Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w05 1.5. 3-б.
  • Күтпеген бақытсыздық

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Күтпеген бақытсыздық
  • 2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Қайта тірілу — өлгендер үшін керемет болашақ
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Кіріспе
    Ояныңдар! 2020
  • Қайғымен қалай күресе аламын?
    Жастардың сауалдары
  • “Құдайға бәрібір ме?”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2018
Көбірек мәлімет
2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w05 1.5. 3-б.

Күтпеген бақытсыздық

ОУЭН есімді екі жарым жасар бала жуынатын бөлмеде ойнап жүрген еді. Ол әке-шешесі қолы жетпейді деп ойлаған дәрілері бар шкаф тұрған жерге шығып алады. Оның ішінде бір ыдыс баланың назарын аударады. Ол оны ашады да, ішіндегі сұйықтықты ішіп қояды. Күтпеген жерден бақытсыздық болды.

Ыдыстың ішінде күйдіргіш қышқыл бар еді, өкінішке орай, Оуэн қайтыс болды. Оның әке-шешесінің көкірегі қарс айырылды. Оуэннің әкесі Перси өзінің шіркеуінен жұбаныш іздейді. “Неге бұлай болды?”— деп сұрайды ол. Діни қызметкер оған: “Құдай көкте тағы бір кішкентай періштенің болғанын қалады”,— деп жауап береді. Сәбилерінен айырылып, қайғыға батқан жұбайларға бұл барып тұрған әділетсіздік болып көрінді. Осындай қайғылы оқиға шынымен Құдайдың ісі болды ма? Әбден көңілі қалған Перси бұдан былай шіркеумен араласпауды шешті.

Болған жағдай туралы ойлағанда, Персидің ойында: “Менің бөбегім азап көріп жатыр ма екен? Оны қайта көрер ме екенмін?”— деген сұрақтар туындайды.

Сіз де өлгенде не болатынын және өлген сүйіктілермен болашақта қайта қауышуымыз мүмкін бе екенін білгіңіз келетін шығар. Құдай Сөзі Киелі кітап осы сұрақтарға нұрын шашады. Онда осындай бақытсыздыққа тап болған барлық адамдар үшін анық әрі жұбаныш беретін жауаптар жазылған. Одан да маңыздысы, Киелі кітапта өлілерге қатысты берген Құдайдың керемет уәдесі, яғни қайта тірілу, туралы айтылады.

Осы ғажайып үміт жайында көбірек білгіңіз келсе, келесі мақаланы оқып шығуыңызды өтінеміз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу