105-ән
Заңғар көк Құдайдың салтанатын жариялайды
(Зәбүр 19)
1. Заңғар көктің біздерге айтары көп
Құдай Ехобаның зор даңқы жайында.
Күндіз Күннің нұрына шомылдық.
Түнде серік, орны берік Жұлдыз бен Айдың да.
2. Құдай заңы кемелді, құн жоғалтпас.
Нұсқаулары оның — даналықтың көзі.
Үкімдері әділ де шынайы.
Саф алтыннан, тәтті балдан Артық әрбір сөзі.
3. Ехобаның алдындағы қорқыныш
Ұласып мәңгіге, еш мызғымай тұрмақ.
Бұйрықтары бастайды өмірге.
Ұлы атын халқы оның Мәңгі мақтан тұтпақ.
(Зәб. 111:9; 145:5; Аян 4:11 қараңыз.)