44-ӘН
Жаны күйзелгеннің дұғасы
Баспа басылымы
1. Тауға, тасқа бас ұрып мен сабыламын, Әке,
Жүрек талды күрсінуден, сағым қуып текке.
Ауыр жүк еңсемді жаншып, шықты жанайқайым,
Келдім алдыңа, жеп бітті мені мына уайым.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Дарыта көр зор күшіңді,
Жалғап сөнген үмітімді.
Әлім құрып, келдім саған,
Нығайта көр, уа, Жаратқан!
2. Сөзің талай демеу болды біткенде төзімім,
Көкейімнің сайрап жатқан жеткізіп сезімін.
Ехоба, жоғары тұрсың жүрегімнен менің,
Ұмытпайын зор екенін сүйіспеншілігің.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Дарыта көр зор күшіңді,
Жалғап сөнген үмітімді.
Әлім құрып, келдім саған,
Нығайта көр, уа, Жаратқан!
(Зәб. 42:6; 119:28; Рим. 8:26; Қор. 2-х. 4:16; Жох. 1-х. 3:20 қараңыз.)