1-САБАҚ
Ұтымды алғы сөз
Елшілердің істері 17:22
САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Алғы сөз адамның қызығушылығын ояту керек; алғы сөзден тыңдаушылар не туралы айтатыныңызды және мұның өздеріне қандай қатысы бар екенін анық түсінулері керек.
ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:
Қызығушылық ояту. Тыңдаушыларыңызға қызықты болатын сұрақ қойыңыз немесе қандай да бір ой-пікірді, оқиғаны я жаңалықты айтыңыз.
Айтарыңызды айқындау. Алғы сөзіңізден тыңдаушылар не айтқалы жатқаныңызды, оны қандай мақсатпен айтқалы жатқаныңызды анық түсінулері қажет.
Тақырыптың маңыздылығын көрсету. Айтар сөзіңізді тыңдаушыларға пайдасы тиетіндей етіп бейімдеңіз. Олар қозғалатын тақырыптың тікелей өздеріне қатысы бар екенін айқын көрулері керек.