Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w99 1.12. 32-б.
  • Олар «Құдайдан қорықты»

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Олар «Құдайдан қорықты»
  • 1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w99 1.12. 32-б.

Олар «Құдайдан қорықты»

Исраилдіктер мысырлықтардың құлдығында болған кезде, босанатын әйелдерге жәрдем беруші екі еврей әйел — Шифра мен Фуа қиын жағдайға тап болды. Сырттан келген халықтың тез өсіп-көбейуіне кедергі жасағысы келген перғауын, оларға былай деді: «Еврейлердің әйелдерінің босануына жәрдем берген кездеріңде... егер ұл болса, онда оны өлтіріңдер (Мысырдан көшу 1:15, 16).

Шифра мен Фуа «Мысыр патшасының айтқанын істеген жоқ», өйткені олар «Құдайдан қорықты». Сондықтан өздеріне қауіп төнсе де, олар ұл балаларды өлтірмеді. Нәрестелердің өмірін сақтап қалғаны үшін, «босануға жәрдем беретін әйелдерді» Ехоба марапаттай отырып, оларға «жақсылық жасады» (Мысырдан көшу 1:17—21).

Бұл оқиға Ехобаның өзіне қызмет еткен адамды бағалайтындығын көрсетеді. Әрине, Ехоба бұл екі әйелдің істеген әрекетін кәдімгі табиғи жанашырлық деп біліп, олардың батылдығын ғана бағалаған болар еді. Өйткені ешбір ақыл-есі дұрыс әйел жас нәрестелерді өлтірмес еді! Сонда да болса, басқа адамдардан қорыққанынан жан түршігерлік қылмыс жасағандардың болғаны, әрине, Ехобаның есінде болатын. Ол, бұл әйелдердің істеген әрекетінен олардың тек қана жақсылық жасайын деген ниетін емес, сондай-ақ олардың Құдайдың көңілінен шықпай қалудан қорқып, оған шын берілгендіктерін көрсеткенін түсінді.

Біздің адалдығымызды бағалайтын Құдайға қызмет еткеніміз қандай қуанышты! Мүмкін біздің ешқайсымыздың сеніміміз Шифра мен Фуа сияқты сынаққа түспеген болар. Дегенмен, мектепте, жұмыста немесе кез-келген жағдайда қалай болғанда да дұрыс шешім қабылдау үшін қажырлылық көрсеткен кезімізде, Ехоба біздің сүйіспеншілігіміз бен шын берілгендігімізді, бұл өздігінен солай болу керек деп ойламайды. Ол «Оны іздегендерге тиістісін береді» (Еврейлерге 11:6). Иә, «өйткені, Оның есімі үшін, сендердің қасиеттілерге ертеде де, қазір де істеп жатқан сүйіспеншілікке толы еңбектерің мен игі істеріңді ұмытатындай, Құдай әділетсіз емес» (Еврейлерге 6:10).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу