5-ӘН
Құдайдың ғажап істері
Баспа басылымы
Ием, жасырынар жер бар ма,
Назарыңнан қай күнім тыс қалған?
Шықпаса да аузымнан бір тал сөзім,
Сырларымды білдің жүректе сақталған.
Ана құрсағында жатқанда,
Сүйектерім нығайып қатқанда.
Көрдің мені ұрық боп дамығанда,
Әр бөлігі рет-ретімен жазылғанда.
Білген сайын ғажап істерің жайлы,
Пәк сезімге бөленеді жаным.
Қою тұман жерді басқан кезде де,
Қорықпаймын, өзіңсің қорғаным.
Әке, жүзіңнен шет қалмаймын,
Таса жер жоқ сенен жасырынар.
Заңғар көк те, көрдің тұңғиығы да,
Назарыңнан сенің бүркей алмас олар.
(Зәб. 66:3; 94:19; Ерм. 17:10 қараңыз.)