Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lff 36-саб.
  • Барлық кезде шыншыл болыңыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Барлық кезде шыншыл болыңыз
  • Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ
  • ТҮЙІНДЕМЕ
  • ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ
  • Шыншылдықты шын сүйіңіз
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
  • Барлық жағдайда адал болыңдар
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
  • Адалдық жақсылыққа жетелейді
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Гауһар тастан да бағалы қасиет
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
Көбірек мәлімет
Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
lff 36-саб.
36-сабақ. Ер адам құжатқа қол қойып жатыр.

36-САБАҚ

Барлық кезде шыншыл болыңыз

Баспа басылымы
Баспа басылымы
Баспа басылымы

Досының шыншыл болғанын кім қаламайды дейсіз?! Ехоба да достарының шыншыл болғанын қалайды. Өкінішке қарай, жалғандыққа толы мына дүниеде шындықтан аттамау оңай емес. Әйтсе де барлық жағдайда шыншыл болудың пайдасы көп. Қандай?

1. Шыншыл болудың ең басты себебі қандай?

Өзгелермен шыншыл болсақ, Ехобаны жақсы көретінімізді әрі оны құрметтейтінімізді көрсетеміз. Негізінде, Ехобадан еш нәрсені жасыра алмаймыз. Оған біздің барлық ойымыз да, ісіміз де аян (Еврейлерге 4:13). Біз ақиқаттан аттамауға бекінсек, Ехоба қатты қуанады. Оның Сөзінде: “Ехоба арамза адамнан жеркенеді, шыншыл адаммен жақын дос болады”,— делінген (Нақыл сөздер 3:32).

2. Қай кездері шыншыл болуымыз керек?

Ехоба “бір-бірімізге шындықты айтқанымызды” қалайды (Зәкәрия 8:16, 17). Қай кездері? Біз үй ішіндегілермен, әріптестерімізбен, қауымдағы бауырластармен және мемлекеттік қызметкерлермен сөйлескенде өтірік айтпаймыз, шатастыратын бұрыс мәлімет те бермейміз. Шыншыл адамдар біреудің затын ұрламайды, біреуді алдап-соқпайды (Нақыл сөздер 24:28 бен Ефестіктерге 4:28 оқыңыз). Сондай-ақ олар төлеу керек салықтың бәрін төлейді (Римдіктерге 13:5—7). Иә, біз барлық жағдайда адал жүріп-тұрғымыз келеді (Еврейлерге 13:18).

3. Шыншылдықтың берер пайдасы қандай?

Шыншыл деген атымыз болса, адамдар бізге сенеді. Қауымда да бәрі үйде жүргендей сезініп, алданып қаламын деп қорықпайды. Ар-ұжданымыз да тыныш болады. Сондай-ақ турашылдығымыз “Құтқарушымыз Құдайдың ілімін көркейтіп”, адамдарды шынайы ғибадатқа тартады (Титке 2:10).

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Шыншылдыққа Ехоба қалай қарайтынын, оның бізге қандай пайдасы бар екенін және түрлі жағдайларда қалай шыншыл бола алатынымызды білейік.

4. Шыншылдықты Ехобаның жаны сүйеді

Зәбүр 44:21 мен Малахи 3:16 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Шындықты жасырып қала аламын деп ойлау неге дұрыс болмас еді?

  • Қалай ойлайсыз, қиын болса да шындықты айтуға бекінсек, Ехоба не сезінеді?

Кішкентай қызы қасында тізерлеп отырған әкесіне сөйлеп тұр. Бір стақан шырын үстелде төгіліп жатыр.

Балалар шындықты айтса, ата-анасы қуанады. Біз шындықты айтсақ, Ехоба қуанады

5. Шындықты әрдайым серік етіңіз

Көп адам әр жағдайда ақиқатты айтудың қажеті жоқ деп ойлайды. Бірақ неге кез келген жағдайда шыншыл болу маңызды екенін білейік. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.

БЕЙНЕРОЛИК: “Қуанышқа кенелтетін не? Таза ар-ұят” (2:32)

“Қуанышқа кенелтетін не? Таза ар-ұят” бейнеролигінен үзінді: Бэн бастығына қымбат тұратын құрылғыны сындырғанын айтып болған соң, екеуі қол алысып жатыр.

Еврейлерге 13:18 оқып, мына жағдайларда қалай шыншыл бола алатынымызды талқылаңыздар:

  • отбасымызда;

  • жұмыста я мектепте;

  • басқа да жағдайларда.

6. Шыншылдықтың пайдасы

Біз шындықты айтамыз деп қиындыққа тап болуымыз мүмкін. Әйтсе де түбінде шындық жеңіп шығады. Зәбүр 34:12—16 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Шыншылдық өміріңізді қалай көркейтеді?

A. Күйеуі мен әйелі кофе ішіп отырып әңгімелесіп жатыр. Ә. Көлік жөндейтін жерде механик болып істейтін адамды бастығы мақтап жатыр. Б. Көлік жүргізушісі полиция қызметкеріне құжатын көрсетіп жатыр.
  1. А. Шыншыл күйеу мен әйел некелерін нығайтады

  2. Ә. Шыншыл жұмысшы бастығының сеніміне кіреді

  3. Б. Шыншыл азаматтардың мемлекеттік қызметкерлердің алдында абыройы өседі

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Арасында өтірік айтса болады, біреуге зияны тимесе болды ғой”.

  • Неге Ехоба барлық өтірікті жек көреді деп ойлайсыз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Ехоба достарының не айтса да, не істесе де, әрдайым шыншыл болғанын қалайды.

Қайталау

  • Қай кездері шыншыл болу керек?

  • Шындықты жасырып қала аламыз деп ойлау неге дұрыс болмас еді?

  • Неге сіз барлық уақытта шыншыл болғыңыз келеді?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Ата-аналар балаларына шыншыл болуды қалай үйрете алады?

“Шыншыл болайық” (1:44)

Уәделерімізде тұрсақ, оның қандай пайдасын көреміз?

“Уәдеңізде тұрып, батаға кенеліңіз” (9:09)

Салықтың дұрыс пайдаланып жатпағанын білсек те, неге оны төлеуіміз керектігін біліңіз.

“Салық төлеу керек пе?” (“Күзет мұнарасы”, 1 қазан, 2011)

Алаяқ болған бір кісіге өмірін өзгертіп, шыншыл болуға не көмектесті?

“Мен Ехобаның мейірімді де рақымды екенін білдім” (“Күзет мұнарасы”, 1 мамыр, 2015)

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу