Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w00 1.7. 3—4 бет.
  • Адамдар жұбанышқа зәру!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Адамдар жұбанышқа зәру!
  • 2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехобаның күшінен жұбаныш табыңдар
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қайғырып жүргендерді жұбатыңдар
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ехоба қиындық көрген кезіміздің бәрінде жұбатады
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • “Қайғырғандардың қайғысына ортақ болыңдар”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
Көбірек мәлімет
2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w00 1.7. 3—4 бет.

Адамдар жұбанышқа зәру!

“Міне, езілгендердің көз жасы көл болуда, бірақ жұбататын ешкім жоқ. Оларды езіп жатқандардың қолында күш бар, бірақ жұбататын ешкім жоқ” (ЕККЛЕСИАСТ 4:1).

СЕН жұбанышқа зәрусің бе? Шарасыздықтың қара түнегінен саңылау тауып, жанашырлық сәулесінің түсуін күтудесің бе? Өзегіңді өртеген қайғы мен бақытсыздыққа толы өміріңе сән беретін титтей болса да жанашырлық тапқың келе ме?

Кейде жанашырлық пен жұбанышқа мейлінше зәру болатын шақтар болып тұрады. Өйткені өмірдегі көптеген нәрселерден көңілімізді мұң шалады ғой. Бәріміз де қамқорлыққа, жылулық пен тілектестікке мұқтажбыз. Әлдебіреу қартайып қалғандығына қиналады. Өзге біреу өмірінің ойдағыдай болмағанына налып, түңіледі. Ал тағы біреу үшін тексерілуден кейін өзінің науқас екенін білуі қатты соққы болады.

Оның үстіне, әсіресе қазіргі уақытта адамдардың жұбаныш пен үмітке аса зәру екендігімен келіспейтіндер кемде-кем. Өткен ғасырдың өзінде соғыстарда жүз миллиардтан астам адам қаза таптыa. Қаза тапқандардың барлығының дерлік жақындары — ата-анасы, бауырлары, жесірлері мен жетімдері — жұбанышқа мейлінше мұқтаж. Бүгінгі күні дүние жүзі тұрғындарының миллиардтан астамы адам айтқысыз кедейлікте өмір кешуде. Әлем тұрғындарының жартысының медициналық көмек пен ең қажетті деген дәрі-дәрмекке қол жеткізуіне жиі мүмкіндіктері болмайды. Үлкен лас қалалардың көшелерінде миллиондаған тастанды балалар қаңғырып жүр. Олардың көпшілігі есірткі қабылдайды, жезөкшелікпен айналысады. Босқындарға арналған жатақтарда миллиондаған адамдар тұрмыс жағдайының нашарлығынан жапа шегуде.

Сөйтсе де статистика, қаншалықты рас болғанына қарамастан, кейбір адамдардың жанына батқан қайғы-қасіретінің бәрін бұлжытпай бейнелеп бере алмайды. Мысалы, Балканда тұратын Светлана деген бойжеткен өте кедей отбасында туылған болатынb. Ол былай деді: “Ақша табу үшін шешем мені қайыр сұрауға немесе ұрлық жасауға жіберетін. Отбасындағы қарым-қатынастың бұзылғаны соншалық, мені жақын туысым зорлады. Кейінірек мен даяшы болып жұмысқа орналастым. Шешем болса тапқан табысымды сыпырып алып отыратын, ал егер мен жұмысымнан айырылып қалатын болсам, ол өз-өзіне қол салатынын айтатын. Осы жағдайдың бәрі менің жезөкшелікпен айналысуыма себеп болды. Ол уақытта мен не бары он үш жаста болатынмын. Сосын мен жүкті болып қалып, түсік тастаттым. Он бес жасымда мен отыз жасардай көрінетінмін”.

Латвияда тұратын Лайманис деген жігіт өзінің жұбанышқа зәру болған шақтары мен өткеннің елесі жанын жеген кездері туралы әңгімелеп берді. Жиырма тоғыз жасында ол автокөлік апатына ұшырап, белінен төмен қарай сал болып қалады. Сосын ол қайғыдан ішкілікке салынып кетеді. Бес жылдан кейін Лайманис ішкіш, оның үстіне сал болып қалған, болашаққа деген үміті жоқ, әбден біткен адамға айналады. Оның қайдан жұбаныш табуына болар еді?

Ал мынау Энджимен болған оқиға. Энджидің күйеуі миына үш рет операция жасатқаннан кейін, денесінің сол жақ жартысы семіп қалады. Соңғы операциядан кейін бес жыл өткен соң, автокөлік апатына ұшырап, өлім аузынан қалады. Энджи жедел жәрдем бөлмесіне кіріп келіп, басына қатты зақым тиіп ес-түссіз жатқан күйеуін көргенде, мұның аяғы насырға шабатынын түсінеді. Оған да, оның отбасына да қиын-қыстау күндер туғалы тұр еді. Ол көмек пен жұбанышты қайдан таппақ?

Бірнеше жыл бұрын Пэт үшін қыстың кезекті бір күні кәдімгідей басталған сияқты болып көрінген. Алайда осыдан кейінгі үш күн оның жадында мүлдем жоқ еді. Күйеуі сол бір күні Пэттің кеудесінің қатты ауырып кетіп, жүрегінің соғу ырғағы өзгеріп, дүрсілі жиілеп кетіп, сосын мүлдем тоқтап қалғанын кейіннен оның өзіне айтып береді. Пэт дем алмай қалады. “Мен клиникалық өлім күйінде болдым”,— деді ол кейінірек. Сөйтсе де Пэт әлдеқалай аман қалады. Ауруханада өткізген ұзақ күндерін ол былай деп еске алды: “Дәрігерлер әр түрлі тексерулер жасағанда тұла бойымды үрей билейтін, әсіресе жүрегімді, алғаш тоқтап қалған кезіндегідей, жиырып, сосын оны мүлдем тоқтатып қоятын сынақтар жасайтын кезде”. Осындай қиын шақтарда не нәрсе оған медеу болып, жанына жұбаныш берген болар еді?

Джоу мен Ребекканың жиырма жасар ұлы автокөлік апатына ұшырап қаза болады. “Бұрын-соңды біз мұндай қайғыны бастан кешірмеген едік,— дейді олар. — Өзгелер жақынын жоғалтқанда олардың қайғысына ортақтасатынбыз, алайда өз басымызға туған қасірет жанымызға тым қатты батуда”. Осындай сүйікті адамынан айырылғандағы “жанға тым қатты бататын” қайғыны не нәрсе баса алар еді?

Осылар және тағы басқа миллиондаған адамдар көңілге медет болар жұбаныштың керемет қайнар көзін тапты. Оны қайдан табуға болатынын келесі мақаладан оқи аласыңдар.

[Сілтемелер]

a Соғыс жылдарындағы қаза болғандардың (бейбіт тұрғындарды қоса алғанда) нақты саны белгісіз. Мысалы, 1998 жылы жарық көрген “Америка соғыстары туралы айғақтар” деген кітапта жалғыз Екінші дүниежүзілік соғыс жайында былай делінген болатын: “Мәлімет көздерінің көпшілігі Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандардың жалпы саны 50 миллион болғандығына нұсқайды, бірақ бұл мәселені тереңірек зерттегендердің ойынша, бұл сан, шын мәнінде, екі есе жоғары” (Facts About the American Wars).

b Есімі өзгертіліп алынған.

[3-беттегі суреттер рұқсатымен]

UNITED NATIONS/PHOTO BY J. K. ISAAC

UN PHOTO 146150 BY O. MONSEN

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу