11-ӘН
Жаратылыстар Ехобаны даңқтайды
Баспа басылымы
(Зәбүр 19)
1. Уа, Құдайым, кім бар сенен асқан?!
Зор даңқыңды жаңғыртады аспан.
Істерің көп, үнсіз сөз қозғайды,
Бар әлемге айтып өзің жайлы.
Істерің көп, үнсіз сөз қозғайды,
Бар әлемге айтып өзің жайлы.
2. Бір өзіңнен қорқатын жандардың
Әрекетін рухыңмен қолдадың.
Саф алтыннан заңдарың бағалы,
Үйретеді қарт пен жас баланы.
Саф алтыннан заңдарың бағалы,
Үйретеді қарт пен жас баланы.
3. Сенің сөзің жанымды қорғайды,
Ән ғұмырым баянды болғай-ды.
Есіміңді айтсақ адамдарға,
Бұдан асқан, сірә, құрмет бар ма?!
Есіміңді айтсақ адамдарға,
Бұдан асқан, сірә, құрмет бар ма?!
(Зәб. 12:6; 89:7; 144:3; Рим. 1:20 қараңыз.)