45-ӘН
Жүрек толғанысы
Баспа басылымы
1. Әке, көңіліңнен шықсын
Менің жүрек толғанысым.
Күні бойғы ойларым да
Сенімімді берік етсін.
Түнгі ұйқымды бұзғанда,
Түрлі ойлар мазамды алып,
Өзің жайлы толғанамын,
Тәліміңді еске алып.
2. Ойлар таза да шынайы,
Игі, кіршіксіз, ұнамды,
Сабыр беріп жүрегіме,
Орнықтырсын ой-санамды.
Даналығың ұшан-теңіз,
Сөздеріңе баға жетпес!
Терең бойлап ойланайын,
Олар мәңгі естен кетпес.
(Зәб. 49:3; 63:6; 139:17, 23; Філіп. 4:7, 8; Тім. 1-х. 4:15 қараңыз.)