‘Дін тұту еркіндігі үшін Ехоба Куәгерлеріне рахмет’
“ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІНІҢ алдында есікті сарт еткізіп жаппас бұрын, сәл кідіріп, күні кеше ғана олардың қуғынға ұшырап, қиянат шеккендері жайлы және АҚШ-тың Конституциясына енгізілген бірінші түзетудің арқасында мүмкін болған дін тұту еркіндігінің бекітілуіне қосқан орасан зор үлестері жайлы ойланыңыздар”,— деп айтылды “Ю-Эс-Эй тудей” газетінде. Құрама Штаттардағы Ехоба Куәгерлері 1940 жылдары, өзге де себептермен қатар, туға ізет етуден бас тартқандары үшін қудаланған еді (Мысырдан шығу 20:4, 5).
1938—1943 жылдар аралығында АҚШ-тың Жоғарғы сотында Ехоба Куәгерлеріне қатысты 30 шақты іс қаралды. Сол газетте былай делінген: “Ехоба Куәгерлерінің АҚШ-тың Конституциясына енгізілген бірінші түзетуге байланысты негізгі сұрақтарды жиі көтергендері сонша, Жоғарғы Соттың төрешісі Харлан Фиск Стоун былай деп жазды: “Азаматтық бостандыққа қатысты құқықтық мәселелерді шешудегі көмектері үшін Ехоба Куәгерлері марапатталуға лайық”.
Мақаланың аяғына таман былай делінген: “Барлық діни ағымдар [дін тұтуға байланысты] еркіндіктің бекітілгені үшін Ехоба Куәгерлеріне рахмет айтуға тиіс”.
[32-беттегі сурет рұқсатымен]
Background, building: Photo by Josh Mathes, Collection of the Supreme Court of the United States; lower left, justices: Collection of the Supreme Court of the United States