Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lff 7-саб.
  • Ехоба қандай Құдай?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехоба қандай Құдай?
  • Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ
  • ТҮЙІНДЕМЕ
  • ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ
  • Иса пайғамбардың қасиеттері қандай?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Шомылдыру рәсімінен кейін де, “жаңа болмысқа” ие бола беріңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Неге Құдай рухының жетелеуімен жүруіміз керек?
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Біз шынында да Құдайға жақындай аламыз ба?
    Ехобаға жақында
Көбірек мәлімет
Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
lff 7-саб.
7-сабақ. Ымырт уақытта жағалауда мұхитқа қарап тұрған ер кісі.

7-САБАҚ

Ехоба қандай Құдай?

Баспа басылымы
Баспа басылымы
Баспа басылымы

Ехоба Құдайды қандай деп ойлайсыз? Бәлкім, сіз: “Құдай сонау төбедегі жұлдыздар сияқты өте алыста. Ол тым асқақ, ал мен небәрі жұмыр басты пендемін”,— дейтін шығарсыз. Немесе оны тұлға емес, күн күркірі секілді жай бір құдірет деп елестетесіз бе? Бірақ Ехоба шын мәнінде қандай? Өзінің сөзі Киелі кітап арқылы Ехоба қасиеттерін ашады, сондай-ақ сіздің қамыңызды ойлайтынын көрсетеді.

1. Біз Құдайды неге көре алмаймыз?

“Құдай — рухани Тұлға” (Жохан 4:24). Оның денесі — біздікі сияқты тәндік дене емес, рухани дене. Ол — көкте өмір сүретін көзге көрінбейтін Тұлға.

2. Ехобаның кейбір қасиет-сипаттары қандай?

Ехоба — көзге көрінбегенімен, бойында қасиеттері бар тірі Тұлға. Оны танып-білгенде, осы қасиеттері адамды баурап алады. Киелі кітапта: “Ехоба әділдікті сүйеді, адал қызметшілерін ешқашан тастамайды”,— делінген (Зәбүр 37:28). Сондай-ақ ол әсіресе қиындық көріп жүргендерге “өте жанашыр әрі мейірімді” (Жақып 5:11). “Жүрегі жаралы жанға Ехоба жақын тұрады, сағы сынғандарды құтқарады” (Зәбүр 34:18). Біздің іс-әрекеттеріміз оның сезімдеріне әсер ететінін білгенсіз бе? Адам жамандық істейтін болса, Ехобаның көңілі түсіп, жүрегі ауырады (Зәбүр 78:40, 41). Ал дұрыс нәрсені істейтін болса, ол қуанады (Нақыл сөздер 27:11 оқыңыз).

3. Бізді жақсы көретінін Ехоба қалай көрсетеді?

Ехобаның ең көркем қасиеті — сүйіспеншілік. Киелі жазбаларда: “Құдай — сүйіспеншілік”,— делінген (Жоханның 1-хаты 4:8). Ехоба сүйіспеншілігін Киелі кітап арқылы ғана емес, жаратылысы арқылы да паш етеді (Елшілердің істері 14:17 оқыңыз). Мысалы, бізді қалай жаратқанын алайық. Ол бізге әдемі түстерді көру, әсем әуенді тыңдау және тіл үйірер тағамның дәмін сезе білу қабілетін дарытты. Ол өмірден рақат алғанымызды қалайды.

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Ехоба таңғажайып істерді қалай жасайтынын білейік. Сосын Ехоба өзінің тамаша қасиеттерін бізге қалай көрсететінін көрейік.

4. Киелі рух — Құдайдың қолданатын күші

Коллаж: Киелі рухпен жасалған нәрселер: 1. Ғалам мен планеталар. 2. Киелі кітап жазушысы Құдайдың ойларын шиыршыққа жазуда.

Біз бәрін қолмен істесек, Ехоба киелі рухымен істейді. Киелі кітаптан көрінетіндей, киелі рух — Құдайдың бір нәрсені жүзеге асыру үшін қолданатын күші. Алайда кейбіреулер киелі рухты Құдай деп есептейді. Лұқа 11:13 пен Елшілердің істері 2:17 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Құдай киелі рухын сұрағандарға оны “төгеді” екен. Ендеше, қалай ойлайсыз, киелі рухты Құдай деуге бола ма? Неге бұлай ойлайсыз?

Ехоба киелі рухы арқылы таңғажайып істер жасайды. Зәбүр 104:30 және Петірдің 2-хаты 1:20, 21 оқып, келесі сұрақты талқылаңыздар:

  • Ехоба киелі рухын не үшін қолданған?

Коллаж: Киелі рухпен жасалған нәрселер: 1. Ғалам мен планеталар. 2. Киелі кітап жазушысы Құдайдың ойларын шиыршыққа жазуда.

5. Ехобаның бойында көркем қасиеттер бар

Мұса пайғамбар Құдайдың адал қызметшісі болса да, Жаратушысын жақсырақ тани бергісі келген. Сондықтан ол Құдайға: “Сені танып-білуім... үшін маған жолдарыңды білдіре көрші”,— деген (Мұсаның 2-жазбасы 33:13). Сонда Ехоба Мұсаға өзінің қандай Құдай екенін ашты. Мұсаның 2-жазбасы 34:4—6 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Ехоба Мұса пайғамбарға қандай қасиеттерін ашты?

  • Сізге Ехобаның әсіресе қай қасиеті ұнайды?

6. Ехоба адамдардың қамын ойлайды

Дұға айтып тұрған әйел.

Ежелде Құдайдың халқы болған еврейлер Мысырда құлдықта жүрді. Олардың азап шеккенін көргенде, Ехоба не сезінді? АУДИОНЫ тындап, Киелі кітапқа көз жүгіртіп отырыңыздар. Аудиожазба болмаса, Мұсаның 2-жазбасы 3:1—10 оқыңыздар. Сосын төмендегі сұрақтарды талқылаңыздар:

АУДИО: “Олардың қасіреті Ехобаны бейжай қалдырмады” (2:45)

  • Адамдардың қасіреті Ехобаға қалай әсер етеді екен? (7, 8-тармақтарды қараңыз).

  • Қалай ойлайсыз, Ехоба адамдарға шынымен көмектескісі келе ме және бұған оның құдіреті жете ме? Неге бұлай деп ойлайсыз?

7. Табиғат әлемі Ехобаның қасиеттерін паш етеді

Коллаж: Кит пен баласы, гүл мен колибри.

Ехоба өзінің қасиет-сипаттарын жасаған туындылары арқылы паш етеді. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер. Сосын Римдіктерге 1:20 оқып, келесі сұрақты талқылаңыздар:

БЕЙНЕРОЛИК: “Жаратылыс Ехобаның сүйіспеншілігін паш етеді. Адам денесі” (1:57)

  • Ехобаның жаратылыстарынан қандай қасиеттерін байқайсыз?

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Көзбен көрмеген соң Құдайды танып-білу мүмкін емес”.

  • Сіз бұл жайлы не ойлайсыз?

  • Неге?

ТҮЙІНДЕМЕ

Ехоба — көзге көрінбейтін Тұлға. Оның бойында көптеген көркем қасиеттер бар, әсіресе сүйіспеншілік.

Қайталау

  • Неге біз Ехобаны көзбен көре алмаймыз?

  • Киелі рух деген не?

  • Ехобаның кейбір қасиеттері қандай?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Ехобаның ең негізгі төрт қасиеті жайлы көбірек біліңіз.

“Құдай Тағаланың сипат-қасиеттері қандай?” (“Күзет мұнарасы” № 1, 2019)

Ехоба барлық жерде мекендемейтіндігінің дәлелін көріңіз.

“Құдай барлық жерде мекендей ме?” (jw.org сайтындағы мақала)

Құдай Сөзі киелі рухты неге Құдайдың қолы деп атайтынын біліңіз.

“Киелі рух деген не?” (jw.org сайтындағы мақала)

Бір зағип кісі Құдайдың оны қамқорлайтынына сенбеген. Неге ол ойын өзгерткенін көріңіз.

“Енді өзім де өзгелерге көмектесе аламын” (“Күзет мұнарасы”, 1 қазан, 2015)

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу