Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w02 1.11. 3—5 бет.
  • Көршіңнің жақсы болғаны игі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Көршіңнің жақсы болғаны игі
  • 2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Неден бастау керек?
  • Жақсы көрші бере біледі
  • Жақсы көрші ризашылықпен қабыл алады
  • Бақытсыздыққа тап болғанда
  • Жақсы көрші бола білудің керемет жолы
  • “Жақыныңды өзіңді сүйгендей сүй”
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Нағыз сүйіспеншілік танытқан самариялық кісі
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Маңайымыздағы адамды сүю деген не?
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қайырымды самариялық
    Тарихтағы ең ұлы адам
Көбірек мәлімет
2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w02 1.11. 3—5 бет.

Көршіңнің жақсы болғаны игі

“Алыстағы бауырыңнан, жаныңдағы көршің артық” (Нақыл сөздер 27:10).

Б. З. I ҒАСЫРЫНДА бір ғұлама кісі Исадан: “Сонда “маңайымдағы адам” кім болғаны?” — деп сұрайды. Иса өз жауабында маңайындағы адамның кім екені емес, оның қандай екендігі маңызды екенін айтады. Бәлкім саған Исаның бұл мысалы таныс болар. Көпшілікке танымал қайырымды самариялық туралы бұл астарлы әңгіме Лұқа жазған ізгі хабарда жазылған. Иса бұл оқиғаны былай әңгімелеген еді:

“Бір адам Иерусалимнен Иерихон қаласына кетіп бара жатып, қарақшылардың қолына түсіпті. Қарақшылар оның киімдерін сыпырып алып, өзін жарақаттап, шала-жансар етіп тастап кетіпті. Бір діни қызметкер сол жолмен кездейсоқ келе жатып, оны көре тұра қасынан өтіп кете береді. Дәл солай жаңағы жерге келген бір ғибадатхана қызметшісі де оған қарап, қасынан өтіп кете береді. Содан кейін бұл жерге жолаушылап бара жатқан бір самариялық келеді. Әлгі адамды көргенде оған жаны ашып, қасына барады да, жараларын маймен және шараппен жуып-шайып, таңады. Оны есегіне мінгізіп, қонақ үйге әкеліп, күтеді. Ертеңінде жолға шығарда қонақ үйдің иесіне екі күміс теңге беріп: “Мына кісіге қамқорлық жасай гөр. Егер артық шығын шығарсаң, мен қайтып оралған кезде төлеймін” дейді. Ал енді, қарақшылардың қолына түскен кісіге бұл үшеуінің қайсысы “маңайындағы адам” болды деп ойлайсың?” (Лұқа 10:29—36).

Ғұламаның бұл әңгіменің мәнін түсінгені анық. Себебі ол көп ойланбастан-ақ, дұрыс қорытынды жасап: “Әрине, оған қайырымдылық көрсеткені”,— деп жауап береді. Сонда Иса оған: “Сен де солай істейтін бол!” — дейді (Лұқа 10:37). Іс жүзінде нағыз маңайындағы адам болу дегеннің не екендігін көрсететін қандай керемет мысал! Исаның астарлы әңгімесі бізді де өзімізді тексеруге талпындырады: маңайымдағылар үшін мен жақсы көршімін бе? Жақсы көрші болуыма және қиыншылықта қол ұшын беруіме олардың нәсілі, ұлты маған кедергі болмай ма? Маңайымдағыларға жақсы көрші болуға барынша тырысып жүрмін бе?

Неден бастау керек?

Егерде бұл жағынан жақсаруымыз керектігін сезінсек, онда ең алдымен көзқарасымызды түзетуден бастауымыз керек. Ең бастысы — маңайымыздағыларға жақсы көрші бола білу. Бұл олардың да өз тарапынан бізбен жақсы қарым-қатынаста болуына септігін тигізеді. Осыдан екі мыңдай жыл бұрын, Иса өзінің Таудағы уағызында адамдардың бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасау керектігін көрсететін маңызды принцип орнатқан болатын. Онда былай делінген: “Барлық істе де басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер, сендер де оларға солай істеңдер!” (Матай 7:12). Егерде біз адамдарға зейін қойып, қайырымдылық пен ізет көрсететін болсақ, олардың да жауабы осындай болады.

“Маңайыңдағыларды жақсы көр” деген мақаласында журналист әрі жазушы Лиза Фундербург жақсы көрші болуға септігін тигізетін қарапайым іс-әрекеттер жөнінде айтқан болатын. Ол: “Менің қалайтыным... көршілердің бір-біріне жасап жатқан сансыз көп кішігірім іс-әрекеттері — газеттерін апарып беру, балаларына қарау, оларға қажетті заттарын сатып әкелу сияқты — оларды бір-бірімен түйістіретін жағдайлар болса екен. Қорқыныш пен қылмыстан жәбір көрген, адамдардың арасы суып бара жатқан қоғамда өмір сүріп отырғандықтан, мен осындай қарым-қатынасты қажет етемін”,— деп жазған. Әрі қарай ол былай деп толықтырады: “Әйтеуір бірдеңеден бастау керек қой. Мүмкін, көрші есікті қағу керек шығар?” (The Nation Since 1865 журналы).

Сондай-ақ бір журналда (Canadian Geographic) көршілердің өзара қарым-қатынастарын жақсартуға көмектесетін пайдалы ой айтылған болатын. Жазушы Марни Джексон бақылау жасап, мынадай қорытындыға келген: “Көп жағдайда көршілеріңді де отбасы мүшелері сияқты таңдай алмайсың. Олармен қарым-қатынас әдептілікті, ізеттілік пен шыдамдылықты талап етеді”.

Жақсы көрші бере біледі

Көпшілігіміздің қандай да бір іспен көршілерімізге баруға ыңғайсызданатынымыз рас. Біреулермен қарым-қатынас жасап, жүк арқалағанша, өзді-өзіміз болғанды жөн көруіміз мүмкін. Алайда Киелі кітапта “алғаннан гөрі берген бақытты” делінген (Елшілердің істері 20:35). Сондықтан жақсы көрші болу деген айналамыздағылармен таныс болуды білдіреді. Міндетті түрде жақын дос болудың қажеті жоқ, әйтсе де арагідік олармен сөйлесуге бірінші болып ықылас танытқан жөн. Әңгімені жылы шыраймен қарап, бас иіп сәлемдесуден бастауға болады.

Жоғарыда айтып өткендей, көршілерімізбен жақсы қатынаста болу үшін “сансыз көп кішігірім іс-әрекеттердің” маңызы зор. Сондықтан да көршіңізге қол ұшын берудің немесе қандай да бір жылы сөздерді айтудың мүмкіндіктерін іздеңіз. Бұл бірлесіп іс-әрекет жасауға, сондай-ақ бір-біріңді құрметтеуге септігін тигізеді. Оның үстіне, осылай ете отырып, біз Киелі кітаптағы: “Қолыңның күші жетіп тұрғанда, мұқтаж болғанға жақсылық істеуден бас тартпа”,— деген нұсқауды ұстанатын боламыз (Нақыл сөздер 3:27; Жақып 2:14—17).

Жақсы көрші ризашылықпен қабыл алады

Егер әрбір адам көрсетілген көмек пен берген сыйлықты ризашылықпен қабылдаса, керемет болған болар еді. Өкінішке орай, жиі бұлай бола бермейді. Жиі адамдардың жақсылықты дұрыс түсінбегенін көргенде, шын көңілден жақсылық жасаушы: “Мұным соңғы рет болсын”,— деген ойға келуі мүмкін. Кейде көршілеріңмен жылы шыраймен қаншама рет сәлемдессең де, оның жауабы — әзер бас изеумен шектелуі мүмкін.

Бірақ, мәселенің бәрі ризашылықты сезінбеуінде емес. Бәлкім адам алған тәрбиесіне байланысты қысылып, ыңғайсызданатын болар. Мұнысы бізге селқостық танытқандай болып көрінер. Жақсылықты білмейтін мына дүниеде кейбіреулерге сіздің достық кейпіңіз ерсі көрініп, тіпті адам сіздің шын ықыласыңызға күмәндануы да мүмкін. Онда сізге ниетіңіздің шынайы екендігіне көзін жеткізуіңіз керек болады. Осылайша, көршілерімізбен достық қарым-қатынас орнату үшін уақыт және шыдамдылық қажет болады. Алайда біреумен бөлісе алатын, сондай-ақ ризашылықпен қабылдай алатын адамдар көршілерімен тату-тәтті әрі қуанышты қарым-қатынаста бола алады.

Бақытсыздыққа тап болғанда

Жақсы көрші әсіресе қиыншылыққа тап болған кезде өте қажет-ақ. Осындай жағдайда көршілеріміздің достық ықыласы көрінеді. Мұны бақытсыздыққа ұшырағанда адамдардың шын көңілден бір-біріне қол ұшын берген көптеген мысалдарынан көреміз. Бақытсыздық көршілерді біріктіріп, бір-біріне қамқорлық жасауларына себеп болады. Тіпті бір-бірімен қас адамдар да ынтымақтасып, иық тіресе әрекет жасайды.

Мысалы, “Нью-Иорк таимс” газетінде 1999 жылы Түркияда болған қатты жер сілкінісінен кейін, тіпті бұрыннан жауласып келгендер өздерін жақсы көршілер ретінде танытқандығы хабарланған. “Жылдар бойы бойымызға түріктерге деген жек көрушілікті сіңдірген,— деп жазған болатын журналист Анна Стергиу бір афиндық газетте.— Алайда олардың қайғысы бізді титтей де қуантпайды. Өлген балалардың денелерін көргенде жүрегіміз ауырып, жылап жібердік. Біздің көп ғасырлық өшпенділігіміздің ізі де қалмаған сияқты”. Құтқару шараларын тоқтату жөнінде хабарлағанымен, грек құтқарушылары оны тоқтатқан жоқ.

Қандай да бір апаттан кейін құтқару ісіне қатысуды орынды түрде маңайымыздағыларға жасалған игі әрі ерлік іс деп айтуға болады. Ал өмірлерін сақтап қалу үшін көршілерімізге апат туралы алдын ала ескерту әлдеқайда маңыздырақ. Алайда тарих көрсеткендей, ескерткен сәтте қауіптің нышаны біліне қоймағандықтан, төніп келе жатқан апат туралы айтқандарға жиі құлақ аса қоймайды. Адамдар жиі бірден сене бермейді. Адамдарға төнген қауіпті көрсеткісі келетіндерге табандылық пен жанқиярлық танытуға тура келеді.

Жақсы көрші бола білудің керемет жолы

Бүгінгі таңда адамзатты табиғи апаттан да орасан зор нәрсе күтіп тұр. Бұл — Құдіретті Құдайдың адамзат ісіне араласуы. Бұның мақсаты — қылмысты, зұлымдық пен оған байланыстының барлығын да жою (Аян 16:16; 21:3, 4). Мұның шынында да жүзеге асатындығына, жай бос сөздер еместігіне толық сенімді бола аламыз. Бүкіл әлемді дүр сілкіндіретін бұл оқиғадан аман өту үшін білім алу қажет. Ехоба Куәгерлері мұндай білімді мейлінше көп адамдарға жеткізуге тырысуда. Сондықтан да олар табандылықпен бүкіл жер бетінде уағыздау ісін атқаратындықтарымен әйгілі (Матай 24:14). Құдайға және маңайындағыларға деген сүйіспеншілік оларды бұл істі өз еріктерімен атқаруға талпындырады.

Сондықтан да үйіңіздің есігін қаққанда немесе бір жерде кездестіргенде, теріс ұғымдардың немесе ашу-ызаның сізге Ехоба Куәгерлерін тыңдауыңызға кедергі болуына жол бермеңіз. Олар жақсы көрші болуға, сондай-ақ маңайындағылар үшін жақсы болуға тырысуда. Олар Киелі кітапты зерттеуді ұсынғанда бас тартпаңыз. Құдай сөзін оқи отырып, жақында адамдардың бір-бірімен жақсы қоңсы болатындығын, сондай-ақ не нәсілдік, не діни, не таптық алалаушылықтың бәріміз ұмтылып жатқан тату қарым-қатынасқа ешқандай кедергі бола алмайтындығын білесіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу