Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w05 1.1. 29—32 бет.
  • Құдайға жақпайтын әдет-ғұрыптардан сақ болыңдар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдайға жақпайтын әдет-ғұрыптардан сақ болыңдар
  • 2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Өлген адам қандай жағдайда болады?
  • Туылу және нәрестеге есім беру рәсімі
  • Өлімнен өмірге өту
  • Қысымға төзу
  • Қайта тірілу Құдайды мадақтайды
  • Мәсіхшілердің жерлеу рәсімі қарапайым, лайықты әрі Құдайға ұнамды түрде өтеді
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Өлім туралы шындықты бекем ұстаныңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Өзіңізді зұлым рухтардан қорғаңыз
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ехоба куәгерлерінің жерлеу рәсіміне қатысты көзқарасы
    Ехоба куәгерлері жөнінде жиі қойылатын сұрақтар
2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w05 1.1. 29—32 бет.

Құдайға жақпайтын әдет-ғұрыптардан сақ болыңдар

АФРИКАНЫҢ шыжыған күнінің астында, шағын аулада ашық табыт жатыр. Жерлеуге келгендер оның жанынан қаз қатар өтіп, жоқтап, қайғыларын білдіруде. Бір қарт кісі келіп тоқтады. Оның көздері қайғыға толған, ол өлген адамның бетіне еңкейіп, былай деп сөзін бастады: “Неге сен маған кететініңді айтпадың? Неге осылай мені тастап кеттің? Енді қайтып оралғаныңда, маған көмек беруіңді доғармайсың ба?”

Африканың өзге бір шетінде дүниеге сәби келді. Оны ешкімге көруге рұқсат етілмейді. Оны көпшіліктің алдына тек біраз уақыттан соң ғана алып шығып, есім беру рәсімі жасалады.

Кейбіреулерге өлген адамдармен сөйлесу немесе жаңа туылған сәбиді өзгелердің көзінен жасыру қызық көрінуі мүмкін. Сонда да кейбір ел тұрғындарының өлген адам шындығында тірі және бәрін түсінеді деген нанымдары өлім мен туылуға қатысты көзқарастары мен әрекеттеріне қатты әсер етеді.

Бұл нанымның күштілігі соншалықты осыған қатысты әдет-ғұрып пен рәсімдер адам өмірінің барлық салаларына дерлік ықпал етеді. Мысалы, миллиондаған адамдар өздерінің өміріндегі маңызды кезеңдерді — дүниеге келу, есею, үйлену, балалы болу және өмірден өту — ата-баба рухының патшалығына апаратын өткелдер деп сенеді. Бұл сенім бойынша, өлген адам өзінің артына қалдырып кеткендердің өміріне одан әрі де зор ықпал ете береді. Ал қайта туылу арқылы ол бұл өмір шеңберін әрі қарай да жалғастыра алады.

Шеңбердің әр деңгейінен қиналмай өту үшін көптеген әдет-ғұрыптар мен рәсімдер орындалады. Бұл әдет-ғұрыптар өлгеннен кейін біздің ішіміздегі бір нәрсе одан әрі өмірін жалғастырады деген сенімге негізделген. Шынайы мәсіхшілер мұндай наныммен байланысты барлық әдет-ғұрыптардан аулақ жүреді. Неге?

Өлген адам қандай жағдайда болады?

Киелі кітап өлген адамның жағдайын айқын суреттейді. Онда қарапайым анықтама беріледі: “Тірілер өлетінін біледі, ал өлілер ештеңе білмейді... Олардың сүйіспеншілігі де, олардың өшпенділігі де, олардың қызғанышы да енді ғайып болды... Сен баратын молада, іс те, ой шолу да, білім де, даналық та жоқ” (Екклесиаст 9:5, 6, 10). Құдайға шынайы ғибадат етушілер Киелі кітаптың бұл шындығын жоғары бағалайды. Олар өлген адамның рухы одан әрі өмір сүрмейтінін біледі (Забур 89:4). Ерте заманда Ехоба халқына аруақтарға және олардың тірілерге ықпалы бар деген наныммен байланысты кез келген әдет-ғұрып пен салт-жорадан өздерін аулақ ұстауды қатаң бұйырған (Заңды қайталау 14:1; 18:9—13; Ишая 8:19, 20).

Бірінші ғасырдағы мәсіхшілер де жалған діндердің ілімдерімен байланысты барлық дәстүрлі әдет-ғұрыптар мен жораларға жоламаған (Қорынттықтарға 2-хат 6:15—17). Бүгінде нәсіліне, руына, шығу тегіне қарамастан Ехоба Куәгерлері де аруақтар бар деген жалған ілімдермен байланысты әдет-ғұрыптардан алшақ жүреді.

Біз, мәсіхшілер, қандайда бір әдет-ғұрыпты ұстануға болатын-болмайтынын шешкенде нені басшылыққа аламыз? Біз мұндай ғұрыптың Киелі кітапқа жатпайтын қандайда бір іліммен, мысалы, өлгендердің рухы тірілерге ықпал ететіндігі жайындағы наныммен, байланысы бар-жоғын мұқият тексеруіміз керек. Сонымен қатар мұндай әдет-ғұрып немесе рәсімге қатысуымыз Ехоба Куәгерлерінің сенімі және ілімімен таныс адамдарды жаңылыстыруы мүмкін екендігін ескеруіміз қажет. Осыған орай, өлім және туылу жөнінде екі мәселені қарастырайық.

Туылу және нәрестеге есім беру рәсімі

Нәрестенің туылуы көптеген әдет-ғұрыптармен байланысты. Алайда туылуды ата-баба рухтарының патшалығынан тірілердің дүниесіне өту деп қарастыратын жерлерде шынайы мәсіхшілер абай болулары керек. Мысалы, Африканың кейбір аймақтарында жаңа туылған нәрестені белгілі бір уақыт өтпейінше үйден шығармайды және есім де берілмейді. Бұл күту уақытының көлемі аймақтарға байланысты әр түрлі болады, соңынан сәбиге есім беру рәсімі жасалып, оны сыртқа шығарып, туыстары мен достарына көрсетеді. Сол кезде нәрестенің есімі келген адамдарға ресми түрде жарияланады.

Бір кітапта аталмыш рәсімнің мәні түсіндіріліп, былай делінген: “Өмірінің алғашқы жеті күнінде нәресте “қонақ” болып, әрі рухтар патшалығынан тірілер дүниесіне ауысады... Әдетте, баланы үйде ұстайды және туыстарынан басқа адамдарға оны көруге рұқсат етілмейді” (Ghana — Understanding the People and Their Culture).

Нәрестеге есім қоймай күтудің мәні неде? Басқа бір кітапта бұны: “Сегізінші күнге дейін сәби адам болып саналмайды. Ол әлі өзі келген рухтар патшалығынан толығымен байланысын үзбейді”,— деп түсіндіреді. Кітапта әрі қарай: “Балаға берілген есім, былайша айтқанда, оны адам ететіндіктен, ата-анасы баласының өмір сүретіндігіне сенімді болмайынша, оған есім беруді кештете береді... Кейде баланы жұртшылыққа таныстыру деп те аталатын осы ауысу рәсімінің нәресте үшін де, оның ата-анасы үшін де ерекше мәні бар деп есептеледі. Бұл рәсімнің мәні нәрестені қоғамға немесе тірілер дүниесіне өткізу болып табылады”,— делінген (Ghana in Retrospect).

Әдетте, сәбиге есім қою рәсімін отбасындағы қария жүргізеді. Аймақтарға байланысты кейбір тұстары өзгергенімен, негізінен рәсім барысында сұйық тартулар құйылады, әрі баланың аман-есен өткеніне ризашылық білдіріп, жақындарының рухтарына арнап дұға айтылады және тағы да басқа рәсімдер орындалады.

Нәрестеге есім беретін кез рәсімнің негізгі бөлігі болып табылады. Оған есім беру ата-анасының құзырында болғанымен, жиі туыстарының да ықпалы күшті болып отырады. Кейде есімдер жергілікті тілде, мысалы, “кеткен және оралған”, “шешем екінші рет келді” немесе “әкем қайта келді” деген белгілі бір мағыналар береді. Ал кейбір есімдер ата-бабалары жаңа туылған сәбиді қайтадан өлгендер дүниесіне алмаса екен деген өтініштерді білдіреді.

Әрине, баланың туылғанына қуанғанда тұрған ештеңе жоқ. Сәбиге біреудің атын немесе туылған мезеттегі жағдайларды ескеріп ат қою қалыпты жағдай әрі есімді қашан беруді ата-аналар жергілікті заң орындарының талабын ескере отырып, өздері шешеді. Бірақ Құдайға жағымды болғысы келетін мәсіхшілер өзгелер жаңа туылған нәрестені аруақтар әлемінен тірілер дүниесіне келген “қонақ” деп қабылдайтын барлық әдет-ғұрыптар мен рәсімдерден аулақ жүреді.

Сондай-ақ көпшілік есім беру рәсімін маңызды ауысу ғұрпы деп есептегендіктен, мәсіхшілер басқалардың ар-ұжданы мен оларда туындайтын пікірлерді ескерулері керек. Мысалы, мәсіхші отбасы жаңа туылған сәбиіне есім бергенше адамдардың көзінен жасырса, онда өзгелер қандай ойда қалуы мүмкін? Егер нәрестеге қойған есімдері Киелі кітаптағы шындықты үйрететін тәлімгер екендіктеріне қарама-қайшы келсе, басқаларға бұл қалай әсер етер еді?

Демек, мәсіхшілер нәрестесіне қашан және қандай есім беру керектігін шешкенде, ‘бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеуге’ тырысады, өйткені басқаларды жаңылыстырғылары келмейді (Қорынттықтарға 1-хат 10:31—33). Олар өлгендерді қастерлеу үшін ғана ойлап табылған ‘дәстүрлерді сақтау үшін Құдайдың өсиеттерін’ ысырып тастамайды. Керісінше, құрмет пен даңқты тірі Құдай Ехобаға көрсетеді (Марқа 7:9, 13).

Өлімнен өмірге өту

Көпшілік өлімді де туылу сияқты бір күйден екіншісіне ауысу деп есептейді; адам өлгенде көрінетін дүниеден көзге көрінбейтін өлгендер рухтарының патшалығына өтеді. Көбісі өлген адамның жерлеуге байланысты рәсімдері мен ғұрыптарын орындамаса, тірілерді жазалайтын немесе қолдайтын құдіреті бар аруақтардың ашуланатынына сенеді. Бұл наным жерлеуді ұйымдастыруға және өткізуге қатты әсер етеді.

Қайтыс болған адамды тыныштандыруға арналған жерлеу — сезімдердің жиі бір шегінен екінші шегіне шығуымен өтеді, мысалы, табыттың жанындағы сұмдық жоқтау мен дауыс шығару жерлегеннен кейінгі қуаныш пен той-думанға дейін ұласады. Мұндай жерлеу салтанаттары жиі жүгенсіз тойлау, мас болу, әрі шулы әуенге билеумен сипатталады. Жерлеуге мән беру соншалықты тіпті мұқтаждыққа немесе қарызға батуға әкелсе де, ең жарлы отбасыларының өзі “лайықты жерлеу” өткізуге жеткілікті қаржы жинауға көп күш салады.

Көптеген жылдар бойы Ехоба Куәгерлері Киелі кітапқа жат жерлеу әдет-ғұрыптарын түбегейлі әшкерелеп келедіa. Бұл әдет-ғұрыптарға түні бойы мәйіттің жанында болу, сұйық тартулар әкелу, өлген адаммен сөйлесу мен өтініштерін айту және жылын беру, сонымен қатар аруақтардың барына деген нанымға негізделген тағы басқа да әдет-ғұрыптар кіреді. Құдайды масқаралайтын мұндай әдет-ғұрыптар “адамдар ойлап шығарған аңызға” негізделген арам, пайдасыз ілімге жатады, әрі Құдай Сөзіндегі шындыққа сай келмейді (Ишая 52:11; Қолостықтарға 2:8).

Қысымға төзу

Кейбіреулер үшін дәстүрлі әдет-ғұрыптарға қатыспау, әсіресе өлген адамдарға құрмет көрсету аса маңызды болып табылатын елдерде, өте қиын. Осындай әдет-ғұрыптарға қатыспағандықтан, Ехоба Куәгерлеріне күдікпен қарап немесе өлгендерді құрметтемейді деп айыптап жатады. Сын көзқарас пен қатты қысым көргеннен кейбіреулер Киелі кітаптың шындығын дұрыс түсінсе де, өзгелерден ерекшеленуге жасқанады (Петірдің 1-хаты 3:14). Ал басқалары бұл әдет-ғұрыптарды өз мәдениетінің бөлігі, сондықтан олардан толығымен бас тарту мүмкін емес деп есептейді. Өзгелері болса әдет-ғұрыптарды орындамаса, басқаларды Құдай халқына жауластырып аламыз деп ойлайды.

Әрине, біз ешкімді ренжіткіміз келмейді. Бірақ шындық жағында тұру Құдайдан безген дүниеге жек көрінішті қылатынын Киелі кітап бізге ескертеді (Жохан 15:18, 19; Тімотеге 2-хат 3:12; Жоханның 1-хаты 5:19). Біз рухани түнектегілерге ұқсамауымыз керек екенін білгендіктен, мұндай қадамды саналы түрде жасаймыз (Малахи 3:18; Ғалаттықтарға 6:12). Құдайға жағымсыз істерді істеуге қысым көрсетілгенде, біз де Шайтанға қарсы тұрған Иса сияқты болуымыз керек (Матай 4:3—7). Шынайы мәсіхшілер адамдар алдындағы қорқынышқа бой алдырмай, керісінше, ең алдымен, Ехоба Құдайға ұнамды болуға ұмтылып және шындықтың Құдайын мадақтайды. Олар бұны өзгелердің қысымына бола Киелі кітаптағы шынайы ғибадаттың нормаларын бұзбайтындықтарымен көрсетеді (Нақыл сөздер 29:25; Елшілердің істері 5:29).

Қайта тірілу Құдайды мадақтайды

Жақсы көретін адамымыз қайтыс болғанда, қатты күйзеліп, қайғыру орынды нәрсе (Жохан 11:33, 35). Жақсы көрген адамыңды ұмытпау, оны құрметпен және лайықты түрде жерлеу оған көрсеткен сүйіспеншілік болып табылады. Алайда Ехоба Куәгерлері зор қайғыға душар болса да, Құдайға ұнамсыз болатын дәстүрлі ғұрыптар жасамайды. Адамдар өлгендерден қатты қорқатын жерлерде туып-өскендер үшін бұл оңай емес. Жақын адамыңның өліміне қатты күйзелген шақта сабырлық сақтау өте қиын болуы мүмкін. Соған қарамастан адал мәсіхшілер “жұбаныш атаулының қайнар көзі” Ехобадан күш алып, әрі сүйіспеншілікпен көрсеткен бір сенімдегі бауырластарының көмегін қабыл алады (Қорынттықтарға 2-хат 1:3, 4). Қайтыс болғандар Құдайдың есінде екендігі және болашақта қайта өмірге келетініне деген олардың берік сенімдері мәсіхшілікке жат әрі қайта тірілуді жоққа шығаратын жерлеуге байланысты барлық әдет-ғұрыптардан аулақ болуға көмектеседі.

Ехобаның бізді “қара түнектен тамаша нұрына” шақырғаны шаттық сезіміне бөлейді емес пе? (Петірдің 1-хаты 2:9). Нәресте туылып қуансақ та, жақынымыздан айырылып қайғырсақ та, біздің дұрыс әрекет етуге деген зор ықыласымыз бен Ехоба Құдайға деген терең сүйіспеншілігіміз әрқашан ‘нұрдың адамдары болып әрекет етуге’ талпындырсын. Мәсіхшілікке жат әдет-ғұрыптардың бізді рухани ластап, Құдайға ұнамсыз етуіне ешқашан жол бермейік (Ефестіктерге 5:8).

[Сілтеме]

a Ехоба Куәгерлері басып шығарған брошюраларды қараңыз. Олар: “Өлген адамдардың рухтары саған көмектесіп немесе қиянат жасай ала ма? Олар шынымен бар ма?” (ор.) және “Өлген соң адаммен не болады?”.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу