Сен “өкше темірге қарсы теуіп” жүрген жоқсың ба?
КИЕЛІ КІТАП жазылған уақытта ұшы көбінесе өткір темірден жасалған таяқты мал айдауға немесе ауыр жүк тартатын малға бағыт беру үшін пайдаланатын. Егер мал қырсығып бұлқынатын болса, нәтижесінде не болған? Жеңілдік сезінудің орнына, үшкір темір етіне батып, жанын ауыртатын.
Қайта тірілген Иса Мәсіх өзінің шәкірттерін тұтқындау мақсатымен келе жатқан Саул есімді адамға көрінгенде, өкше темір жайында айтқан. Қатты жарықтан көзі көрмей қалған Саул Исаның: “Саул, Саул, Мені неге қудалайсың? Өкше темірге қарсы теуіп, азапқа қаласың”,— деген сөздерін естіді. Саулдың мәсіхшілерге жасаған қиянаты Құдайға қарсы соғысқанмен бірдей болды және қарсылық көрсеткеннен тек өзі ғана зиян шегер еді (Елшілердің істері 26:14, сілтемеге қара).
Біздің де байқаусызда “өкше темірге қарсы теуіп” қалуымыз мүмкін бе? Киелі кітап “данышпандардың сөзі ұшы өткір темірден жасалған мал айдайтын таяқ сияқты” дейді (Екклесиаст 12:11). Киелі рухтың жетелеуімен жазылған Құдай Сөзіндегі кеңестер адасып кеткендей болсақ, бізге бағыт беріп, дұрыс жолға түсуге талпындырады (2 Тімотеге 3:16). Оған қарсыласу тек өзімізге зиян тигізеді.
Саул Исаның сөздерін қабыл алып, бағытын өзгертіп, Пауыл есімді мәсіхшілердің сүйікті елшісі болды. Тура сол сияқты Киелі кітаптың қамқорлықпен берілген кеңестері бізге де мәңгілік баталар алып келеді (Нақыл сөздер 3:1—6).
[32-беттегі сурет рұқсатымен]
L. Chapons/Illustrirte Familien-Bibel nach der deutschen Uebersetzung Dr. Martin Luthers