Баурап әкететін жазба
ЗЕРТТЕУШІ Ричард Берд 1928—1956 жылдар аралығында бес рет Антарктикада зерттеу жұмысын жүргізді. Ол күнделік жазу және мұқият жазбалар жасау арқылы серіктерімен бірге Антарктика континентінің жел бағытын анықтаған, картасын жасаған, сондай-ақ басқа да көптеген мәліметтер жинаған.
Бердтің экспедициясы жазба жасаудың қаншалықты бағалы екенін көрсетті. Мұндай күнделікке не жазбаға кеме немесе әуе сапары туралы ұсақ-түйектер түсіріледі. Сондай мәлімет кейінірек болған жайттарды зерттеу үшін немесе оларды саралап кейінгі сапарларда қолдану үшін пайдалы болуы мүмкін.
Киелі жазбаларда Нұхтың заманында болған Топан су туралы баурап әкететін мәлімет бар. Аталмыш дүниежүзілік Топан су бір жылдан аса уақытқа созылды. Нұх пен әйелі, олардың үш баласы мен келіндері топан судың келетініне дайындалып, сиымдылығы 40 000 текше метр кеме соғуға 50—60 жылдай уақыт жұмсаған. Олар оны не мақсатпен соқты екен? Біраз адамдар мен жануарлар топан судан аман қалу үшін соққан (Жаратылыс 7:1—3).
Киелі жазбалардағы Жаратылыстың басталуы кітабындағы мәліметті, негізінде Нұхтың топан су жайлағаннан бастап, отбасымен кемеден шыққанға дейін болған жайттарды жазған күнделігі не жазбасы деуге болады. Мұның бүгінде біз үшін қандай да бір мәні бар ма?