіпейілдік пен адалдық болмаса, ақылды болудың өзі тұзақ болуы мүмкін.

19:24, 30. Мепібосет Дәуіттің сүйіспеншілікпен көрсеткен мейірімділігін бағалаған. Ол патшаның Сибаға қатысты шығарған шешіміне дайындықпен бойсұнған. Ехоба мен оның ұйымына деген ризашылығымыз бізді бойсұнғыш болуға талпындырады.

20:21, 22. Бір адам ақылымен көп адамды апаттан құтқарып қала алады (Екклесиаст 9:14, 15).

“ЖАРАТҚАН ИЕНІҢ ҚОЛЫНА ТҮСЕЙІК”

(Патшалықтар 2-жазба 21:1—24:25)

Саул гибеондықтарды қырғынға ұшыратып, қан төккені үшін жерді үш жыл аштық жайлайды (Ешуа 9:15). Кек қайтару үшін гибеондықтар өлім жазасына кесуге Саулдың жеті ұлын сұрайды. Дәуіт олардың айтқандарын орындайды да, нөсерлеп жауын құйып, құрғақшылық тоқтайды. Төрт філістірлік ‘Дәуіт пен оның қызметшілерінің қолдарынан қаза табады’ (Патшалықтар 2-жазба 21:22).

Дәуіт заңсыз санақ жүргізіп, ауыр күнә жасайды. Ол күнәсіне өкініп, ‘Жаратқан Иенің қолына түсуді’ таңдайды (Патшалықтар 2-жазба 24:14). Нәтижесінде 70 000 адам індеттен қайтыс болады. Дәуіт Ехобаның бұйрығын орындайды да, індет тоқтайды.

Киелі кітапқа негізделген сұрақтардың жауаптары:

21:8 — Қалайша Саул қызы Михолдың бес ұлы болды деп айтуға болады? Патшалықтар 2-жазба 6:23-те оның өле-өлгенше бала таппағаны айтылған ғой. Бұл ұлдар Михолдың Әдіриелге тұрмысқа шыққан әпкесі Мерабтың балалары болған деген түсінік — ең кеңінен тараған түсінік. Мераб мезгілінен бұрын қайтыс болып, балалар Михолдың қолында өскен болса керек.

21:9, 10 — Риспа гибеондықтарға өлтіруге берілген екі ұлы мен Саулдың бес немересінің мәйітін қанша уақыт күзетіп отырған? Бұл жеті адамды өлтіріп, мәйіттерін тауға апарып іліп қойғанда, “егін ору мерзімінің алғашқы күндері”, яғни наурыз не сәуір айы болатын. Риспа Ехоба құрғақшылықты тоқтатып, қаһарының қайтқанын көрсеткенше, өлі денелерді күні-түні күзетіп отырған. Ежелгі Исраилде қазан айында егін ору мерзімі аяқталғанға дейін нөсер болмайтын. Демек, Риспа мәйіттерді бес-алты ай бойы күзетіп отырған. Одан соң Дәуіт сүйектерді жерлеген.

24:1 — Неге санақ жүргізгені үшін Дәуіт ауыр күнәға батқан? Таурат заңында санақ жүргізуге тыйым салынбаған болатын (Руларды санау 1:1—3; 26:1—4). Киелі кітапта Дәуітті санақ жүргізуге не талпындырғаны айтылмайды. Алайда Шежірелер 1-жазба 21:1-де бұл әрекетке оны Шайтан итермелегені айтылады. Қалай болған күнде де, оның қарамағындағы әскербасы Жоғаб Дәуіттің шешімінің қате екенін білген және оны бұл ойынан қайтаруға тырысқан.

Біз үшін сабақ:

22:2—51. Дәуіт Ехобаның толық сенім артуымызға болатын шынайы Құдай екенін сондай тамаша жырлаған!

23:15—17. Дәуіт Құдайдың өмір мен қанға қатысты заңын терең қастерлегені сонша, бір жағдайда ол тіпті заң бұзушылық болып көрінетін істің өзінен бас тартқан. Құдайдың барлық өсиеттеріне қатысты осындай көзқарас дамытуымыз керек.

24:10. Дәуіттің ар-ұяты оны күнәсіне өкінуге талпындырған. Біздің ар-ұятымыз да осындай сезімтал ма?

24:14. Дәуіт Ехобаның рақымы адамдардан әлдеқайда мол екенін білген. Бізде осындай сенімділік бар ма?

24:17. Дәуіт өз күнәсіне бола бүкіл елдің қасірет шегіп жатқанына өкінген. Күнәсіне өкінген адам өзінің, мүмкін, қауымның атына кір келтірген ісі үшін өкінгені дұрыс.

‘Жаратқан Иенің көңілінен шығу’ қол жетпейтін нәрсе емес

Исраилдің екінші патшасы ‘Жаратқан Иенің көңілінен шыққан’ (Патшалықтар 1-жазба 13:14). Дәуіт Ехобаның талаптарының әділ екеніне ешқашан күмәнданбаған және Құдайдан тәуелсіз болуға тырыспаған. Күнә жасаған кезде, ол онысын мойындаған, түзетуді қабыл алған және жолдарын түзеткен. Дәуіт мінсіз адам болған. Біздің де әсіресе күнә жасап қойғанда, сол сияқты болғанымыз даналыққа жатпай ма?

Дәуіттің өмірбаянынан Ехобаның билігін мойындау дегеніміз оның жақсылық пен жамандыққа қатысты талаптарын қабыл алып, оларды мінсіз адамдар ретінде ұстануға тырысуды білдіретіні анық көрінеді. Бұл — қол жетпейтін нәрсе емес. Патшалықтар 2-жазба кітабынан алған сабақтар үшін риза болуымыз керек емес пе?! Шынында да, ондағы киелі рухтың жетелеуімен жазылған сөздер тірі, әсері де күшті (Еврейлерге 4:12).

[30-беттегі суреттер]

Кімнің арқасында күшті патшаға айналғанын есте сақтағаны Дәуіттің кішік болып қалуына көмектескен

[32-беттегі сурет]

“Өз үйіңнің ішінен саған қарсы пәле шығарамын!”

Барсабия

Тамар

Амнон

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу