Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lff 31-саб.
  • Құдай Патшалығы деген не?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай Патшалығы деген не?
  • Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ
  • ТҮЙІНДЕМЕ
  • ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ
  • Құдайдың Патшалығы деген не?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Құдай Патшалығы деген не?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Құдай Патшалығы не істейді?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Құдай Патшалығы басқаруда
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
Көбірек мәлімет
Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
lff 31-саб.
31-сабақ. Көкте Патша болған Иса Ехобаның салтанатының алдында тұр.

31-САБАҚ

Құдай Патшалығы деген не?

Баспа басылымы
Баспа басылымы
Баспа басылымы

Құдай Патшалығы — Киелі жазбалардың басты тақырыбы. Ехоба осы Патшалық арқылы өзінің әуел бастағы жерге байланысты ниет-қалауын орындайды. Олай болса, Патшалық деген не? Оның қазір билік етіп жатқанын қайдан білеміз? Ол осы уақытқа дейін нені жүзеге асырды? Ал болашақта не істейді? Осы және келесі екі сабақта бұл сұрақтардың жауабын табамыз.

1. Құдай Патшалығы деген не және оның Патшасы кім?

Құдай Патшалығы деген — Ехоба Құдай орнатқан үкімет. Оның Патшасы — Иса Мәсіх. Ол көктен билік жүргізеді (Матай 4:17; Жохан 18:36). Киелі кітапта Иса туралы: “Мәңгілік бойы Патша ретінде билік етеді”,— делінген (Лұқа 1:32, 33). Құдай Патшалығының Патшасы ретінде Иса жержүзіндегі барлық адамзаттың үстінен билік етеді.

2. Исамен бірге кімдер билік етеді?

Иса жалғыз билік етпейді. “Әрбір рудан, тілден, халықтан және ұлттан шыққан адамдар” жер бетіне билік жүргізеді (Аян 5:9, 10). Сонда Мәсіхпен бірге билік ететіндердің саны қанша? Иса жерге келгеннен бастап, миллиондаған адам оның ізбасары болды. Бірақ олардың 144 000-ы ғана көкке барып, Исамен бірге билік етеді (Аян 14:1—4 оқыңыз). Ал қалған мәсіхшілер сол Патшалықтың жердегі азаматы болады (Зәбүр 37:29).

3. Құдай Патшалығы адамдардың үкіметтерінен қай жағынан асып түседі?

Үкімет билеушілері игі істер жасағысы келеді-ақ, бірақ соның бәрін істеуге олардың шамалары жетпейді. Бұдан қалса, ерте ме, кеш пе, олардың орнын басқа адамдар басады. Ал бұл билеушілер халықтың мүддесін ойлағысы келмеуі мүмкін. Құдай Патшалығының билеушісі Исаны болса ешкім, ешқашан алмастырмайды. Өйткені Құдай “ешқашан жойылмайтын патшалық орнатады” (Даниял 2:44). Иса бүкіл жержүзіне билік етеді және ол біреуді біреуден артық көрмей, бәріне бірдей қарайды. Оның сүйіспеншілігі, мейірімі мен әділдігі мол. Ол адамдарға да бір-біріне сүйіспеншілікпен, мейіріммен, әділдікпен қарауды үйретеді (Ишая 11:9 оқыңыз).

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Құдай Патшалығы неліктен адамдардың үкіметтерінен артық екенін қарастырайық.

Иса Мәсіх көктегі тағынан жер бетіне билік жүргізуде. Артқы жағында онымен бірге билік ететіндер отыр. Ал олардың артында жарқыраған нұрға бөленген Ехоба.

4. Құдай Патшалығы бүкіл жер бетіне билік етеді

Иса Мәсіхтің қолында орасан зор билік бар. Тарихта оған тең келетін ешқандай билеуші болмаған. Матай 28:18 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Исаның билігі адамдардың билігінен қай жағынан асып түседі?

Адамдардың үкіметтері жиі ауысып отырады, әрі олар жердің белгілі бір аумағына ғана билік етеді. Ал Құдай Патшалығы жайында не деуге болады? Даниял 7:14 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Құдай Патшалығының “ешқашан жойылмайтыны” неге жақсы?

  • Ал оның бүкіл жер бетіне билік жүргізетіні несімен жақсы?

5. Адамдардың билігі алмастырылу керек

Неге Құдай Патшалығы адамдардың үкіметтерін ауыстырмаса болмайды? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, келесі сұрақты талқылаңыздар:

БЕЙНЕРОЛИК: “Құдай Патшалығы деген не?” (үзінді) (1:41)

  • Адамдар билігінің нәтижесі қандай болды?

Уағыздаушы 8:9 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Құдай Патшалығы адамдардың үкіметтерін алмастыру керек деп ойлайсыз ба? Неге?

6. Құдай Патшалығының билеушілері бізді жақсы түсінеді

Патшамыз Иса адам болып өмір сүріп көргендіктен, “біздің әлсіздіктерімізге жаны ашиды” (Еврейлерге 4:15). Исамен бірге билік ететін 144 000 адал ер мен әйел адамдарды Ехоба “әрбір рудан, тілден, халықтан және ұлттан” таңдап алған (Аян 5:9).

  • Иса және онымен бірге билік ететіндер біздің жан-дүниемізді, қиындықтарымызды түсінетінін білу сізді қуанта ма? Неге?

Әртүрлі заманда өмір сүрген және әртүрлі ортадан шыққан майланған ер мен әйелдер.

Ехоба Исамен бірге билік ету үшін әртүрлі ортадан шыққан ер мен әйелдерді таңдады

7. Құдай Патшалығының заңдары әлдеқайда жақсы

Үкіметтер азаматтарының пайдасына асатын, оларды қорғайтын заңдар шығарып жатады. Құдай Патшалығы да өз азаматтары үшін заңдар орнатқан. Қорынттықтарға 1-хат 6:9—11 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Қалай ойлайсыз, адамдардың бәрі Құдайдың заң-талаптарына сай жүріп-тұрса, өмір қандай болады?a

  • Патшалықтың азаматтары осы заң-талаптарды орындайды деп күтуге Ехобаның құқы бар ма? Неге?

  • Осы заң-талаптармен жүрмейтін адамдар өзгере алатыны неден көрінеді? (11-тармақты қараңыз.)

Көлік көп жүретін қиылыста полиция қызметкері көліктерді тоқтатып тұр. Түрлі жастағы адамдар жолдан өтіп жатыр.

Үкімет өз азаматтарын қорғайтын, олардың пайдасына асатын заңдар шығарады. Ал Құдай Патшалығының өз азаматтарын қорғайтын әрі пайдасына асатын заңдары әлдеқайда жақсы

БІРЕУ СҰРАСА: “Құдай Патшалығы деген не өзі?”

  • Сіз қалай жауап берер едіңіз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Құдай Патшалығы — көкте орналасқан үкімет, әрі ол бүкіл жержүзіне билік етеді.

Қайталау

  • Құдай Патшалығының билеушілері кімдер?

  • Құдай Патшалығы адам үкіметтерінен қай жағынан асып түседі?

  • Ехоба Құдай Патшалығының азаматтарынан не күтеді?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Патшалықтың қайда екеніне қатысты Исаның не деп үйреткенін қарастырыңыз.

“Құдай Патшалығы адамның жүрегінде ме?” (jw.org сайтындағы мақала)

Неге Ехоба куәгерлері адам үкіметтеріне емес, Құдай Патшалығына адал болуды шешеді?

“Құдай Патшалығына адал болғандар” (1:43)

Исамен бірге билік ететін 144 000 туралы Киелі кітапта не айтылғанын оқып көріңіз.

“Кімдер көкке барады?” (jw.org сайтындағы мақала)

Түрмеде отырған әйелді дүниеде Құдай ғана әділдік орната алатынына не сендірді?

“Мен әділдіктің жеңіп шығатынын білдім” (“Ояныңдар!” (ор.), қараша, 2011)

a Жүріс-тұрысқа қатысты осы заң-талаптардың кейбірі 3-бөлімде қарастырылады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу