Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w02 1.4. 32-б.
  • Игі істер Құдайды дәріптейді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Игі істер Құдайды дәріптейді
  • 2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w02 1.4. 32-б.

Игі істер Құдайды дәріптейді

ШЫНАЙЫ мәсіхшілер өздерінің игі істерімен, сондай-ақ үлгі боларлықтай мінез-құлықтарымен Құдайды дәріптейді (1 Петір 2:12). Мұны соңғы жылдары Италияда болған оқиғалардан көруге болады.

1997 жылдың қыркүйегінде Марке және Умбрия облыстарында қатты жер сілкінісі болып, 90 000 үй зақымдалған болатын. Ехоба Куәгерлері топ-топқа бөлініп алып, бауырластарына да, өзгелерге де бірден өз көмектерін ұсынды. Жапа шеккендерге автотіркемелер, ұйықтайтын қаптар, ас пісіретін пештер, генераторлар тағы басқа заттар таратылып берілді. Мұндай көмек елеусіз қалмады.

“Чентро” газетінде былай деп ескерілді: “Жапа шеккендерге бірінші болып Розетодан (Терамо облысы) Ехоба Куәгерлері келіп жетті... Ехобаға адал бұл адамдар Құдайға бірігіп мінажат ету үшін мезгіл-мезгіл кездесулерімен қатар, жапа шеккендерден қай дінге жататындарын сұрамай-ақ оларға көмек көрсетіп, игі істер жасайды”.

Анағұрлым қатты зақымдалған қалалардың бірі Ночера-Умбрияның әкімі Ехоба Куәгерлеріне былай деп жазды: “Ночераның тұрғындарына көрсеткен көмектерің үшін сендерге шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Барлық ночералықтар да осындай сезімде екендігіне сенімдімін”. Сонымен қатар ішкі істер Министірлігі “Ехоба Куәгерлерінің Умбрия және Марке облыстарының тұрғындарына белсене көмек көрсеткендерін атап өтіп”, Мәсіхшіл Ехоба Куәгерлері қауымын (Congregazione Cristiana dei Testimoni di Geova) құрмет грамотасымен және медальмен марапаттады.

2000 жылдың қазанында Италияның теріскей аймағында, Пьемонтте, қатты су тасқыны болды. Бұл жолы да, Ехоба Куәгерлері лезде көмекке келді. Олардың бұл жолғы игі істері де елеусіз қалмады. Пьемонт обылысының әкімшілігі оларды “су тасқынынан жапа шеккен Пьемонт тұрғындарына көрсеткен өте бағалы ерікті көмектері үшін” құрмет белгісімен марапаттады.

Иса Мәсіх шәкірттеріне мынадай нұсқау берген: “Сендердегі “нұр” адамдарға сәулесін төксін. Осылайша олар игі істеріңді көріп, көктегі Әкелеріңді дәріптесін” (Матай 5:16). Өздерінің жақындарына рухани жағынан және тағы басқалай көмек көрсету арқылы Ехоба Куәгерлері ‘игі істерімен’ өздерін емес, қуана-қуана Құдайды дәріптеп жүр.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу