25-ӘН
Құдайдың ерекше меншігі
Баспа басылымы
1. Зор құн төлеп Ехоба
Халқын бөлектеп алды.
Бағалы бұл меншігі
Рухымен майланды.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Атыңды, Ехоба,
Мадақтап бар әлемге,
Ерекше меншігің
Саған қуаныш сыйлар күнде.
2. Бұл — қасиетті халық,
Құдай нұрында жүрген.
Тас қараңғы түнектен
Ақиқатқа келген.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Атыңды, Ехоба,
Мадақтап бар әлемге,
Ерекше меншігің
Саған қуаныш сыйлар күнде.
3. Бір отарға қойларды
Иса жина деп айтқан.
Майланғандар оларды
Жинауда жан-жақтан.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Атыңды, Ехоба,
Мадақтап бар әлемге,
Ерекше меншігің
Саған қуаныш сыйлар күнде.
(Ишая 43:20ә, 21; Малх. 3:17; Қол. 1:13 қараңыз.)