Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w04 1.1. 3—5 бет.
  • Соғыстың соңы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Соғыстың соңы
  • 2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Оларды өлтіруге үйреткен
  • Соғысуға емес, бейбітшілікке үйрену
  • Жер жүзіне орнайтын бейбітшілікке кепілдік
  • «Бейбітшілік уақыт» жақын!
    1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Соғыс
    Ояныңдар! 2017
2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w04 1.1. 3—5 бет.

Соғыстың соңы

“Біздің жасымыз бар болғаны 12-де. Біз саясат пен соғысқа әсер ете алмаймыз, бірақ біздің өмір сүргіміз келеді! Біз бейбітшілікті күтудеміз. Біз ол күнді көрер ме екенбіз?” — Бесінші сынып оқушылары.

“Біз ұрлап кетеді деп қорықпастан мектепке барғымыз келеді, достарымызға, отбасымызға барғымыз келеді. Мен үкімет басшылары назар аударады деп үміттенем. Біз жақсы өмірдің болғанын қалаймыз. Біз бейбітшілікті қалаймыз.” — Он төрт жасар Алхажи.

ОСЫ әсерлі сөздер жылдар бойы азамат соғысының зардабын тартқан жастардың жүректеріндегі қалауын білдіреді. Олардың бәрі ел қатарлы тыныш өмір сүргісі келеді. Бірақ үміттенген нәрсені іске асыру оңай емес. Соғыссыз өмір сүретін кез келе ме?

Соңғы жылдары өштескен екі жақты қыспаққа алып, бітімгершілік келісімін жасату арқылы кейбір азамат соғыстарын тоқтатуға халықаралық деңгейде күш салынды. Сол келісімді жүзеге асыру үшін кейбір елдер бітімгершілік күштерін жіберген. Бірақ бойларына терең енген өшпенділік пен күмән кез-келген келісімді түкке тұрғысыз ететін алыс жатқан мұндай елдерге қамқорлық жасағысы келетін немесе қаражат бөлетін елдер аз. Жиі атыс тоқталды деп жариялаған соң бірнеше апта немесе ай өтпей-ақ ол қайта жанданады. Стокгольм халықаралық әлем проблемаларын зерттеу институтының мәлімдеуінше, “әскери адамдардың соғысты жалғастыра бергілері келсе, әрі оған күші жетіп тұрса, бейбітшілікке қол жеткізу өте қиын”.

Дегенімен, көп жерлердің берекесін қашырған осы соғыстар мәсіхшілердің есіне Киелі кітаптың пайғамбарлығын салады. Аян кітабында ‘жер бетіндегі бейбітшілікті жоятын’ бейнелі салт атты адам келетін қиын-қыстау күндер туралы айтылады (Аян 6:4). Осы алдын ала айтылған толассыз соғыс, біздің Киелі кітапта “соңғы күндер” деп аталған уақытта өмір сүріп жатқанымызды білдіретін белгінің бір бөлігін құрайдыa (2 Тімотеге 3:1). Алайда Құдай Сөзінде “соңғы күндер” өткен соң бейбіт өмірдің орнайтыны айтылады.

Забур 45:10-да айтылғандай шынайы бейбітшілік болу үшін, соғыс бір жерде ғана емес, бүкіл жер шарында тоқталу керек. Осы забурда Киелі кітаптың уақытындағы қарулардың — садақ, найза және күймелердің қирайтыны жайында айтылады. Егер адамзат бейбіт өмір сүргісі келсе, қазіргі қарулар да жойылу керек.

Ақырында, соғысты оқ пен мылтықтан да қатты ушықтыратын өшпенділік пен ашкөздік те жойылады. Ашкөздік немесе тойымсыздық соғыстың басты себебі, ал өшпенділік жиі зорлыққа итермелейді. Осы зиянды сезімдерден толығымен арылу үшін, адамдар өздерінің ой-қалпын өзгертулері керек. Олар бейбіт өмір сүруді үйренулері керек. Себебі Ишая пайғамбар халықтар ‘соғысуды тіптен үйренбейтін’ болғанда ғана соғыстың тоқталатынын анық айтқан (Ишая 2:4).

Бірақ біз қазір үлкендерді де балаларды да бейбітшілікті бағалауға емес, соғысты дәріптеуге үйрететін дүниеде өмір сүрудеміз. Тіпті балаларды өлтіруге үйретіп жатқаны өкінішті.

Оларды өлтіруге үйреткен

Он төрт жасында Алхажи әскер қатарынан шығады. Бүлікшілер жасағы оны қолға түсіріп, АК-47 автоматымен шабуыл жасауға үйреткенде, ол бар болғаны он жаста ғана болатын. Әскерге күштеп алынған ол тонау арқылы тамақ тауып, үйлерді өртеумен айналысты. Сонымен қатар ол адамдарды жарақатап не өлтіріп кететін. Қазір оған өткен қантөгістерді ұмытып, қалыпты өмірге оралу қиын соғып жатыр. Абрахам есімді басқа бала да адам өлтіруді үйренген және қаруын өткізгісі келмей қарсыласқан болатын. Ол былай дейді: “Егер қаруыңды тастап, кет десе, мен не істерімді, қалай тамақ тауып жеймін”.

Біздің жеріміздің мазасын қашырған азаматтық соғыстарда 300 000-нан аса әскер қатарындағы ұлдар мен қыздар әлі күнге дейін шайқасуда және өлуде. Көтерілісшілердің бір басшысы былай түсіндіреді: “Балалар тәртіпке бағынады; олар әйелдеріне немесе отбасына қайтуды ойламайды; және олар қорқуды білмейді”. Сонда да бұл балалар жақсы өмірді аңсайды және оған лайық та.

Дамыған елдерде әскер қатарындағы балалардың болуы миға симайтындай болып көрінуі мүмкін. Бірақ, батыста да көптеген балалар өздерінің жайлы үйлерінде отырып-ақ соғысуды үйренуде. Қалайша?

Испанияның оңтүстік шығысындағы Хосені мысалға алайық. Ол шығыс жекпе-жегімен айналысқанды ұнататын жасөспірім болатын. Оның жақсы көретін заты — әкесі жаңа жылға сатып әперген самурайдың қайқы қылышы болатын. Ол бейнеойындарды, әсіресе қатігез ойындарды да жақсы көретін. 2000 жылдың 1 сәуірінде ол кейіпкерінен көрген жауыздығын өмірінде іске асырды. Қатігездігі ұстап, шегіне жеткен ол, сол әкесі силаған қылышпен өз әкесін, шешесін және қарындасын өлтіреді. “Мен әлемде жалғыз қалғым келді; әке-шешемнің мені іздегенін қаламадым”,— деп түсіндірді ол полиция қызметкеріне.

Қатігез көріністердің әсерін түсіндіре отырып, әскери офицер және бір еңбектің авторы Дав Гросмэн былай дейді: “Біздің сезімдеріміздің мұқалғаны соншалық, біреуді азапқа салу мен қатігездік көңіл көтерудің негізгі көзіне айналды: біреудің істегенінен жиренудің орнына оған рахаттанамыз. Біз өлтіруді, содан қанағат алуды үйреніп жатырмыз”.

Алхажи де, Хосе де адам өлтіруді үйренген. Екеуі де кісі өлтіруші болғысы келген жоқ, бірақ әрқалай жолмен ұрысуды үйренгені олардың ой-саналары бұрмаланған болатын. Ал мұндай нәрсені үйрену баланы да, үлкенді де зорлық пен соғысқа итермелейді.

Соғысуға емес, бейбітшілікке үйрену

Адамдар өлтіруді үйреніп жатқанда, бейбітшілік ешқашан тұрақты болмайды. Бірнеше ғасыр бұрын Ишая пайғамбар: ‘Егер өсиеттеріме (Құдайдың) құлақ ассаңдар ғой! Сонда сендердегі амандық пен тыныштық сарқылмас өзен секілді болар еді’,— деп жазған болатын (Ишая 48:17, 18). Адамдар Құдайдың Сөзі жайлы тура білім алып, Оның заңдарын сүюді үйренгенде, зорлық пен соғысты жек көре бастайды. Тіпті қазірдің өзінде ата-аналар балаларының ойындарының қатігездікке үйретпейтініне көз жеткізулері керек. Үлкендер де өшпенділік пен ашкөздікті жеңуді үйренулері керек. Ехоба Куәгерлері Құдай Сөзінің адамдарды өзгертетін күші бар екенін көріп жүр (Еврейлерге 4:12).

Ортенсионың мысалын қарастырайық. Жас кезінде оны еріксіз әскер қатарына алып кетеді. Әскери жаттығудың мақсаты “біздің санамызда басқаларды өлтіруге деген құштарлықты дамытып, өлімнен қорықпауды үйрету еді” деп түсіндіреді ол. Ол Африкадағы ұзаққа созылған азамат соғысына қатысады. “Соғыс маған қатты әсер етті,— деп мойындайды ол. Істеген әрбір ісім әлі күнге дейін есімде. Маған істеткендерін есіме алсам, қатты өкінемін”.

Әскердегі жолдастарының Ортенсиомен Киелі кітап жайындағы әңгімесі оның жүрегіне жетеді. Забур 45:10-ғы Құдайдың барлық соғысты тоқтатамын деген уәдесі оған қатты әсер етеді. Киелі кітапты зерттеген сайын оның соғысуға деген ынтасы құри бастайды. Кейін оны екі жолдасымен бірге әскерден шығарып жібереді де, олар өмірлерін Ехоба арнайды. “Киелі кітап маған жауларымды да жақсы көруді үйретті”,— деп түсіндіреді ол. “Мен соғысқа қатысуыммен жақындарымызды өлтірмеу керек екенін айтатын Ехоба Құдайға қарсы күнә жасайтынымды түсіндім. Жақыныма сүйіспеншілік көрсету үшін өзімнің көзқарасымды өзгертіп, адамдарға жау ретінде қарағанды қоюым керек болды”.

Осындай жағдайлар Киелі кітап беретін білім шынында да бейбітшілікке жетелейтінін көрсетеді. Бұл таңқалатын нәрсе емес. Ишая пайғамбар Құдайдың білімі мен бейбітшіліктің арасындағы тікелей байланысты көрсеткен. Ол былай деген: “Балаларыңның бәрі Тәңір Иеңнен тәлім алып, керемет амандық пен тыныштыққа кенелмек” (Ишая 54:13). Осы пайғамбарлықта адамдар Ехоба Құдайға ғибадат ету үшін, оның жолдарын үйренуге ағылып келетін уақыт жайлы айтылған. Нәтижесі қандай болу керек еді? “Енді олар төс үстінде қаруын қайта соққылап, соқаға қылышын айналдырады, ораққа найзасын. Халықтар енді қайтып ешқашан да бір-біріне қарсы қару көтермейді, олар соғысуды тіптен үйренбейді” (Ишая 2:2—4).

Осы пайғамбарлыққа сәйкес, Ехоба Куәгерлері дүние жүзі бойынша адамдардың соғысуына негіз болып отырған өшпенділікті жоюға қазірдің өзінде көмегін тигізіп жатқан ағарту ісімен айналысуда.

Жер жүзіне орнайтын бейбітшілікке кепілдік

Білім беруден басқа, Құдай бүкіл жерге бейбітшілік орнататын үкімет немесе “патшалық” орнатты. Киелі кітапта Құдайдың таңдаған басшысы, Иса Мәсіх бейнелі түрде “тыныштық пен амандықты сыйлайтын Әмірші” деп аталады. Бұл бізді болашақта “Оның құрған билігі арта түсіп, орнатқан тыныштығы шексіз болатынына” сендіреді (Ишая 9:6, 7).

Мәсіхтің жүргізетін билігі соғыс атаулының барлығын жоя алатынына қандай негіз бар? Ишая пайғамбар әрі қарай былай дейді: “Барлық қайрат-жігерімен бұларды Әлемнің Иесі іске асырады!” (Ишая 9:7). Бейбітшілікті сақтауға Құдайдың еркі де күші де жетеді. Бұл уәденің орындалатынына Иса әбден сенімді болған. Сондықтан ол ізбасарларына Құдай Патшалығының келіп, оның еркі жерде де орындалсын деп дұға етуді үйреткен (Матай 6:9, 10). Осы шын жүректен айтылған өтініш орындалғанда, соғыс енді ешқашан жер бетіне зиян келтірмейді.

[Сілтеме]

a Біздің “соңғы күндерде” өмір сүріп жатқанымызға көз жеткізу үшін, Ехоба Куәгерлері басып шығарған “Мәңгілік өмірге апаратын білім” деген кітаптың 11 тарауын қараңыз.

[5-беттегі сурет]

Киелі кітаптың білімі шынайы бейбітшілікке жетелейді

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу