Қанағатсыздық
“Егер қанағат болмаса, көзіміз ештеңеге тоймайтын болады” — “Уорлдуотч” институтының мәлімдемесі.
“БІЗ не қалаймыз? Бәрін. Оларды қашан алғымыз келеді? Қазір”. Бұл ұран 1960 жылдары кейбір колледж студенттерінің арасында кеңінен тараған еді. Бүгінде тура мұндай сөздерді естімейтін шығармыз, бірақ бұл сөздердің астарында жатқан ой бар. Шынында да, қанағатсыздық біздің заманымыздың ерекшелігі сияқты.
Көп адамның өмірінде байлық пен дүние бірінші орынға шығып келе жатыр. Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Джимми Картер бірде былай деген: “Адамды істеп жатқандарынан гөрі, неге ие болғанына қарап сыйлайтын болды”. Дүниеден де құнды нәрселер бар ма? Бар болса, бұл қандай нәрселер және бұлар қандай пайда әкелуі мүмкін?