Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w00 1.2. 31-б.
  • Оқырмандардың сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырмандардың сауалдары
  • 2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Сонымен, бесіншіден, саясатқа араласпайтын болғандықтан Ехоба Куәгерлерінде «сөйлеу еркіндігі» бар. Сондықтан олардың Патшалық туралы маңызды хабарды кез келген саяси көзқарасты ұстанатын адамдармен бөлісулеріне еш нәрсе кедергі жасамайды (Еврейлерге 10:35, ЖД).
  • Туды дәріптеу, дауыс беру және азаматтық қызмет
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
  • Ехоба куәгерлері неге саясатқа араласпайды?
    Ехоба куәгерлері жөнінде жиі қойылатын сұрақтар
  • “Бұлар осы күнәкар дүниенің адамдары емес”
    Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер
  • Бастап қана қоймай, аяғына дейін жеткізіңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w00 1.2. 31-б.

Оқырмандардың сауалдары

Ехоба Куәгерлерінің дауыс беруге деген көзқарасы қандай?

Киелі кітапта осы сұраққа қатысты анық жазылған принциптер бар. Бұл принциптер мәсіхшілердің, Құдайдың қызметшілері ретінде, дауыс беруге дұрыс көзқараста болуына мүмкіндік жасайды. Алайда онда жалпы дауыс беруді айыптайтын бірде-бір принцип жоқ. Мысалы, директорлар кеңесінің корпорацияға қатысты мәселелерді дауыс беру арқылы шешуіне бөгет болатындай еш нәрсе жоқ. Ехоба Куәгерлері қол көтеріп дауыс беру арқылы кездесу өтетін уақытты анықтайды, сондай-ақ ортақ қаржыны жұмсау үшін шешім қабылдайды.

Саяси сайлауға қатысу жайында не айтуға болады? Рас, кейбір демократиялық елдерде тұрғындардың елу пайызға жуығы сайлауға бармайды. Ал егер Ехоба Куәгерлеріне келетін болсақ, олар өзгелердің дауыс беруіне кедергі жасамайды, сондай-ақ саяси сайлауға еш қарсылық көрсетпейді. Олар осындай жолмен сайланған әкімдерді сыйлайды, әрі олармен қарым-қатынастары да жақсы (Римдіктерге 13:1—7). Дауысқа түсіп жатқандардың қайсыбіріне дауыс беретін-бермейтінін әрбір Ехоба Куәгері өзі шешеді. Олар шешім қабылдаған кезде Құдайдың және мемлекеттің алдындағы өздерінің жауапкершіліктерін ескереді, сондай-ақ Киелі кітап бойынша тәрбиеленген ар-ұждандарына сүйенеді (Матай 22:21; 1 Петір 3:16). Шешім қабылдаған кезде әрбір Куәгер бірқатар факторларды ескереді.

Біріншіден, Иса Мәсіх өзінің ізбасарлары жайында: «Менің осы дүниелік еместігім сияқты, бұлар да сондай емес»,— деген болатын (Жохан 17:14). Ехоба Куәгерлері бұл принципке жауапкершілікпен қарайды. Олар «осы дүниелік емес», сондықтан саяси істерге араласпайды (Жохан 18:36).

Екіншіден, елші Пауыл өзін өз замандастарының арасындағы Мәсіхтің «елшісі» немесе өкілі атаған болатын (Ефестіктерге 6:20; 2 Қорынттықтарға 5:20). Ехоба Куәгерлері қазір Аспан Патшалығының тағында Иса Мәсіхтің отырғанына сенімді және олар елшілер сияқты, өзгелерге осы хабарды таратуға міндетті (Матай 24:14; Аян 11:15). Өкілдерден талап етілетін нәрсе — бейтараптық сақтап, барған жерлеріндегі мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау. Ехоба Куәгерлері өздерін Құдайдың аспан Патшалығының өкілдері ретінде есептейді, сондықтан олар өздері тұрып жатқан елдің саясатына араласуға құқығымыз жоқ деген көзқараста.

Үшіншіден, сайланған адамның істеген істері үшін дауыс берген адамға жауапкершілік жүктеледі. (1 Тімотеге 5:22, салыстырыңдар.) Мәсіхшілер жақсылып ойланып, осындай жауапкершілікті өз мойындарына алуды қалайтын- қаламайтынын анықтаулары керек.

Төртіншіден, Ехоба Куәгерлері мәсіхшілерге тән бірлікті жоғары бағалайды (Қолостықтарға 3:14). Діни ұйым саясатқа араласты дегенше, сол дінді уағыздайтындар көбінесе жік-жікке бөліне бастайды. Ал Ехоба Куәгерлері, Иса Мәсіхке еліктейтін болғандықтан, саясатқа араласпайды. Осының арқасында олардың мәсіхшілерге тән бірлігі сақталуда (Матай 12:25; Жохан 6:15; 18:36, 37).

Сонымен, бесіншіден, саясатқа араласпайтын болғандықтан Ехоба Куәгерлерінде «сөйлеу еркіндігі» бар. Сондықтан олардың Патшалық туралы маңызды хабарды кез келген саяси көзқарасты ұстанатын адамдармен бөлісулеріне еш нәрсе кедергі жасамайды (Еврейлерге 10:35, ЖД).

Жоғарыда келтірілген принциптерге сүйене отырып, көптеген елдерде Ехоба Куәгерлері саяси сайлауға қатыспауды ұйғарып жатады және олардың бұндай шешімі мемлекеттің заңына қайшы келмейді. Алайда заң азаматтардың дауыс бергенін талап етсе ше? Бұндай жағдайда әрбір Ехоба Куәгері өзінің ар-ұжданын, сондай-ақ Киелі кітаптың принциптерін ескере отырып шешім қабылдауы керек. Кімде-кім сайлау учаскесіне баруды ұйғарса — оны өзі біледі. Оның дауыс беру кабинасындағы іс-әрекеті Жаратушы екеуіне ғана белгілі іс болып қалады.

1950 жылғы 15 қарашадағы «Күзет мұнарасының» 445, 446-беттерінде (ағыл.) былай делінген: «Патша дауыс беруді талап ететін болса, [Куәгерлердің] сайлау учаскесіне барып, дауыс беретін кабинаға кіруіне болады. Оларға қойылатын талап — арнайы қағазға белгі қою не өз ойын жазу арқылы өз көзқарасын сол жерге келіп білдіру. Бюллетеньге қандай белгі қоятынын сайлаушының өзі шешеді. Дәл осы жерде, яғни дауыс беру кабинасында тұрған кезде, Құдайдың көріп тұрғанын естерінде ұстап, Куәгерлер Құдайдың өсиеттері мен өздерінің сенімдеріне сай әрекет жасаулары керек. Олардың қандай да бір белгіні қоюына нұсқау беруге біздің құқығымыз жоқ».

Құдайға сенбейтін күйеуі мәсіхші әйелдің дауыс беруін талап етсе ше? Мұндай жағдайда, мемлекеттік билігі бар әкімдерге әрбір мәсіхші қалай бағынса, әйел де күйеуіне солай мойынсұнады (1 Петір 2:13—17; Ефестіктерге 5:22). Күйеуінің айтқанын істеп сайлау учаскесіне баратын болса — әйелдің өз еркі. Ол әйелді сынап-мінеген дұрыс емес. (Римдіктерге 14:4, салыстырыңдар.)

Мемлекеттік заң дауыс беруді талап етпейтін, бірақ сайлау учаскесіне келмегендерге айналадағы жұртшылық қарсылық білдіріп, зәбір көрсетуі мүмкін елдер туралы не деуге болады? Немесе заң бойынша дауыс беруге міндетті емес жеке адамдар қандай да бір қатаң жазаға ұшыраса ше? Осындай кезде және осыған ұқсас жағдайларда шешімді әрбір мәсіхшінің өзі қабылдайды. «Әр адам өз міндетін атқаруға тиіс» (Ғалаттықтарға 6:5).

Ехоба Куәгерлерінің бірінің сайлау учаскесіне барып, екіншілерінің бармай жатқанын көрген кезде, кейбір елде тұратын адамдардың аң-таң болуы мүмкін. Сөйтіп олар Ехоба Куәгерлерінде дәйектілік жоқ деген айып тағуы мүмкін. Дегенмен, ар-ұждан бойынша іс-әрекет жасауды талап ететін мұндай мәселелерде мәсіхшінің жеке өзі шешім қабылдайтынын мойындау керек (Римдіктерге 14:12).

Кез келген шешімді қабылдаған кезде, Ехоба Куәгерлері мәсіхші ретінде бейтарап көзқарасты ұстанып, сөйлеу еркіндігін сақтап қалуға тырысады. Өздерінің діни нанымдарына қарама-қайшы әрекет жасамауы үшін Ехобаның ақыл, күш беретініне сеніп, олар барлық нәрсені Ехобаға сеніп тапсырады. Олар Забурде жазылған: «Менің жартасым да, қорғаным да Сенсің; Өзіңнің есімің үшін мені жетелеп, маған басшылық жаса»,— деген сөздерге сенеді (Забур 30:3).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу