Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w05 1.4. 12—17 бет.
  • ‘Иеміз сендерді үлкен құн төлеп азат етті’

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • ‘Иеміз сендерді үлкен құн төлеп азат етті’
  • 2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • “Бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер!”
  • “Біз небары түкке тұрғысыз малаймыз, міндетімізді ғана атқардық”
  • Арттарыңа қарап, жалтақтамаңдар
  • Құдайдың құлы болудың беретін өнімі
  • “Ехобаға құл іспетті қызмет етіңдер”
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құлдықтан құтылу: кеше мен бүгін
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w05 1.4. 12—17 бет.

‘Иеміз сендерді үлкен құн төлеп азат етті’

“Иеміз сендерді үлкен құн төлеп... азат етті. Ендеше... Құдайдың даңқын арттырыңдар!” (ҚОРЫНТТЫҚТАРҒА 1-ХАТ 6:20).

1, 2. а) Мұсаның заңы бойынша исраилдік құлға қалай қарау керек болған? ә) Қожайынын сүйген құл қандай шешім қабылдаған?

БІР еңбекте: “Құл иелену ежелгі дүниеде кең тараған, әрі кәдімгі нәрсе болып есептелген”,— делінген. Онда сондай-ақ: “Мысырдың, Грекияның және Римнің экономикасы құлдардың еңбегіне байланысты болған. Бірінші ғасырда Италиядағы әрбір үшінші адам, ал басқа жерлерде әрбір бесінші адам құл болған”,— деп айтылған (Holman Illustrated Bible Dictionary).

2 Құл иелену ежелгі Исраилде де болғанымен, Мұсаның заңында еврейден шыққан құлдарға қорғаныш беретін шаралар қарастырылған. Мысалы, Таурат заңы бойынша исраилдік адам алты жылдан артық құл болмау керек еді. Жетінші жылы оған ‘бас бостандығы тегін берілу’ керек болған. Бірақ құлға қалай қарауға қатысты тәртіптің әділ әрі адамгершілікке сай болғаны сонша, Мұсаның заңында мынадай қосымша шара қарастырылған болатын: “Алайда қызметші: — Қожайынымды, әйелім мен балаларымды сүйемін, бостандық алмаймын,— десе, қожайыны қызметшісін төрешілердің алдына алып барсын. Оны есіктің не жақтауының қасына қойып, құлағын бізбен тессін. Сонда ол қожайынының өмірлік басыбайлы қызметшісі болып қалады” (Мысырдан шығу 21:2—6; Леуіліктер 25:42, 43; Заңды қайталау 15:12—18).

3. а) Бірінші ғасырдағы мәсіхшілер қандай құлдықты қабылдаған? ә) Бізді Құдайға қызмет етуге не талпындырады?

3 Өз еркі бойынша құл болу шынайы мәсіхшілердің қандай құл екендіктерін жақсырақ түсінуге көмектеседі. Мысалы, Киелі кітап жазушылары Пауыл, Жақып, Петір және Яһуда өздерін Құдай мен Мәсіхтің басыбайлы қызметшілері, немесе құлдары, деп суреттеген (Титке 1:1; Жақып 1:1; Петірдің 2-хаты 1:1; Яһуда 1). Пауыл салоникалық мәсіхшілердің ‘енді тірі де шынайы Құдайдың құлы болу үшін, жалған тәңірлерден бас тартып, Құдайға бет бұрғандарын’ естеріне салған (Салониқалықтарға 1-хат 1:9, ЖД). Бұл мәсіхшілердің өз еріктерімен Құдайдың құлы болуына не түрткі болды екен? Бас бостандығынан бас тартқан исраилдіктің солай етуіне не түрткі болушы еді? Қожайынына деген сүйіспеншілігі емес пе? Мәсіхшіні Құдайдың құлы болуға оған деген сүйіспеншілік талпындырады. Шынайы және тірі Құдайды білгенде, бұл бізді оған ‘шын жүректен, бүкіл жан дүниемізбен’ қызмет етуге талпындырады (Лұқа 10:27). Алайда Құдай мен Мәсіхтің құлы болу деген нені білдіреді? Бұл біздің күнделікті өмірімізге қалай әсер етеді?

“Бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер!”

4. Қалайша біз Құдай мен Мәсіхтің құлына айналамыз?

4 Құл “біреудің немесе бірнеше адамның заңды меншігі және сөзсіз бағынуға міндетті адам” ретінде суреттеледі. Біз Ехобаға өмірімізді бағыштап, шомылдыру рәсімінен өткенде, оның заңды меншігіне айналамыз. Елші Пауыл: “Енді өз меншіктерің емессіңдер, Иеміз сендерді үлкен құн төлеп... азат етті”,— деп түсіндірген (Қорынттықтарға 1-хат 6:19, 20). Бұл құн — әрине, Иса Мәсіхтің төлем құрбандығы. Себебі Құдай осы төлемге негізделе отырып, майланған мәсіхші болсақ та, олардың жерде өмір сүруге үміті бар серіктері болсақ та, бізді өзінің қызметшілері ретінде қабыл алды (Ефестіктерге 1:7; 2:13; Аян 5:9). Осылайша шомылдыру рәсімінен өткен сәттен бастап, біз Ехобаның меншігіміз (Римдіктерге 14:8). Иса Мәсіхтің баға жетпес қанымен сатып алынғандықтан, біз оның да құлы боламыз, әрі өсиеттерін орындауға міндеттіміз (Петірдің 1-хаты 1:18, 19).

5. Ехобаның құлдары болғандықтан, басты міндетіміз не және мұны қалай атқаруымызға болады?

5 Құлдар қожайындарына бағынулары керек. Біз өз еркімізбен әрі Иемізді сүйгендіктен құл боламыз. Жоханның 1-хаты 5:3-те: “Өсиеттерін орындағанымыз — Құдайды сүйгеніміз; оларды орындау қиын емес”,— деп жазылған. Олай болса, бағыну арқылы біз өзіміздің сүйіспеншілігіміз бен бойсұнушылығымызды дәлелдейміз. Бұл әрбір ісімізден көрініп тұрады. Пауыл: “Не ішіп-жесеңдер де, не істесеңдер де, бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер!”— деген (Қорынттықтарға 1-хат 10:31). Күнделікті өмірде, тіпті кішігірім істерде де, ‘Ехобаға құлы сияқты қызмет ететінімізді’ көрсеткіміз келеді (Римдіктерге 12:11, ЖД).

6. Құдайдың құлы болғанымыз шешімдерімізге қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер.

6 Мысалы, шешім қабылдарда көктегі Қожайынымыз Ехобаның еркін ескермей кетпеу үшін мұқият болғымыз келеді (Малахи 1:6). Қиын шешім қабылдарда Құдайға қаншалықты бағынатынымыз сынға салынуы мүмкін. Осындай кезде “алдампаз және әбден бүлінген” жүрегіміздің қалауына емес, Құдайдың кеңесіне құлақ асамыз ба? (Еремия 17:9). Өзіне бір жігіт көңіл білдіріп жүргенде, Мелиса есімді мәсіхші қыз шомылдыру рәсімінен жаңадан ғана өткен еді. Ол Мелисаға жақсы адам сияқты көрінді және Ехоба Куәгерлерімен Киелі кітап зерттеу сабағын өтіп жүрген болатын. Дегенмен қауым ақсақалы Мелисаға Ехобаның некеде “екеуі де Иемізбен тығыз байланыста тұрсын” деген кеңесіне құлақ асудың даналыққа жататынын айтады (Қорынттықтарға 1-хат 7:39; Қорынттықтарға 2-хат 6:14). Мелиса: “Бұл кеңесті қабыл алу мен үшін оңай болмады”,— деп мойындайды. “Бірақ өмірімді Құдайдың еркін орындауға бағыштағандықтан, оның айдан анық айтылған нұсқауына бағынуым керек деп шештім”. Болған жағдай туралы ой жүгірте отырып, ол былай дейді: “Кеңеске құлақ асқаныма сондай қуанамын. Ол жігіт көп ұзамай, Киелі кітап зерттеуді доғарды. Егер сол кезде онымен қарым-қатынасымды доғармағанымда, қазір мен мәсіхші емес адаммен некеде тұрған болар едім”.

7, 8. а) Неге адамдарға ұнауды ойлап, тым қатты уайымдамауымыз керек? ә) Адам алдындағы қорқынышты қалай жеңуге болатынын мысалмен көрсетіп беріңдер.

7 Құдайдың құлдары болғандықтан, біз адамның құлына айналмауымыз керек (Қорынттықтарға 1-хат 7:23). Рас, ешқайсымыз қадірсіз болғымыз келмейді, бірақ мәсіхшілер бұл дүниедегі талаптардан өзгеше талаптарға бағынатынын ұмытпауымыз керек. Пауыл: “Адамдарға ұнауға тырыспаймын”,— деген. Сосын: “Әйтпесе Мәсіхтің қызметшісі [“құлы”, ЖД] бола алмас едім”,— деп тұжырым жасады (Ғалаттықтарға 1:10). Біз қысымға бой алдырып, адамдарға ұнауға тырыспаймыз. Олай болса, қысымға қалай төтеп беруімізге болады?

8 Испаниядағы Елена есімді жас мәсіхшінің жағдайын қарастырайық. Оның кейбір сыныптастары қан өткізетін. Олар Еленаның Ехоба Куәгері екенін және қан өткізбейтінін де, өзіне құйдырмайтынын да білетін. Өз көзқарасын түсіндіретін мүмкіндік туғанда, Елена бүкіл сыныпқа сенімі туралы айтып беруді ұсынады. Ол: “Шынымды айтсам, қатты қобалжыдым”,— деп мойындайды. Сосын былай түсіндірді: “Бірақ мен жақсылап дайындалдым және таңғаларлық нәтижеге қол жеткіздім. Көп сыныптастарым мені сыйлайтын болды, ал мұғалімім менің атқарып жүрген ісіме риза болып, мақтау айтты. Ең бастысы, Ехобаның есімін қорғап, Жазбаларға негізделген көзқарасымды анық түсіндіріп бере алғанымнан қанағат сезіміне бөлендім” (Жаратылыс 9:3, 4; Елшілердің істері 15:28, 29). Рас, Құдай мен Мәсіхтің құлдары болғандықтан, біз басқалардай емеспіз. Алайда оларға құрмет көрсете отырып, сенімімізді қорғауға дайын болсақ, олар бізді сыйлайтын болады (Петірдің 1-хаты 3:15).

9. Елші Жоханға көрінген періштеден қандай үлгі аламыз?

9 Құдайдың құлдары екенімізді есімізде ұстағанымыз, сондай-ақ кішіпейілділік сақтауымызға көмектеседі. Бірде елші Жохан аянда көктегі Иерусалимді көріп, қатты әсер алғаны соншалық, Құдайдың хабаршысы ретінде келген періштенің аяғына бас ұрмақ болып жығылады. Періште оған: “Бұлай істеме! Мен өзіңмен, саған бауырлас пайғамбарлармен, әрі осы кітаптағы сөздерге мойынсұнатындармен бірге қызмет етушімін [“қызмет етуші құлмын”, ЖД]. Құдайға бас ұрып ғибадат ет!”— деп айтады (Аян 22:8, 9). Періштенің Құдайдың барлық құлдарына көрсеткен үлгісі қандай керемет! Кейбір мәсіхшілер қауымда ерекше міндет атқаратын шығар. Алайда Иса: “Қайсың ұлы болғысы келсе, сол өзгелеріңе қызмет ете берсін, қайсың ең бастыларың болғысы келсе, сол сендерге құл іспетті қызмет ете берсін!”— деген (Матай 20:26, 27). Исаның ізбасарлары болғандықтан, бәріміз де құлдармыз.

“Біз небары түкке тұрғысыз малаймыз, міндетімізді ғана атқардық”

10. Құдайдың адал қызметшілері үшін оның еркін орындау әрқашан оңайға соға бермейтінін қандай мысалдардан көруге болады?

10 Кемелсіз адамдар үшін Құдайдың еркін орындау әрқашан оңайға соға бермейді. Мұса пайғамбарға Құдай Мысырға барып, Исраил ұлдарын құлдықтан босатуды тапсырғанда, ол бұл тапсырманы орындауға қиналған (Мысырдан шығу 3:10, 11; 4:1, 10). Ниневи халқына Құдайдың үкімін жариялау тапсырылғанда, Жүніс “Жаратқан Иенің назарынан алысқа, Тарсис қаласына қашып кетуге бел буды” (Жүніс 1:2, 3). Еремия пайғамбардың хатшысы Варух шаршағанын айтып шағынған (Еремия 45:2, 3). Аңсарымыз Құдайдың еркін емес, өз қалауымызды орындауға ауса, не істегеніміз дұрыс? Мұның жауабын Исаның келтірген мысалынан табуымызға болады.

11, 12. а) Лұқа 17:7—10 дейінгі тармақтарда жазылған Исаның мысалын қысқаша айтып беріңдер. ә) Исаның мысалынан қандай сабақ аламыз?

11 Иса күні бойы қожайынының малын баққан құл туралы әңгімелеген. Құл он екі сағат бойы ауыр еңбек етіп, қалжырап үйге келгенде, қожайыны оған отыра қалып, дәмді тағам ішіп алуға шақырмайды. Керісінше, ол оған: “Кешкі тамағымды дайында! Мен ішіп-жеп болғанша, алжапқышыңды байлап алып, маған қызмет ет, содан кейін өзің ішіп-жерсің!”— деп бұйырады. Құл өз жағдайын қожайынына қызмет етіп болған соң ғана жасай алады. Иса сөзін былай деп аяқтайды: “Сендер де солай, өздеріңе бұйырғандардың бәрін орындағаннан кейін: — Біз небары түкке тұрғысыз малаймыз, міндетімізді ғана атқардық,— деңдер!” (Лұқа 17:7—10).

12 Иса бұл мысал арқылы Ехоба өзі үшін атқарып жатқан қызметімізді бағаламайды деп айтқысы келген жоқ. Киелі кітапта: “Құдай әділетсіз емес. Ол жасаған игі істеріңді... Өзіне де көрсеткен сүйіспеншіліктеріңді ешқашан есінен шығармайды”,— деп анық айтылған (Еврейлерге 6:10). Иса астарлы әңгімесінде құлдың өзіне ұнағанды істеп, немесе өз жағдайын жасай алмайтынын айтқысы келген. Өзімізді Құдайға бағыштап, оның құлы болуға шешім қабылдағанда, біз ең бірінші орынға өз қалауымызды емес, оның еркін қоюға келіскенбіз. Иә, Құдайдың еркін өз мүддемізден жоғары қоюға тиіспіз.

13, 14. а) Қандай жағдайларда әсіресе күш салу керек болады? ә) Неге Құдай еркін басты орынға қойғанымыз дұрыс?

13 Құдай Сөзі мен “адал да ақылды құл” беріп отырған әдебиеттерді жүйелі түрде зерттеу үшін көп тер төгу керек болуы мүмкін (Матай 24:45, ЖД). Ал оқып әдеттенбеген болсақ немесе мақалада ‘Құдайдың терең ой-мақсаттары’ талқыланатын болса, бұл бізге әсіресе қиын соғуы мүмкін (Қорынттықтарға 1-хат 2:10). Бірақ соған қарамастан жеке зерттеуге арнайы уақыт бөлгеніміз дұрыс емес пе? Өзімізді асықпай отырып зерттеуге үйретуіміз керек. Әйтпесе рухани кемеліне келгендер ғана жей алатын ‘қатты тағамдарға’ тәбетімізді аша аламыз ба? (Еврейлерге 5:14).

14 Күні бойы жұмыс істеп, үйге қалжырап жететін кездер туралы не деуге болады? Мұндай кезде қауым кездесулеріне өзімізді күштеп апаруымыз керек болар. Немесе бейтаныс адамдарға уағыздау болмысымызға жат нәрсе болуы мүмкін. Пауылдың өзі де ізгі хабарды “ықтиярсыз” жариялайтын кездеріміз болып тұратынын түсінген (Қорынттықтарға 1-хат 9:17). Алайда біз ізгі хабарды көктегі сүйікті Қожайынымыз Ехоба айтқандықтан жариялаймыз. Оның үстіне, күш жұмсап, зерттеуге уақыт бөлген соң, қауым кездесуіне және уағызға барып келген соң, қанағат сезіміне бөленіп, жігерленіп қалғанымызды сезінбейміз бе? (Забур 1:1, 2; 121:1; 144:10—13).

Арттарыңа қарап, жалтақтамаңдар

15. Иса Құдайға бағынудың қандай үлгісін қалдырды?

15 Иса Мәсіх Көктегі Әкесіне бағынатынын керемет түрде көрсетті. Ол шәкірттеріне: “Көктен өз еркімді емес, Мені жіберген Әкемнің еркін орындау үшін келдім”,— деген (Жохан 6:38). Гетсимани бағында жан азабына түскенде, ол: “О, Әкем, мүмкін болса, (қаһарыңа толы) мына “тостағанды” Маған жолата көрме. Алайда Менің емес, Сенің еркіңе сай болсын!”— деп мінажат еткен (Матай 26:39).

16, 17. а) Артымызда қалдырған нәрселерге қалай қарағанымыз дұрыс? ә) Пауыл осы дүниедегі мүмкіндіктерін “түкке тұрғысыз сыпырынды” санағанда, неге қателеспегенін түсіндіріп беріңдер.

16 Иса Мәсіх Құдайдың құлы болу шешімімізге берік болып қалғанымызды қалайды. Ол: “Артына қарай берген соқашыдай жалтақ адам Құдай Патшалығы үшін тиімсіз”,— деген (Лұқа 9:62). Құдайдың құлы болған соң, артымызға қарай бергеніміз әрине дұрыс болмайды. Керісінше, Құдайдың құлы болып, ие болған нәрселерімізді бағалауымыз керек. Пауыл філіпіліктерге: “Мен бәрін де залал деп санаймын, өйткені Ием Иса Мәсіхті жақыннан танып білу өзге нәрселерден әлдеқайда жоғары. Оған бола бұлардың бәрінен бас тартып, барлығын да түкке тұрғысыз сыпырынды санаймын да. Осылайша қабылдайтын сыйым — Мәсіхтің Өзі”,— деп жазған (Філіпіліктерге 3:8).

17 Пауыл Құдайдың құлы болып, рухани сыйға ие болу үшін қаншама нәрсені сыпырынды санап, тастап кеткені туралы ойланайықшы. Ол дүниедегі жанға жайлы өмірден ғана емес, болашақта иудаизм жетекшісі болу мүмкіндігінен де бас тартқан. Ол иудаизмді әрі қарай да ұстана бергенде, мүмкін, өзінің ұстазы Гамалиелдің ұлы Симон сияқты дәрежеге дейін көтерілер ме еді (Елшілердің істері 22:3; Ғалаттықтарға 1:14). Симон парызшылдардың арасындағы беделді тұлғаға айналып, кейбір жайттарға қатысты күмәні болғанына қарамастан, б. з. 66—70 жылдардағы яһудилердің Римге қарсы көтерілісінде жетекші рөл атқарған. Сол қақтығыста ол не Яһуди бүлікшілерінің, не Рим әскерінің қолынан қаза тапқан.

18. Рухани нәрсеге талпынудың сый әкелетінін көрсететін мысал келтіріңдер.

18 Көптеген Ехоба Куәгерлері Пауылдың үлгісіне еліктейді. Джин былай дейді: “Мектепті бітірген соң көп жыл өтпестен, Лондондағы белгілі заң қызметкерінің жауапты хатшысы болып жұмысқа тұрдым. Мен жұмысымды ұнататынмын, табысым да жақсы еді, бірақ Ехобаға көбірек қызмет етуім керек екенін іштей түсінетінмін. Ақырында жұмысымнан шығып, ізашарлық қызметті бастадым. Жиырма жылдай уақыт бұрын осындай шешім қабылдағаныма сондай қуанамын! Қанша жерден хатшы болып қызмет етсем де, ол менің өмірімді толық уақыт қызметімдей мағыналы ете алмас еді. Ехобаның Сөзі адамның өміріне қалай әсер етіп жатқанын көруден артық қанағат сезіміне бөлейтін нәрсе жоқ. Мұндай іске атсалысу көңіл толқытады. Ехобадан алғанымыз оған бергенімізден әлдеқайда асып түседі”.

19. Не нәрсеге бел бууымыз керек және неге?

19 Уақыт өте жағдайларымыз өзгеруі мүмкін. Алайда біз Ехобаның бағышталған қызметшілері әрі құлдары болып қала береміз. Ол уақытымызды, күшімізді, қабілетіміз бен басқа да мүмкіндіктерімізді өз қалауымызша қолдануға ерік берген. Осылайша, қабылдаған шешімдеріміз арқылы Құдайға деген сүйіспеншілігімізді көрсете аламыз. Сондай-ақ шешімдерімізден қандай құрбандыққа баруға дайын екеніміз көрінеді (Матай 6:33). Жағдайымыз қандай болса да, Ехобаға барымызды беруге бел бууымыз керек емес пе? Пауыл: “Біреу беруге ынталы болса, Тәңір оның тарту-таралғысын қолындағы жоғына емес, барына қарай ризашылықпен қабылдайды”,— деген (Қорынттықтарға 2-хат 8:12).

Құдайдың құлы болудың беретін өнімі

20, 21. а) Құдайдың құлы болу қандай өнім береді? ә) Ехоба барын салып қызмет ететіндерге қандай сый береді?

20 Құдайдың құлы болу ауыр емес. Керісінше, бұл бізді бақытымыздан айыратын езгіден босатады. Пауыл: “Күнәның үстемдігінен босатылып, Құдайдың қызметіне кірдіңдер [“құлы болдыңдар”, ЖД]. Бұның өнімі — Құдайдың меншігіндегі қасиетті өмір, ал түпкі нәтижесі — мәңгілік өмір”,— деп жазған (Римдіктерге 6:22). Құдайдың құлы болу арқылы мұның өнімін аламыз, өйткені өміріміз қасиетті, яғни жүріс-тұрысымыз өнегелілік жағынан таза болып, мұның пайдасын көреміз. Оның үстіне, бұл болашақта мәңгілік өмірге жеткізеді.

21 Ехоба — өз құлдарына жомарт Қожайын. Оған қызмет еткенде қолымыздан келгеннің бәрін жасайтын болсақ, ол ‘аспан қақпаларын айқара ашып, батасын бізге көл-көсір етіп төгеді’ (Малахи 3:10). Ехобаның құлдары ретінде мәңгі қызмет ете беру неткен ғажап!

Естеріңде ме?

• Неге біз Құдайдың құлдарына айналамыз?

• Құдайдың еркіне бағынатынымызды қалай көрсетеміз?

• Неге өз қалауымыздан гөрі Ехобаның еркін орындауға дайын болғанымыз жөн?

• Неге ‘артына қарай беретін жалтақ’ адам болмағанымыз дұрыс?

[14-беттегі сурет]

Исраилдіктің өз еркімен құл болуы мәсіхшілердің қандай құл екендерін жақсырақ түсінуге көмектеседі

[15-беттегі сурет]

Шомылдыру рәсімінен өткенде, Құдайдың құлдарына айналамыз

[15-беттегі суреттер]

Мәсіхшілер Құдайдың еркін басты орынға қояды

[16-беттегі сурет]

Мұса өзіне жүктелген міндетті орындауға қиналған

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу