Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w99 1.11. 23—27 бет.
  • Жастар, түйсіну қабілетін дамытыңдар!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жастар, түйсіну қабілетін дамытыңдар!
  • 1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Түйсіну қабілетін дамыту жолдары
  • Көңіл көтеруге деген байымды көзқарас
  • Білім алуды ақылмен жоспарлау
  • Екі жастың кездесіп жүрген кезде өнегелі болуы
  • «Жастайынан» тәлім алу
  • ‘Жақсы мен жаманды айыра білесіңдер’ ме?
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ойлау қабілетімізді машықтандыра берейік
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Әрқайсың жеке бастарыңды сынаңдар!”
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Әркім өз жүгін өзі көтереді”
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w99 1.11. 23—27 бет.

Жастар, түйсіну қабілетін дамытыңдар!

«Тек рухани кемеліне келгендер ғана „қатты тағамдарды“ жей алады. Байыппен ойлауға дағдыланғандықтан да олар жақсы мен жаманды айыра біледі» (ЕВРЕЙЛЕРГЕ 5:14).

1, 2. а) Қазіргі жағдайды Ефесте өмір сүрген алғашқы мәсіхшілердің жағдайымен салыстырыңдар. ә) Қандай қабілеттердің арқасында қауіпті жағдайлардан аман қалуыңа болады және бұндай қабілеттерді қалай дамытуға болады?

«ПАРАСАТСЫЗ емес, парасатты өмір сүруге ерекше ден қойыңдар: жақсылық жасауға әр мүмкіндікті пайдаланыңдар, өйткені қазіргі күндер зұлымдыққа толы» (Ефестіктерге 5:15, 16). Бұл сөздерді Пауыл екі мың жыл бұрын жазғандықтан, бүгінгі күні «қара ниеттілер мен алаяқтар бұрынғыдан бетер жамандық жасап» жатыр деуге болады. Біз «қиын қыстау» немесе Филлипстің аудармасында айтылғандай «қауіпке толы» кезеңде өмір сүріп жатырмыз (2 Тімотеге 3:1—5, 13).

2 Сөйтсе де, «зеректік... білім мен парасат» дамытар болсаң, жолыңда тосқауылдап жатқан қатерден қашып құтыла аласың (Нақыл сөздер 1:4). Нақыл сөздер 2:10—12-де былай делінген: «Жүрегіңе даналық ұялап, білім жаныңа жағымды болған уақытта, сені парасаттылық қалқалап, ақыл қорғайтын болады; Жаман жолдан, жалған сөйлейтін адамнан сақтайды». Бірақ «парасаттылық» пен «ақылды» қалай дамытуға болады? Еврейлерге 5:14-те былай деп жазылған: «Тек рухани кемеліне келгендер ғана „қатты тағамды“ жей алады. Байыппен ойлауға дағдыланғандықтан да олар жақсы мен жаманды айыра біледі». Кез келген шеберлікке яки ептілікке үйрену керек болғанындай, «байыппен ойлануға дағдылануды да», яғни түйсіну қабілетін дамытуды да үйрену керек. Пауыл қолданған грек сөзінің сөзбе-сөз мағынасы «гимнаст сияқты жақсылап машықтануды» білдіреді. Түйсіну қабілетіне «машықтануды» неден бастауға болады?

Түйсіну қабілетін дамыту жолдары

3. Түйсіну қабілетін іске қосу дегеніміз не және шешім қабылдағанда не істеу керек?

3 Түйсіну немесе жаманнан жақсыны айыра білу қабілетінің «дағды» арқылы пайда болатынын ескергенің жөн. Шешім қабылдау керек болған кезде, қандай да бір болжам жасап, ішкі сезіміңе жүгініп немесе көптің соңына еретін болсаң, қабылдаған шешіміңнің дұрыс болуы екіталай. Ақылмен шешім қабылдау үшін, түйсіну қабілетін дамыту керек. Қалайша? Біріншіден, болған жағдай жөнінде толық бағдар жинап, мәліметке қанық болу керек. Қажет деп тапсаң сұрақ қой. Нені таңдай алатыныңды анықтап ал. Нақыл сөздер 13:16-да: «Әрбір ақылды адам біліммен әрекет етеді»,— делінген. Бұдан кейін, Киелі кітаптың заңдары мен принциптерінің қайсысының осы іске қатысы бар екенін анықта (Нақыл сөздер 3:5). Ол үшін, әрине, Киелі кітаптың ілімінен хабардар болу керек. Сондықтан Пауыл, «қатты тағам» қабылдауға, яғни ақиқаттың «қаншалықты кең де көз жеткісіз, терең де биік екенін» жете түсінуге шақырады (Ефестіктерге 3:18).

4. Құдайдың принциптерін білудің біз үшін неге маңызы зор?

4 Кемелсіз болғандықтан біз күнә жасауға бейімбіз, сондықтан ақиқатты жете түсінудің біз үшін маңызы зор (Жаратылыс 8:21; Римдіктерге 5:12). «Бәрінен де адамның жүрегі айлакер және әбден бүлінген, кім оны түсіне алады?» — делінген Еремия 17:9-да. Басшылық ретінде Құдайдың принциптеріне сүйенбестен, тәніміздің қалауы бойынша жаманды жақсы деп қабылдап, өзімізді-өзіміз алдауымыз мүмкін (Ишая 5:20 салыстырыңдар). Забур жыршысы былай деп жазған: «Жас жігіт қалай ақ жолмен жүре алады? Сенің сөзіңді орындауымен, Тәңірім. Сенің бұйрықтарың маған ақыл берді, сондықтан жалғандық атаулының жолын жек көремін» (Забур 118:9, 104).

5. а) Жастардың көбісінің ақ жолдан тайып кетуінің себебі неде? ә) Бір жас қыз қалай ақиқатты түсінді?

5 Мәсіхші отбасында тәрбиеленген жастардың кейбіреулері ақ жолдан неге тайып кетті? Бәлкім, Құдайдың «еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата» білмегендіктен болар? (Римдіктерге 12:2). Мүмкін, жас өспірім ата-анасымен қауым жиналысына баратын болар, Киелі кітаптың негізгі ілімдерінің кейбіреулерінің мәнін де түсіндіре алатын шығар. Бірақ, өз көзқарасын тиянақты нәрсеге негіздеп, немесе Құдай Сөзінің ілімдерін тереңірек түсіндіріп беруді сұрасаң, олардың білімінің таяз екенін көресің. Бұндай ұл-қыздарды адастырып теріс бағытқа салу оп-оңай (Ефестіктерге 4:14). Егер осы айтылған нәрселер саған да қатысты болса, жағдайдың мәнісін өзгерту үшін неге бар күшіңді салмасқа? Бір жас мәсіхші қыз: «Мен бәрін мұқият тексеретінмін. Өзіме: „Неге мен осы дінді ақиқат деп есептеймін? Ехоба деген Құдайдың шын мәнінде бар екенін мен қалай дәлелдей аламын?“ деген сұрақтар қоятынмын»,— деп есіне алдыa. Бұл жас мәсіхші Жазбаларды зер салып тексере отырып, ата-анасының үйреткендерінің бәрінің шындық екеніне көз жеткізді! (Елшілердің істері 17:11 салыстырыңдар).

6. Қалай Ехоба «Құдайға не ұнайтынын білуге» болады?

6 Ехобаның принциптерін терең зерттеп қаруланып алатын болсаң, «Құдайға не ұнайтынын білу» оңайырақ болады (Ефестіктерге 5:10). Сөйтсе де, кейбір жағдайларда қандай шешім қабылдағаның дұрыс екенін білмесең ше? Ехобадан басшылық сұрап дұға ет (Забур 118:144). Ата-анаңмен немесе рухани кемеліне келген мәсіхшілермен сөйлесіп көр (Нақыл сөздер 15:22; 27:17). Киелі кітапты және Күзет Мұнарасы Қоғамының басылымдарын зерттеу арқылы да жақсы басшылық табуға болады (Нақыл сөздер 2:3—5). Түйсіну қабілетін қаншалықты іске қосар болсаң, ол соншалықты өткір болады.

Көңіл көтеруге деген байымды көзқарас

7, 8. а) Құрбы-құрдастар кездесуіне баруды, я бармауды шешкенде түйсіну қабілетін қалай танытуға болады? ә) Киелі кітаптың көңіл көтеруге деген көзқарасы қандай?

7 Нақты жағдайда түйсіну қабілетін қалай танытуға болатынын қарастырып көрелік. Мысалы, құрбыларың сені бірге уақыт өткізуге шақырды делік. Бәлкім, шақыру қағазын да алған боларсың. Жас Куәгерлер көп болады деп естідің. Бірақ, келгендердің бәрінен шыққан шығынды өтеу үшін ақы алынады. Бұндай жерге бару керек пе?

8 Міне дәл қазір түйсіну қабілетін іске қосу керек. Алдымен, болатын жағдайды толық көз алдыңа елестет. Қанша адам жиналады? Кім келеді? Кездесу қай уақытта басталып, қай уақытта аяқталады? Жастар немен айналысады? Тәртіп сақталуын кім қадағалайды? Сосын, «Күзет Мұнарасы жариялымдарының көрсеткішін» (ағыл.) пайдаланып «Құрбы-құрдастар кездесуі», «Көңіл көтеру» сияқты бөлімдер арқылы зерттеулер жасап көрb. Зерттеу барысында не анықталуы мүмкін? Мысалы, Ехобаның көзқарасы бойынша құрбы-құрдастарыңмен кездесіп көңіл көтергенде тұрған ештеңе жоқ екені анықталуы мүмкін. Өйткені Екклесиаст 8:15-те еңбектенумен қатар «адамның күн астындағы тіршілігінде ішіп-жеп, шаттанудан артық еш нәрсе жоқ» екендігі айтылған. Тіпті Иса Мәсіх те кейбір ерекше жағдайларда қонаққа барған, ол кем дегенде бір тойда болған (Лұқа 5:27—29; Жохан 2:1—10). Егер шегін білер болсаң, құрбы-құрдастармен кездескенде уақытты пайдалы өткізуге болады.

9, 10. а) Құрбы-құрдастар кешінде қандай жасырын қауіп болуы мүмкін? ә) Отырысқа баруды шешпес бұрын өзіңе қандай сұрақтар қоюға болады?

9 Бірақ, дұрыс ұйымдастырылмаған кештердің бірден байқала қоймайтын астыртын қаупі болуы мүмкін. 1 Қорынттықтар 10:8-ден қатынасуға болмайтын адамдармен қарым-қатынаста болудың соңы азғындыққа әкеліп соғып, «[әділетсіз исраилдіктердің] жиырма үш мыңы бір күнде өлім құшқаны» туралы мәліметті оқуға болады. Римдіктерге 13:13-те тағы бір сергітетіндей ескерту бар: «Күндізге жарасатындай әдетпен өмір сүрейік: шектен тыс той-думанға, маскүнемдікке, неке адалдығын бұзуға, азғындыққа, дау-дамайға, әрі күндестікке салынбайық!» (1 Петір 4:3 салыстырыңдар). Құрбы-құрдастардың кездесу кешіне қанша адам келетінін тура білу мүмкін емес. Бірақ, адам көп болса тәртіп сақтау қиындау болатыны тәжірибеден белгілі. Ал азғана адамдар үшін ұйымдастырылған кештің «жүгенсіздікке» немесе «жын-ойнаққа» айналуы екіталай (Ғалаттықтарға 5:21).

10 Зерттеу барысында сенде басқа да сұрақтардың тууы сөзсіз. Мысалы мынадай: Бұл кеште рухани кемеліне келген ересек мәсіхшілердің бірі болады ма? Бұл кештің шығынын мойнына кім алады? Бұл кеш пайдалы қарым-қатынас үшін ұйымдастырылған ба, жоқ әлде әлдекімнің жеке пайдасы көзделеді ме? Егер кеш демалыс күндеріне жоспарланған болса, келесі күні барлығы уағыздауға бара алатындай күйде болу үшін, уақтылы аяқталады ма? Сондай-ақ, егер музыка, би болатын болса, олар мәсіхшіге қойылатын талаптарға қайшы келмейді ме? (2 Қорынттықтарға 6:3). Мұндай сұрақтар қою оңайға соқпайтын болар. Бірақ Нақыл сөздер 22:3-те бізге: «Ақылды қатерді көреді де, жасырынып қалады, ал тәжірибесіздер алға жүреді де, жазаланады»,— деген ескерту берілген. Иә, түйсіну қабілетін іске қосып, қатерден аман қалуға болады.

Білім алуды ақылмен жоспарлау

11. Жастар болашақ өмірін жоспарлағанда түйсіну қабілетін қалай іске қосулары керек?

11 Киелі кітап болашақ туралы ойлау ақылдының ісі екендігін айтады (Нақыл сөздер 21:5). Ал сен өз болашағың туралы ата-анаңмен сөйлестің бе? Мүмкін, ізашар ретінде толық уақтылы қызметті бастауды ойлап жүрген боларсың. Расында да, басқа ешқандай іс сені бұншалықты қанағатқа бөлей алмайды. Егер Киелі кітапты зерттеуді әдетке айналдырып, сондай-ақ, уағыздау қызметіне қажетті дағды дамытар болсаң, онда сен осы тамаша іске кірісуге дайын боласың деуге болады. Ізашар болып қызмет еткен уақытта, өзіңді қамтамасыз ету үшін қаржыны қалай табуға болатынын ойладың ба? Егер болашақта отау тігер болсаң, осыншама үлкен жауапкершілікті мойныңа алуға даярсың ба? Осындай сұрақтарға байланысты байымды, әрі орындауға болатын шешімдер қабылдау үшін түйсіну қабілетін іске қосу қажет.

12. а) Кейбір отбасы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығына қалай бейімделуде? ә) Қосымша білім алу ізашар болып қызмет етуге кедергі болады ма? Түсіндіріңдер.

12 Кейбір жерлерде бір мекемеге үйренуші ретінде жұмысқа орналасып, жақсы мамандық алып шығуға болады. Жастардың кейбіреулері ата-анасының мамандығын игеруді үйренеді немесе өз кәсібі бар ересек достарына үйренуші болып жұмысқа орналасады. Ал басқалары, ертеңгі күні өмірде қажет болатын бағамдарды мектепте оқып жүргенде бітіріп шығады. Бұндай мүмкіндіктер жоқ жерлерде ата-аналар бар жағдайды жақсылап салмақтап-саралап, балаларының мектептен соң қосымша білім алуын қамтамасыз етуіне болады. Алдын ала болашақты ойлап, ересек адам ретінде өз міндетін атқаруға дайындалу, әсіресе ұзақ уақыт ізашар болып қызмет ету мақсатымен дайындалу, Құдай Патшалығын екінші орынға ысырып коюды білдірмейді (Матай 6:33). Ал қосымша білім алу, ізашар болып қызмет ету мүмкіндігінен айырмайды. Мысалы, бір жас мәсіхші қыз ізашар болып қызмет етуді ұзақ уақыт армандайды. Өздері де ізашар болып қызмет ететін ата-анасы, қыздары мектепті тамамдаған кезде қосымша білім алуына мүмкіндік жасады. Оның оқу барысында ізашар ретінде қызмет етуге мүмкіндігі болды, ал енді ізашар ретінде қызмет етуін жалғастыра отырып, өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мамандығы да бар.

13. Отбасы мүшелері қосымша білім алудың шығынын қалай ескерулері керек?

13 Әрбір отбасы қосымша білім алу туралы мәселені өзі шешуге құқылы, қабылдаған шешімдерінен туған жауапкершілікті де өз мойнына алады. Егер қосымша білім алуға қатысты жақсы талғам жасалған болса, оның жемісі жақсы болады. Бірақ, керісінше, білім алу қақпан болуы да мүмкін. Қосымша білім алуды ойлағанда сен қандай мақсатты көздейсің? Ересек адамның мойнына жүктелетін міндетті жақсылап орындауды ма? Жоқ, әлде сен «өзіңе тым ұлы нәрсе сұрайсың» ба? (Еремия 45:5; 2 Салониқалықтарға 3:10; 1 Тімотеге 5:8; 6:9). Ал үйден алыс жақта, студенттер жатақханасында тұрып оқуға тура келсе ше? Бұл ақылдылыққа жатады ма? Өйткені Пауыл «араммен араласқан адал әдетінен айырылады» деп ескерткен ғой (1 Қорынттықтарға 15:33; 2 Тімотеге 2:22). «Осы заманның ақыры таяп қалғанын да» ұмытпа (1 Қорынттықтарға 7:29). Білім алуңа қанша жыл кетеді? Жастық шағыңның жартысынан көбі білім алуға кетуі мүмкін бе? Олай болса, Киелі кітаптағы «жастық шағыңда Жаратушыңды ұмытпа» деген кеңесті қалай орындай аласың? (Екклесиаст 12:1). Тағы да айта кететін бір жай, қауым жиналысына бару, уағыз айту және Киелі кітапты жеке зерттеу сияқты мәсіхшілер үшін маңызы зор істерге уақыт бөле аласың ба? (Матай 24:14; Еврейлерге 10:24, 25). Егер түйсіну қабілетің өткір болса, ата-анаңмен бірге болашақты жоспарлағанда, рухани мақсаттарды көздеуді ешқашан ұмытпайтын боласың.

Екі жастың кездесіп жүрген кезде өнегелі болуы

14. а) Назды сезім танытқанда қыз бен жігіт қандай принципті есте сақтаулары керек? ә) Кейбір қыз бен жігіттер қалай абайсыздық жасады?

14 Екі жас кездесіп жүргенде де түйсіну қабілетін таныта білуі керек. Сүйікті адамға назды сезім танытуды қалағанның еш оғаштығы жоқ. Сүлеймен жазған Өлеңдердің Өлеңінде әңгімеленетін өнегелі ғашықтар, некелеспес бұрын бір-біріне қандай да бір наздылық көрсетсе керек (Өлеңдердің өлеңі 1:2; 2:6; 8:5). Сол сияқты, қазіргі жастардың да қол ұстасып жүргенінде, сүйісіп немесе құшақтасқанында тұрған ешнәрсе жоқ, әсіресе олар жақында бас қосатын болса. Бірақ есіңде болсын: «Өзіне сенген адам, ақымақ» (Нақыл сөздер 28:26). Өкінішке орай, кейбір жастар абайсыз әрекет етіп, еліктірілуге душар болып қалатын жағдайлардан аулақ жүрмеді. Күшейе түскен наздылық сезімдерін тізгіндей алмай, жүгенсіздікке, тіпті азғындыққа дейін барды.

15, 16. Екі жас кездесіп жүрген кезде өнегесіздіктен аулақ болу үшін қандай ақылға қонымды сақтық шараларын қолдануына болады?

15 Кездесіп жүргенде болашақ жұбайыңмен жолығуға лайық емес жерде оңаша қалу парасаттылыққа жатпайды. Сондықтан құрбы-құрдастардың арасында немесе қоғамдық орындарда кездескен дұрыс. Кездесіп жүрген қыз бен жігітің кейбіреулері өздерімен бірге үшінші адамның жүргенін қалайды. Оның үстіне, Ошия 4:11-дегі сөздерге көңіл қойшы: «Шарап пен ішімдік олардың жүректерін арбап алды». Ішімдік адамды дұрыс ойлау қабілетінен айырады. Қыз бен жігіт ішімдіктің әсерімен бармақ тістетер іс жасап қоюы мүмкін.

16 Нақыл сөздер 13:10-да былай делінеді: «Тәкаппарлықтан алауыздық туады, ал кеңескендерден ақыл шығады». Иә, «кеңесіңдер» де қарым-қатынастарыңның қандай болатынын алдын ала ашып алыңдар. Өзара наздылық танытудың шектерін белгілеп алыңдар, бір-біріңнің сезімдерің мен ар-ұждандарыңды сыйлаңдар (1 Қорынттықтарға 13:5; 1 Салониқалықтарға 4:3—7; 1 Петір 3:16). Әуелгі кезде бұндай нәрселерді әңгіме ету оңай болмайтын шығар, бірақ осылайша қиындық тудыратын ауыр мәселелерді түп тамырымен жоюға болады.

«Жастайынан» тәлім алу

17. «Үміт артары» Ехоба екенін Дәуіт қалай көрсеткен және бұдан қазіргі жастардың қандай сабақ алуына болады?

17 Шайтанның қақпанына түсіп қалмауың үшін сен өте қырағы болуың керек, ал кейде батылдық та көрсету керек болады. Кей жағдайларда құрбы-құрдастарыңа ғана емес, бүкіл дүниеге қарсы тұруыңа тура келеді. Забур жыршысы Дәуіт былай деп дұға еткен: «Үміт артарым Сенсің, Тәңір Құдайым, жастайымнан Өзіңе үміт артамын... Уа, Құдайым! Сен маған жастайымнан өсиет айттың, ал мен осы уақытқа дейін Сенің кереметтеріңді жария етудемін» (Забур 71:5, 17)c. Дәуіт өзінің батылдығымен танымал болған. Алайда бұндай қасиетті ол өз бойында қашан тәрбиелеген? Жастық шағында! Аты шулы Ғолиятқа қарсы шықпай тұрып-ақ Дәуіт батылдық танытқан болатын. Ол әкесінің малын бағып жүргенде арыстан мен аюды өлтірген еді (1 Патшалық 17:34—37). Сөйткенмен, өзінің ер жүректігі үшін Құдайға ғана борышты екенін көрсетіп, Дәуіт «үміт артары» Ехоба екендігін айтқан. Ехобаға үміт артқандықтан, Дәуіт кез келген сынақтарға төтеп бере алды. Егер Ехобаға үміт артар болсаң, оның саған да «дүниені жеңуге» батылдық пен күш беретіні сөзсіз (1 Жохан 5:4).

18. Құдайды қастерлейтін жастарға қандай өсиет беріледі?

18 Өзің сияқты мыңдаған ұл-қыздар батылдық танытып, шомылдыру рәсімінен өткен ізгі хабар жариялаушылары ретінде қызмет атқарып жүр. Жастар, сендердің осындай сенім мен батылдық танытып жүргендерің үшін, біз Құдайға ризамыз! Бұдан былай да осы дүниенің құмарлықтарынан аулақ жүруге бел байлаңдар (2 Петір 1:4). Киелі кітапты зерттеу арқылы дамытқан түйсіну қабілетіне жүгінуді тоқтатпаңдар. Осылай етер болсаңдар, қазірдің өзінде түрлі азғырулардан аман боласыңдар, оның үстіне болашақтағы апаттан құтқарыла аласыңдар. Иә, соңғы мақаламызда талқыланатындай, өмірлеріңді табысты ете алатын боласыңдар.

[Сілтемелер]

a 1998 жылдың қазан айының 22-жұлдызындағы «Ояныңдар!» (ор.) журналының «Жастардың сұрақтары» айдарында басылған «Ақиқатты қалай түсінуге болады?» мақаласын қараңдар.

b Осы тақырыпқа байланысты 1992 жылғы тамыз айының 15-жұлдызындағы «Күзет мұнарасы» журналының (ор.) «Көңіл көтеру уақытын пайдаға асырыңдар, қақпанға түсіп қалмаңдар» мақаласынан көптеген құнды мәлімет алуға болады.

c Забурдің 70-жыры, бірінші тармағында Дәуіт жазғаны көрсетілген 69-жырдың жалғасы болса керек.

Қайталауға арналған сұрақтар

◻ Жастар түйсіну қабілетін қалай дамыта алады?

◻ Мәсіхші құрбыларының кездесу кешіне баруға шешім қабылдау үшін, ұл немесе қыз түйсіну қабілетін қалай іске қосуы керек?

◻ Білім алуды жоспарлағанда нені ескерген дұрыс?

◻ Кездесіп жүрген қыз бен жігіт қалай өнегесіздіктен аулақ бола алады?

[26-беттегі сурет]

Шағын кездесуде тәртіп сақтау оңай және бұндай кездесудің думанды сауық-сайранға айналып кетуі екіталай.

[26-беттегі сурет]

Балаларының білім алуды жоспарлауына ата-аналары көмектесуі керек.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу