Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w05 1.2. 23—27 бет.
  • Бүгінде аса құнды інжу-маржанды іздеу

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Бүгінде аса құнды інжу-маржанды іздеу
  • 2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Шындықты табудың қуанышы
  • Олар берілмей келеді
  • Олар ‘барлығын түкке тұрғысыз санайды’
  • Науқан аяқталып келеді
  • Патшалығының қамын ойлай беріңдер
  • ‘Інжу-маржанның аса құнды біреуін тауып алды’
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Олар ‘‘аса құнды меруертті’’ тапты
    Киелі кітап адам өмірін өзгертеді
  • ‘Ең бастысы, Оның Патшалығының қамын ойлауға ұмтылыңдар!’
    Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер
  • Жариялаушылар. Өз еркімен қызмет етіп жүргендер
    Құдай Патшалығы билік етуде!
Көбірек мәлімет
2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w05 1.2. 23—27 бет.

Бүгінде аса құнды інжу-маржанды іздеу

“Құдай Патшалығы туралы осы Ізгі хабар барлық ұлттарға паш етілу үшін күллі әлемге уағыздалатын болады” (МАТАЙ 24:14).

1, 2. а) Исаның күндеріндегі яһудилер Құдай Патшалығы туралы қандай ойда болған? ә) Иса Патшалық туралы дұрыс мәлімет беру үшін не істеді және мұның нәтижесі қандай болды?

ИСА жерге келген уақытта Құдай Патшалығы яһудилерді ерекше қызықтыратын тақырып болған еді (Матай 3:1, 2; 4:23—25; Жохан 1:49). Дегенмен алғашқыда олардың көбісінің Патшалық билігінің көлемі мен қуаты жайында толық түсінігі болмаған еді; олар бұл үкіметтің көкте орнайтынын да түсінбеген (Жохан 3:1—5). Тіпті Исаның кейбір ізбасарларының өзі Құдай Патшалығының не екенін немесе онда Исамен бірге басқару мәртебесіне ие болу үшін не істеулері керек екенін толық түсінбеген (Матай 20:20—22; Лұқа 19:11; Елшілердің істері 1:6).

2 Біртіндеп Иса шәкірттеріне Құдай Патшалығын іздеуге күш салудың маңыздылығын түсіндіру үшін шыдамдылықпен көптеген тәлім берді, оның ішінде алдыңғы мақалада талқыланған аса құнды інжу-маржан туралы астарлы әңгіме де бар (Матай 6:33; 13:45, 46; Лұқа 13:23, 24). Бұл шәкірттеріне терең әсер қалдырған болу керек, себебі Елшілердің істері кітабынан көрініп тұрғандай, көп ұзамай олар Патшалық туралы ізгі хабарды жердің шетіне дейін қажырлықпен және батыл жариялайтын болды (Елшілердің істері 1:8; Қолостықтарға 1:23).

3. Біздің күндерімізге нұсқай отырып, Иса Патшалық туралы не айтқан?

3 Бүгінгі таң туралы не деуге болады? Құдай Патшалығы басқаратын жердегі жұмақ жайында миллиондаған адамдар естіп жатыр. Осы дүниенің соңы туралы айтқан маңызды пайғамбарлығында Иса: “Құдай Патшалығы туралы осы Ізгі хабар барлық ұлттарға паш етілу үшін күллі әлемге уағыздалатын болады. Содан кейін бұл заманның ақыры келеді”,— деп ерекше көңіл бөлген болатын (Матай 24:3, 14; Марқа 13:10). Сонымен қатар ол үлкен кедергілер мен қиындықтарға, тіпті қуғын-сүргінге қарамастан, осы үлкен істің атқарылу керек екенін түсіндірген. Алайда ол жұбаныш беретін сөздерді де айтқан: “Ақырына дейін табандылық көрсеткен әркім құтқарылады” (Матай 24:9—13). Мұның бәрі Исаның астарлы әңгімесіндегі жиһанкез саудагер сияқты жанқиярлық пен берілгендік көрсетуді талап етеді. Бүгінде Патшалық үшін осындай сенім мен құлшыныс танытып жүрген адамдар бар ма?

Шындықты табудың қуанышы

4. Патшалық туралы шындық бүгінде адамдарға қалай әсер етуде?

4 Исаның астарлы әңгімесіндегі саудагер өзі үшін “аса құнды” інжу-маржанды тапқанда, қуанышында шек болмайды. Осы қуанышы оны маржанды алу үшін қолынан келгеннің бәрін жасауға талпындырады (Еврейлерге 12:1). Бүгінде Құдай мен оның Патшалығы туралы шындық та адамдарды баурап алып, іс-әрекетке талпындырады. Бұл А. Х. Макмиллан бауырластың “Шеруде көрсетілген сенім” деп аталатын кітаптағы Құдай мен оның адамзатқа қатысты еркі туралы білгісі келіп жасаған ізденістері жайында жазғандарын есімізге түсіреді. Ол былай дейді: “Менің тапқандарымды әлі күнге дейін мыңдаған адам іздеп жүр. Олар да өзіміз сияқты адамдар, себебі олар әр түрлі ұлттан, нәсілден, ортадан шыққан және әр түрлі жастағы адамдар. Шындық бет-жүзге қарамайды. Ол барлық адамдарды қызықтырады”.

5. 2004-ші қызмет жылында қандай жақсы нәтижелерге қол жеткіздік?

5 Осы сөздердің растығына көзіміз жете түсуде: жыл сайын жүздеген мың ақ жүректі адамға Құдай Патшалығы туралы ізгі хабар әсер етіп, олар өз өмірлерін Ехоба мен оның еркін орындауға бағыштауда. 2003 жылдың қыркүйегінен 2004 жылдың тамызына дейін жалғасқан 2004-ші қызмет жылы жайында да осылай деуге болады. Осы он екі айдың ішінде 235 елде 262 416 адам өздерінің Ехобаға бағышталғандықтарын көпшілік алдында шомылдыру рәсімі арқылы білдірді. Бұл елдерде Ехоба Куәгерлері Құдай Сөзіндегі мәңгілік өмірге жетелейтін шындықты әр түрлі ортадан, ұлттан, халықтан және тілден шыққан адамдардың қабыл алуына көмектесіп, апта сайын 6 085 387 Киелі кітап зерттеу сабағын өткізуде (Аян 7:9).

6. Ненің арқасында жыл сайын көптеген адам шындықты қабылдауда?

6 Мұның бәрі ненің арқасында іске асты? Осы мәңгілік өмірге “ыңғай танытқан” адамдарды Ехобаның өзі жақын тартқанында күмән жоқ (Елшілердің істері 13:48, ЖД; Жохан 6:65). Алайда Патшалықтың мүддесін іздеген адамдардың жанқиярлықтары мен қажырлы әрекеттерін де елемеуге болмайды. Жетпіс тоғыз жасында Макмиллан бауырлас былай деп жазған: “Ауру және өліп бара жатқан адамзатқа қатысты айтылған уәделерді алғаш естіген кезімнен бері көкірегімде Киелі кітап жаққан үміт әлі де әлсіреген жоқ. Мен Құдіретті Құдай Ехоба мен оның адамзатқа қатысты еркі туралы білгісі келген өзім сияқты адамдарға көмектесе алу үшін Киелі кітапта не айтылғанын көбірек біле түсуді бірден шештім”.

7. Қандай оқиға Киелі кітаптағы шындықты тапқан адамдарға тән қуаныш пен құлшынысты көрсетеді?

7 Бүгінде де Ехобаның қызметшілері осындай құлшыныс танытады. Австриядағы Вена қаласында тұратын Даньеланы алайық. Ол былай дейді: “Бала кезімнен Құдай менің ең жақын досым болған. Мен әрқашан оның есімін білгім келетін, себебі жай ғана “Құдай” дегенді тұлға ретінде қабылдай алмайтынмын. Бірақ мен Ехоба Куәгерлері келіп есігімді қаққанша, он жеті жасқа келгенге дейін күтуіме тура келді. Олар менің Құдай туралы қойған сауалымның бәріне жауап берді. Ақырында, мен шындықты таптым, бұл бір керемет еді! Қуанғаным соншалық, білгендерімді елдің бәріне айта бастадым”. Оның шаттанып жүргенін көрген мектептегі жолдастары оны күлкіге айналдырады. Даньела былай деп жалғастырады: “Мен үшін бұл пайғамбарлықтың орындалуын көргенмен бірдей болды, себебі Исаның ізбасарларын елдің бәрі жек көріп, оның есіміне бола қудалайтынын айтқаны туралы білетінмін. Мен өзімді бақытты сезіндім, әрі таңғалдым”. Көп ұзамай Даньела өмірін Ехобаға бағыштап, шомылдыру рәсімінен өтеді де, миссионерлік қызметке талпына бастайды. Тұрмыс құрған соң, Даньела Хельмут есімді күйеуімен бірге Венадағы африкалық, филиппиндік адамдарға және қытайлар мен үнділерге уағыздайды. Бүгінде Даньела мен Хельмут оңтүстік-батыс Африкада миссионерлер ретінде қызмет атқаруда.

Олар берілмей келеді

8. Қалай көп адамдар Құдайға деген сүйіспеншіліктері мен оның Патшалығына берілгендіктерін көрсетіп, батаға ие болуда?

8 Миссионерлік қызмет — Ехобаның халқының Құдайға деген сүйіспеншіліктері мен оның Патшалығына берілгендіктерін көрсетудің бір жолы. Исаның астарлы әңгімесіндегі саудагер сияқты, бұл қызметті бастаған адамдар Патшалықтың мүддесін іздеп, алыс жерлерге сапар шегуге дайын. Әрине, бұл миссионерлер Патшалық туралы ізгі хабарды іздеп емес, адамдарды оқытып, Иса Мәсіхтің шәкірттері болуға көмектесу үшін алыс елдерге сапар шегеді (Матай 28:19, 20). Көп елдерде олар үлкен қиындықтарға төтеп берулеріне тура келеді. Бірақ төзімділіктерінің игілігін көріп жатады.

9, 10. Орталық-Африка Республикасы сияқты алыс елдердегі миссионерлер қандай әсерлі оқиғаларды бастарынан кешіреді?

9 Мысалы, Орталық-Африка Республикасында өткен жылы Еске алу кешіне 16 184 адам келген. Бұл сан сол елдегі жариялаушылардан шамамен жеті есе көп. Бұл елдің көп жерінде электр жарығы болмағандықтан, әдетте, ондағы адамдар тірліктерін есіктің алдындағы ағаштың көлеңкесінде істейді. Сондықтан миссионерлер де өз жұмыстарын, яғни Киелі кітап зерттеу сабағын, осылайша есіктің алдындағы ағаштың көлеңкесінде жүргізеді. Даланың артықшылығы жарықтығы мен салқындығында ғана емес. Бұл елде адамдар Киелі кітапты қатты сыйлайды және басқа елдерде спорт пен ауа райын қалай сөз қылса, бұл жақта да діни тақырыптарды солай сөз қыла береді. Көбінесе өтіп бара жатқан адам не болып жатқанын байқап қалса, Киелі кітап зерттеу сабағына келіп қосыла кетеді.

10 Бір жолы миссионер осылай далада Киелі кітап зерттеу сабағын жүргізіп отырғанда, көшенің арғы бетінде тұратын бір жігіт жандарына келеді де, өзіне әлі ешкім келмегендіктен, миссионер үйіне келіп, онымен Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға тиіс екенін айтады. Әрине, миссионер бұған қуана-қуана келіседі, ал жігіт қазір рухани жылдам өсуде. Ол елде полицейлер Куәгерлердің көлігін жиі тоқтатады. Бірақ оларды сотқа шақырып немесе айып төлету үшін емес, “Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар!” журналдарының соңғы сандарын сұрауға немесе өздеріне ерекше ұнаған мақала үшін ризашылықтарын білдіруге тоқтатады.

11. Қиындықтарға қарамастан, ұзақ уақыт қызмет атқарып келе жатқан миссионерлер қызметтері туралы не ойлайды?

11 Миссионерлік қызметті 40—50 жыл бұрын бастағандардың көбісі әлі күнге дейін адал қызмет етіп жүр. Неткен сенім мен табандылық! Бұл бәріміз үшін үлгі болып табылады. Бір ерлі-зайыпты миссионерлер үш елде 42 жылдан аса қызмет еткен. Күйеуі былай дейді: “Қиындықтар да болып тұрады. Мысалы, біз 35 жыл бойы малярия ауруымен күрестік. Сонда да миссионер болғанымызға ешқашан өкінген емеспіз”. Оның әйелі былай деп қосады: “Риза болатын нәрселер әрқашан көптеп табылады. Танапта қызмет ету сондай қуанышты, Киелі кітапты зерттеу сабағын бастау да оңай. Өзің оқытып жүрген адамдардың кездесуге келіп, бір-бірімен танысып жатқанын көрген сайын өз отбасымыздағы адамдардың бас қосуына ұқсап кетеді”.

Олар ‘барлығын түкке тұрғысыз санайды’

12. Патшалықты шын бағалайтынын адам қалай көрсетеді?

12 Маржан іздеуші саудагер аса құнды маржанды тауып алғанда, “ол [“дереу барып”, ЖД] өзінде бардың бәрін түгел сатып, сол асыл інжуге ие болады” (Матай 13:46). Осылай өзіндегі құнды деп есептеген нәрсесінен еш қиналмастан бас тарту — Патшалықты шын бағалайтын адамдарға тән әрекет. Мәсіхпен бірге патшалық ететін елші Пауыл былай деген: “Мен бәрін де залал деп санаймын, өйткені Ием Иса Мәсіхті жақыннан танып білу өзге нәрселерден әлдеқайда жоғары. Оған бола бұлардың бәрінен бас тартып, барлығын да түкке тұрғысыз сыпырынды санаймын. Осылайша қабылдайтын сыйым — Мәсіхтің Өзі” (Філіпіліктерге 3:8).

13. Чех Республикасында тұратын бір кісі өзінің Патшалықты жақсы көретінін қалай көрсетті?

13 Сол сияқты бүгінде де көп адам Патшалықтың батасын алу үшін өмірлерінде үлкен өзгерістер жасауға дайын. Мысалы, 2003 жылдың қазанында Чех Республикасында тұратын 60 жастағы мектеп директоры Киелі кітап зерттеуге арналған “Мәңгілік өмірге алып баратын білім” деген кітапты оқып шығып, Киелі кітап зерттеу сабағын бастау үшін бірден жергілікті Ехоба Куәгерлерімен байланысады. Ол жақсы рухани жетістіктер жасайды да, көп ұзамай барлық кездесулерге барып тұрады. Бірақ оның алдымен қаланың мэрі, одан соң сенатор болу үшін сайлауға түсу жоспары не болды? Ол өз күшін басқа нәрсеге — Патшалықтың жариялаушысы болуға — арнауды шешті. Ол былай дейді: “Менің мектептегі оқушыларға Киелі кітапқа негізделген көп әдебиеттер тарататын мүмкіндігім болды”. Ол өзін Ехобаға бағыштап, 2004 жылдың шілде айында шомылдыру рәсімінен өтті.

14. а) Патшалық туралы ізгі хабар миллиондаған адамдарды неге талпындырады? ә) Әрқайсымыз өзімізге қандай сұрақтар қойғанымыз дұрыс?

14 Дүние жүзіндегі басқа да миллиондаған адамдар Патшалық туралы ізгі хабарды осылай қабыл алған. Олар зұлым дүниеден шыққан, өздерінің ескі болмыстарынан, араласатын орталарынан және осы дүниедегі мақсаттарынан бас тартқан (Жохан 15:19; Ефестіктерге 4:22—24; Жақып 4:4; Жоханның 1-хаты 2:15—17). Неге олар бұлай әрекет етуде? Себебі олар Құдай Патшалығының беретін баталарын осы дүние бере алатын кез келген нәрседен артық көреді. Патшалық туралы ізгі хабар саған да осылай әсер етті ме? Ол сені өмір сүру қалпыңды, құндылықтарыңды және мақсаттарыңды Ехобаның талаптарына сай келтіру үшін қажетті өзгерістер жасауға талпындыра ма? Осылай еткенің өміріңе қазір де, болашақта да мол баталар әкеледі.

Науқан аяқталып келеді

15. Құдай халқының соңғы күндердегі әрекетіне қатысты қандай пайғамбарлық айтылған?

15 Забур жыршысы: “Шайқасқа шыққан күніңде әскерің саған еруге дайын тұр”,— деп жазған. ‘Дайын тұрған’ әскердің арасында ‘жас жігіттер’ мен “жариялаушы әйелдердің өте үлкен тобыры” бар (Забур 67:12; 109:3, сілтемені қараңдар). Ехобаның ерлер мен әйелдерден, жастар мен кәрілерден құралған халқының құлшынысы мен жанқиярлығы қандай нәтижелерге жеткізуде?

16. Құдайдың қызметшілерінің басқаларға Патшалық туралы білім беруге қалай тырысып жатқанынан мысал келтіріңдер.

16 Үндістандағы бір ізашарды өз еліндегі екі миллионнан аса саңырау адамға Патшалық туралы ізгі хабарды қалай жеткізуге болатыны туралы ой мазалайды (Ишая 35:5). Ол ым тілінің курсына жазылуды шешеді. Курс оқып жүріп, ол Патшалық туралы хабарды көптеген саңырау адамдарға жеткізеді де, нәтижесінде бірнеше Киелі кітап зерттеу топтары құрылады. Бірнеше ғана аптаның ішінде көп адам Патшалық Сарайындағы қауым кездесулеріне келе бастайды. Кейінірек бір үйлену тойында бұл бауырлас көптеген сұрақтары бар және Ехоба жайында көбірек білгісі келетін Калькуттадан келген бір саңырау жігітпен танысады. Алайда бір қиындық бар еді. Бұл жігіт университетке түсу үшін 1 600 шақырым қашықтықтағы Калькуттаға қайта жол жүру керек екен, ал онда ым тілін білетін Куәгерлер жоқ еді. Киелі кітап зерттеу сабағын жалғастыра алу үшін ол әкесіне жалынып-жалбарынып жатып, Бангалорда оқуға рұқсат алады. Ол рухани жақсы қадамдар жасайды да, шамамен бір жылдан соң өмірін Ехобаға бағыштайды. Одан соң ол да, өзінің бірге өскен досын қоса алғанда, көптеген саңырау адамдармен Киелі кітап зерттеу сабағын жүргізеді. Қазір Үндістандағы филиал сол аймаққа көмектесе алу үшін ізашарлардың ым тілін үйренулеріне шаралар ұйымдастыруда.

17. 19—22 беттерде көрсетілген 2004-ші қызмет жылындағы жетістіктердің әсіресе қайсысы жігерлендірді?

17 Осы журналдың 19—22 беттерінде Ехоба Куәгерлерінің 2 004-ші қызмет жылында дүние жүзі бойынша атқарған істері туралы есеп бар. Дүние жүзі бойынша Ехобаның халқының бүгінде аса қымбат інжу-маржанды қалай жан-тәндерімен іздеп жатқандарын өз көзіңмен көруге неге біраз уақыт бөлмеске?

Патшалығының қамын ойлай беріңдер

18. Исаның жиһанкез саудагер туралы астарлы әңгімесінде не жайлы сөз қозғалмайды және неге?

18 Саудагер жайындағы астарлы әңгімесіне қайта оралар болсақ, Иса бұл саудагердің өзіндегінің бәрін сатып жіберген соң, өзін қалай асырайтынына қатысты ештеңе айтпаған. Олай болса, біреудің: “Қаржыдан жұрдай болған саудагер тамақ, киім және баспана жайын қайтпекші? Бұл асыл тастан ол не пайда көрмекші?”— деп сұрауы мүмкін. Тәндік көзқарасты ұстанатындарға мұндай сұрақ қою қисынды көрінер. Бірақ Иса шәкірттерін мынаған шақырған: “Ең бастысы, Оның Патшалығының қамын ойлап, Оның әділ еркін орындауға ұмтылыңдар [“әділдігін іздеуді жалғастыра беріңдер”, ЖД]! Сонда көктегі Әкелерің сендерге бұлардың бәрін қосып береді” (Матай 6:31—33). Астарлы әңгіменің басты ойы — Құдайға жан-тәніңмен берілу және Патшалық ісін атқаруға белсенді атсалысу керектігі. Бұдан өзіміз үшін қандай сабақ аламыз?

19. Исаның аса құнды інжу-маржан жайындағы астарлы әңгімесінің басты ойы қандай?

19 Керемет ізгі хабармен жаңадан таныссақ та, Патшалықтың қамын ойлап, басқаларға оның мәңгілік баталары туралы айтып жүргенімізге ұзақ уақыт болса да, бар назарымызды Патшалыққа тігуді жалғастыра беруіміз керек. Біз қиын-қыстау уақытта өмір сүрудеміз, бірақ біздің мақсатымыз талпынуға тұрарлық және саудагердің тауып алған інжу-маржаны секілді баға жетпес құнды екеніне сенуімізге барлық негіз бар. Дүниедегі жағдайлар мен орындалған пайғамбарлықтар — ‘заманның ақырында’ өмір сүріп жатқанымыздың бұлтартпас дәлелі (Матай 24:3). Інжу-маржан іздеуші саудагер сияқты Құдай Патшалығын бағалап, қуанышпен ізгі хабарды таратайық (Забур 9:2, 3).

Естеріңде ме?

• Жылдан жылға шынайы ғибадат етушілердің саны ненің арқасында өсуде?

• Миссионерлер қандай рух танытуда?

• Патшалық туралы ізгі хабар әсер еткен адамдар қандай өзгерістер жасауда?

• Исаның аса құнды інжу-маржан туралы астарлы әңгімесінен қандай маңызды сабақ аламыз?

[19-22-беттердегі кесте]

ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІНІҢ 2004 ҚЫЗМЕТ ЖЫЛЫНЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕСЕБІ

(Толық мәтінді басылымнан қара)

[24-беттегі сурет]

“Шындыққа... барлық адамдар талпынады” (А. Х. Макмиллан)

[25-беттегі сурет]

“Әскерің саған еруге дайын тұр”

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу