Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w01 1.4. 3-б.
  • Қауіп-қатерге толы өмір

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қауіп-қатерге толы өмір
  • 2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Қауіп-қатер жайлаған дүниеде қауіпсіздік табу
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w01 1.4. 3-б.

Қауіп-қатерге толы өмір

“Күн сайын, секунд сайын, тіпті ұйықтап жатқанда да, өмірімізге қауіп төніп тұрғаны соншалық, әрбір кезең өміріміздегі соңғы кезең болуы мүмкін” (“Дискавер” журналы)

ӨМІР мина қойып тастаған жермен жүріп келе жатқанға теңеледі, себебі кез келген уақытта өмірімізден айырылуымыз немесе жарақат алуымыз мүмкін. Және көбінесе мұндай күйге күтпеген жерден ұшыраймыз. Қауіп-қатер әр елде әр түрлі болып келеді. Оларға автомобиль апаттары, азамат соғысы, аштық, СПИД, рак, жүрек аурулары және көптеген өзге де нәрселер жатады. Мысалы, Африкадағы Сахара шөлінің оңтүстігінде орналасқан аудандарда СПИД ауруы бірінші қатардағы кісі өлтіруші болып, өткен жылы “2,2 миллион адамның өмірін алып кетті. Бұл Африкадағы болған азамат соғыстарының барлығында қаза тапқандардан он есе көп” деп жазылды бір журналда (U.S.News & World Report).

Ал сол уақытта бүкіл дүние жүзінде өмірді ұзартуға және ауру мен мүгедектіктің қаупін азайтуға миллиардтаған қаржы жұмсалуда. Әрине, ішіп-жегендегі парасаттылық пен дене шынықтырумен айналысуға байланысты пікірлердің біраз пайдасы бар екені рас. Бірақ қауіпсіздеу және әлдеқайда тыныш өмір сүруге көмектесетін өмірдің маңызды әр саласына байланысты сенуге тұрарлық мәлімет көзі бар. Бұл мәлімет көзі — Киелі кітап. Онда біздің денсаулығымыз бен тұрмысымызға әсер ететін өмірдің барлық саласына қатысты басшылыққа алуға болатын кеңестер жазылған. Әрине, Киелі кітапта өмірде кездесетін қиыншылықтардың барлығы қарастырылмаған. Сөйткенмен де, онда тамақтануға, дене шынықтыруға, ой қалпына, жыныстық қатынасқа, спирттік ішімдіктер мен темекіге, есірткі (медициналық мақсатта емес) және өзге де көптеген нәрселерге байланысты бізге басшылық болатын керемет принциптер жазылған.

Сондай-ақ көптеген адамдардың өміріне қаржы тұрақсыздығы қауіп төндіруде. Бұл жағынан да Киелі кітап көмекке келеді. Ол ақшаға деген дұрыс көзқарас пен оны жұмсауға байланысты кеңестер беріп қана қоймай, қалай жақсы жұмысшы не жұмыс беруші болуға болатынын үйретеді. Былайынша айтқанда, Киелі кітап тек қаржының қауіпсіздігі мен денсаулыққа байланысты ғана емес, өмірдің өзі үшін де керемет басшылық болып табылады. Киелі кітаптың бүгінгі күні қалай тиімді бола алатынын білгіңіз келе ме? Онда келесі мақаланы оқуға шақырамыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу