Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w02 1.5. 23—27 бет.
  • Құдайдың нұры түнекті сейілтеді!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдайдың нұры түнекті сейілтеді!
  • 2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітап — нұрды жеткізуші
  • Рухани түнектің бастауы
  • Түнектен жарыққа өту оңай емес
  • Нұрда жүріп жетістіктерге жету
  • Жалған оттардан сақ болыңдар!
  • Ризашылықпен жарықта жүріңдер
  • “Сендердегі жарық жарқырап тұрсын”
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
  • Нұрда жүргендерге арналған қуаныш
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w02 1.5. 23—27 бет.

Құдайдың нұры түнекті сейілтеді!

“Тәңір менің қараңғылығыма нұрын шашады” (2 ПАТШАЛЫҚТАР 22:29, СА).

1. Жарықтың өмірмен қандай байланысы бар?

“ҚҰДАЙ: “Жарық пайда болсын!” — деді. Сөйтіп жарық пайда болды” (Жаратылыс 1:3). Жаратылыс кітабындағы осы сөздер Ехобаның жарықтың Бастауы екенін көрсетеді. Бұл жарықсыз жер бетінде өмір болмас еді. Сондай-ақ Ехоба — өмір жолын көрсететін өте маңызды рухани жарықтың да Бастауы (Забур 42:3). Дәуіт патша рухани жарық пен өмірдің арасындағы тығыз байланысты мынадай сөздермен көрсеткен болатын: “Өмірдің қайнар көзі Сенде; Сенің жарығыңнан біз жарық көреміз” (Забур 35:10).

2. Пауыл көрсеткендей, нұр не нәрсемен тығыз байланысты?

2 Дәуіт өмір сүрген уақыттан шамамен 1 000 жылдан кейін елші Пауыл Жаратылыс кітабына сүйенген болатын. Ол Қорынттағы мәсіхшілер қауымына былай деп жазды: “Қараңғылықтан нұрдың жарқырауын бұйырған Құдай”. Әрі қарай Пауыл рухани нұрдың Ехоба беретін біліммен тығыз байланысты екенін көрсетті: “[Ехоба] Иса Мәсіх арқылы Құдайдың ұлылығын танып білуіміз үшін жүрегімізге нұрын төкті” (2 Қорынттықтарға 4:6). Бұл нұр бізге қалай жетеді?

Киелі кітап — нұрды жеткізуші

3. Киелі кітап арқылы Ехоба қандай нұрмен қамтамасыз етуде?

3 Ехоба рухани нұрды, біріншіден, Өзінің рухының жетелеуімен жазылған Сөзі — Киелі кітап арқылы береді. Сол себепті Киелі кітапты зерттеп, Құдайдан білім алған кезімізде, Оның нұрының бізге сәулесін шашуына мүмкіндік береміз. Киелі кітап арқылы Ехоба өзінің ниеттерін ашады және Оның еркін қалай орындауымызға болатынын көрсетеді. Бұл біздің өмірімізді мағыналы етеді, сондай-ақ рухани мұқтаждықтарымызды қанағаттандыруымызға көмектеседі (Екклесиаст 12:1; Матай 5:3). Иса Мұсаның заңынан үзінді келтірген кезде, біздің рухани мұқтаждықтарымызды қанағаттандыруымыз керек екеніне ерекше көңіл аударған болатын. Ол былай деді: “Киелі жазбада “Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді” деп жазылған ғой! (Матай 4:4; Заңды қайталау 8:3).

4. Иса қай мағынада “дүние үшін Нұр” болып табылады?

4 Иса рухани нұрмен тығыз байланысты. Ол өзі жайлы “дүние үшін Нұрмын” деп айтқан болатын. Ол және былай деген еді: “Маған ерген кісі енді түнекте жүрмей, шынайы өмірдің Нұрына ие болады” (Жохан 8:12). Бұл сөздер Ехобаның нұрын адамдарға төгудегі Исаның басты рөлін түсінуімізге көмектеседі. Егер түнектен қашып, Құдайдың нұрында жүргіміз келсе, Исаның айтқандарының барлығына құлақ асып, Киелі кітапта жазып қалдырылған Оның үлгісіне еліктеп, тәлімдерін мұқият орындауымыз керек.

5. Иса өлген соң оның шәкірттеріне қандай жауапкершілік жүктелді?

5 Өлерінен біраз күн бұрын Иса шәкірттеріне Өзінің Нұр екенін қайталап, былай деді: “Нұр” тағы біраз уақыт сендермен бірге болады. Өздеріңді қара түнектің баспауы үшін “Нұр” барда жүре беріңдер. Түнекте жүргендер қайда бара жатқандарын білмейді. Қастарыңда “Нұр” барда Соған сеніңдер, сонда “Нұрдың адамдары” боласыңдар” (Жохан 12:35, 36). Нұрдың адамдары болғандар Киелі кітаптағы ‘дұрыс ілімнің үлгісін’ үйренді (2 Тімотеге 1:13, 14). Содан соң білгендерін өзге де ақ жүректі адамдардың түнектен шығып, Құдайдың нұрына енулеріне көмектесу үшін қолданды.

6. 1 Жохан 1:5-те нұр мен түнек жайлы қандай негізгі шындық жазылған?

6 Елші Жохан былай деп жазған болатын: “Құдай — Нұр, Оның ішінде ешқандай түнек жоқ” (1 Жохан 1:5). Осы жердегі нұр мен түнектің айырмашылығына көңіл аударыңдаршы. Рухани нұр Ехобадан бастау алады, ал рухани түнектің Онымен еш байланысы жоқ. Олай болса, түнектің бастауы кім болғаны?

Рухани түнектің бастауы

7. Жер бетін жайлаған рухани түнектің артында кім тұр және оның әсері қандай?

7 Елші Пауыл “осы дүниенің құдайы” жөнінде жазған еді. Ол бұл сөздерді Шайтан Ібіліске меңзеп айтқан болатын. Сондай-ақ ол Шайтан “Мәсіхтің салтанатты ұлылығы туралы Ізгі хабардың нұрын оларға (яғни сенбейтіндерге) көрсетпеу үшін саналарын соқыр қылып қойған” деп те айтқан еді (2 Қорынттықтарға 4:4). Көп адамдар Құдайға сенеміз деп айтады, бірақ олардың көпшілігі Шайтанның бар екеніне сенбейді. Неліктен? Олар зұлым рухани күштің бар екенін және оның өздерінің ой қалпына әсер ете алатынын мойындағылары келмейді. Дегенмен де, Пауыл айтып отырғандай, Шайтан бар және соның әсерінен адамдар шындықтың нұрын көре алмай отыр. Шайтанның адамның ой қалпына әсер ете алатындығын бір пайғамбарлықта оның “бүкіл әлемді алдап келген әзәзіл” ретінде суреттелгенінен көруге болады (Аян 12:9). Шайтанның әрекетінің нәтижесінде Ишаяның пайғамбарлығы Ехобаға қызмет етпейтін барлық адамдарға қатысты орындалып отыр: “Міне, жер бетін қою қараңғылық жайлап, халықтарды қара түнек жауып алды” (Ишая 60:2).

8. Рухани түнектегілер адасып жүргендерін қалай көрсетеді?

8 Қараңғы түнекте ешнәрсе көрінбейді. Жоғалып немесе адасып кету оп-оңай. Сол сияқты рухани түнектегілердің де түйсіну қабілеті нашарлап, рухани мағынада тез адасып қалады. Олар шындықты жалған нәрседен, жақсыны жаманнан ажырату қабілетін жоғалтып алады. Ишая пайғамбар мұндай түнектегілер жайында былай деген болатын: “Жақсыны жаман, жаманды жақсы дейтіндер, қараңғылықты жарық, жарықты қараңғылық деп атайтындар, әрі ащыны тәтті, тәттіні ащы санайтындар қасіретке қалады!” (Ишая 5:20). Рухани қараңғылықтағылар түнектің құдайы — Шайтан Ібілістің ықпалында жүр, сондықтан олар нұр мен өмірдің бастауынан шет қалған (Ефестіктерге 4:17—19).

Түнектен жарыққа өту оңай емес

9. Заңсыздық жасаушылар үшін кәдімгі және рухани түнектің неліктен тартымды екенін түсіндіріңдер.

9 Әділ адам Әйүп кәдімгі түнектің заңсыздық жасаушылар үшін тартымды екендігіне көңіл аударып, былай деген еді: “Зинақордың көзі ымырт жабылған кезді күтеді, ешкім мені көрмейді деп бетін жабады” (Әйүп 24:15, СА). Заңсыздық жасаушылар сонымен қатар рухани түнекте жүр және мұндай түнек оларға толықтай билігін жүргізуде. Елші Пауыл рухани түнектегілер үшін азғындықтың, ұрлықтың, дүниеқоңыздықтың, маскүнемдіктің, өсектің және тонаудың әдеттегі нәрсе екенін айтқан болатын. Алайда Құдай Сөзінің нұрына келген әркім де өзгере алады. Мұндай өзгерістің мүмкін екенін Пауыл Қорынттықтарға жазған хатында анық көрсетті. Көптеген қорынттық мәсіхшілер түнектің істерін атқарған болатын, дегенмен, Пауыл оларға былай деді: “Алайда сендер күнәдан тазарып, енді Иеміз Иса Мәсіхтің құдіретімен және Құдайымыздың Рухы арқылы Оның қасиетті халқы болып, ақталдыңдар” (1 Қорынттықтарға 6:9—11).

10, 11. а) Өзі көзін ашқан адамға байланысты Иса қалай қамқорлық танытты? ә) Неліктен көп адамдар нұрды қаламайды?

10 Қалың түнектен жарыққа шыққан адамның көздері жарыққа бірте-бірте үйренеді. Бетсайда қаласында Иса зағип кісінің көру қабілетін қамқорлықпен біртіндеп қалпына келтірді. “Иса зағипты қолынан ұстап, ауылдан жетелеп шықты. Көзіне түкіріп, үстіне қолын қойып: — Бірдеңе көресің бе? — деп сұрады. Әлгі кісі көз тігіп: — Адамдарды көріп тұрмын! Олар жүріп бара жатқан ағаш діңдеріне ұқсайды,— деді. Иса зағиптың көздеріне қайтадан қолын тигізіп, қарауға бұйырды. Сонда оның көзі ашылып, бәрін де анық көрді” (Марқа 8:23—25). Иса ол кісінің көру қабілетін жарқыраған күн сәулесіне үйрену үшін біртіндеп қалпына келтірген болса керек. Көру қабілеті қалпына келгендегі ол кісінің қуанышын көз алдымызға елестетіп көрелікші!

11 Алайда, көрсетілген көмектің арқасында рухани түнектен біртіндеп шындықтың нұрына шыққан адам әлдеқайда көп қуаныш сезінеді. Олардың қуанышын көргенде біз неліктен өзге адамдардың жарыққа талпынбайтынына таңғалатын шығармыз. Себебін Иса былай деп түсіндіреді: “Соттың мәні мынадай: “Құдайдың Нұры” жерге келді, бірақ адамдар Одан гөрі түнекті жақсы көрді, себебі олардың істері жаман еді. Жамандық істеген әркім Нұрды жек көріп, жасаған істері әшкереленбес үшін Оған жоламайды” (Жохан 3:19, 20). Иә, көп адамдар өнегесіздік жасау, біреуді қанау, жалған сөйлеу, тонау және ұрлық жасау сияқты “жамандық” істерді ұнатады және Шайтанның рухани түнегі қалағандарын істеуге керемет жағдай тудырып отыр.

Нұрда жүріп жетістіктерге жету

12. Нұрдан қандай пайда көрудеміз?

12 Нұрға келгелі бері бойымыздан қандай өзгерістер байқадық? Кейде өткенді еске алып, қандай рухани жетістіктерге жеткенімізді ойлап көргеніміз абзал. Қандай жаман әдеттерден арылдық? Қандай қиындықтарымызды шеше алдық? Болашаққа байланысты жоспарларымыз қалай өзгерді? Ехобаның күшімен және Оның киелі рухының көмегінің арқасында біз әрі қарай да мінез-құлқымызда және ой қалпымызда өзгерістер жасап, нұрда жүргіміз келетіндігін көрсететін өзгерістер жасай аламыз (Ефестіктерге 4:23, 24). Пауыл былай деген еді: “Бұрын сендер түнек болдыңдар, ал енді Иемізбен байланысып, нұрсыңдар: ендеше нұрдың адамдары болып әрекет етіңдер! Ал нұрдағы өмірдің өнімі — нағыз игілік, әділдік, шындық” (Ефестіктерге 5:8, 9). Өмірімізге Ехобаның нұрының басшылық етуіне жол бергеніміздің арқасында үмітіміз, мақсатымыз болады және айналамыздағыларға қуаныш сыйлаймыз. Сондай-ақ, мұндай өзгерістер жасағанымыз Ехобаның жүрегін қаншалықты қуантады десеңдерші! (Нақыл сөздер 27:11).

13. Ехобаның нұры үшін ризашылығымызды қалай көрсетеміз және ол үшін не қажет?

13 Ехобаның жарығын шағылыстыру арқылы бақытты өмір сүріп жатқанымыз үшін ризашылығымызды, Киелі кітаптан білгендерімізді отбасы мүшелері, достарымыз және көршілерімізбен бөлісуіміз арқылы білдіреміз (Матай 5:12—16; 24:14). Біздің уағызымыз бен мәсіхшілер ретіндегі үлгілі өмір салтымыз тыңдағысы келмейтіндердің істерін әшкерелейді. Пауыл былай деп түсіндіреді: “Құдайға не ұнайтынын біліп алып, түнектегі адамдардың бекер істеріне араласпаңдар, қайта, оларды әшкерелеңдер!” (Ефестіктерге 5:10, 11). Өзгелердің түнектен бас тартып, нұрды таңдауларына көмектесу үшін батылдық керек. Одан да маңыздырағы өзгелерге жанымыз ашып, оларға қамқорлық көрсетуіміз және олардың мәңгі пайдасы үшін шындықтың нұрын бөлісуді шын жүректен қалауымыз керек (Матай 28:19, 20).

Жалған оттардан сақ болыңдар!

14. Жарыққа байланысты қандай ескертуге құлақ асуымыз керек?

14 Түнде ашық теңізде жүзіп келе жатқан теңізшілер қандай да бір жарықты көруді қатты аңсайды! Бұрынғы кездері Англияда дауылды түндері жағалаудағы жартастарда қауіпсіз айлаққа бағыт беретін оттар жағылатын. Кемедегілер бұндай құтқарушы жарыққа риза болатын. Алайда кейбір оттар алдамшы болатын. Олар кемені қауіпсіз жерге емес, тура жартастарға бағыттайтын. Кемелер апатқа ұшырап, жүктерін қарақшылар тонап алатын. Осы жалған дүниеде бізді рухани апатқа ұшырататын жалған жарықтарға алданып қалмас үшін абай болуымыз керек. Киелі кітапта ‘шайтанның өңін айналдырып, нұрлы періште болып көрінетіні’ айтылған. Сол сияқты, жолдан тайғандарды да қоса алғандағы оның қызметшілері де “алдамшы қызметкерлер” және ‘өңдерін айналдырып, әділдіктің қызметшілері болып көрінеді’. Егер осындай адамдардың жалған дәлелдерін қабылдайтын болсақ, Ехобаның шындық Сөзі Киелі кітапқа деген көзқарасымыз өзгеріп, сенімімізден арылып қалуымыз мүмкін (2 Қорынттықтарға 11:13—15; 1 Тімотеге 1:19).

15. Өмірге апаратын жолдан ауытқып кетпеуімізге не көмектеседі?

15 Забур жыршысы былай деп жазған еді: “Қадамдарымды сөздерің жарқыратады, өмір жолыма шырақтай нұрын шашады” (Забур 118:105). Иә, ‘шынайы өмірге апаратын тар жолға’ нұрын төгетін сүюші Әкеміз — Ехоба. Ол “барлық адамдардың құтқарылып, шындықты біліп алуларын қалайды” (Матай 7:14; 1 Тімотеге 2:4). Киелі кітаптың кеңесін қолданғанымыз сол тар жолдан адасып, түнектің жолына түсіп кетуден сақтайды. Пауыл былай деп жазған еді: “Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылып, тәлім беру, әшкерелеу, түзету, әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді” (2 Тімотеге 3:16). Рухани өскен сайын, Құдай Сөзінен үйрене түсеміз. Құдай Сөзінің нұрының көмегімен өзімізді өзіміз әшкерелейміз немесе қажет болатын болса қауымдағы қамқор бақташылар әшкерелейді. Осылайша біз өмір жолынан ауытқып кетпес үшін түзеліп, кішіпейілділікпен әділдікке тәрбиеленеміз.

Ризашылықпен жарықта жүріңдер

16. Ехобаның тамаша нұры үшін ризашылығымызды қалай көрсете аламыз?

16 Ехобаның керемет түрде нұрмен қамтамасыз етіп отырғаны үшін ризашылығымызды қалай көрсетуімізге болады? Жохан жазған ізгі хабардың 9 тарауында Иса соқыр болып туған кісінің көзін ашқанда, ол кісінің ризашылығын іс жүзінде көрсеткені айтылған. Қалай көрсетті екен? Ол Исаға Құдай Ұлы ретінде сеніп, көпшіліктің алдында оны “пайғамбар” деп мойындады. Сондай-ақ ол батылдық танытып, Исаның кереметін кемітіп көрсеткісі келгендерге қарсы сөйледі (Жохан 9:17, 30—34). Елші Петір мәсіхшілер қауымының майланған өкілдерін “Құдайдың меншікті халқы” деп атады. Не себепті? Себебі олар соқыр болып туылып, көзі ашылған кісі сияқты ризашылық ой қалпын танытады. Олар барлық игіліктің Қайнар көзі — Ехобаға деген ризашылықтарын ‘өздерін қара түнектен тамаша нұрына шақырған Тәңірдің қасиеттілігі мен ұлы істерін мадақтап жариялау’ арқылы көрсетеді (1 Петір 2:9; Қолостықтарға 1:13). Жерде өмір сүруге үміті бар адамдар да сол сияқты ризалық көзқарас танытып, халықтардың арасында Ехобаның “қасиеттілігі мен ұлы істерін” жариялап жүрген майланған бауырластарына көмектесіп жүр. Құдай кемелсіз адамдарға қандай керемет мүмкіндік сыйлап отыр десеңдерші!

17, 18. а) Әрқайсымыздың қандай міндетіміз бар? ә) Тімотеге еліктеп әрқайсымыз да не нәрседен аулақ болуымыз керек?

17 Шындықтың нұрын шын жүректен бағалаудың маңызы зор. Ешқайсымыздың да шындықты іштен біліп туылмағанымызды ұмытпаңдар. Біразымыз шындықты есейгенде біліп, нұрдың түнектен артықшылығын тез ұғындық. Өзгелеріміз, бақытымызға орай, Құдайдан қорқатын ата-ананың тәрбиесін көрдік. Мұндай адамдар шындықты солай болуы керек нәрсе ретінде қарастыра бастауы мүмкін. Ол туылмай тұрғанда ата-анасы Ехобаға қызмет еткен бір бауырласымыз, нәресте кезінен үйренген шындықтың мағынасы мен маңыздылығын толық түсіну үшін көп уақыт пен күш жұмсағанын мойындады (2 Тімотеге 3:15). Жасымыз да, кәріміз де — барлығымыз Ехоба ашқан шындық үшін терең ризашылықты дамытуымыз керек.

18 Жас жігіт Тімоте “Киелі жазбалармен” балалық шағынан таныс болатын, алайда қызметте өз тарапынан күш салуының арқасында ғана ол толысқан мәсіхші бола алды (2 Тімотеге 3:15). Осыдан кейін ол елші Пауылға көмекші бола алатын дәрежеге жетті. Елші Пауыл оны былай деп жігерлендірді: “Сен кінәратсыз жұмысшы — Құдайдың шынайы сөзін дұрыс үйретуші ретінде Оған ұнамды болуға жан сала ұмтыл”. Барлығымызда Тімоте сияқты кінәратсыз жұмысшы болғаймыз немесе Ехобаны ұятқа қалдырмайық! (2 Тімотеге 2:15).

19. а) Дәуіт сияқты барлығымызда не деуіміз керек? ә) Келесі мақалада не талқыланады?

19 Бізге шындықтың нұрын төгіп отырған Ехобаны мадақтауға себеп көп. Дәуіт патша сияқты біз де былай дейміз: “Тәңірім! Сен менің шамшырағымсың, Тәңір менің қараңғылығыма нұрын шашады” (2 Патшалықтар 22:29, СА). Алайда Құдай алып шыққан түнекке қайта оралмас үшін, өзімшіл болмауымыз керек. Келесі мақала Құдайдың шындығының біз үшін қаншалықты маңызды екенін түсінуімізге көмектеседі.

Не нәрсе білдіңдер?

• Ехоба рухани біліммен қалай қамтамасыз етуде?

• Бізді қоршаған рухани түнек қандай сынақтарға ұшыратуда?

• Қандай қауіптен аулақ болуымыз керек?

• Шындық нұры үшін ризашылығымызды қалай білдіре аламыз?

[23-беттегі сурет]

Ехоба — физикалық жарықтың да, рухани жарықтың да Бастауы

[25-беттегі сурет]

Шайтанның жалған жарықтары рухани кеме апатына ұшыратады

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу