Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 3-тар., 14-б.—15-б., 3-абз.
  • Адам ата мен Хауа ана Құдайдың тілін алмады

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Адам ата мен Хауа ана Құдайдың тілін алмады
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Олар неге баспанасынан айырылып қалды
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Бізден күшті тұлғалар
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
  • Жұмақтағы өмір қандай еді?
    Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз
  • Қиын өмірдің басталуы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 3-тар., 14-б.—15-б., 3-абз.
Адам ата мен Хауа ананың Едем бағынан қуылуы

3-ТАРАУ

Адам ата мен Хауа ана Құдайдың тілін алмады

Адам ата Хауа ана берген тыйым салынған жемісті ұстап тұр

Бір күні Хауа ана жалғыз болғанда, онымен жылан сөйлесті. Ол: “Құдайдың ешқандай ағаштың жемісін жемеңдер дегені рас па?”— деп сұрады. Сонда Хауа ана: “Бізге барлық ағаштардың жемісін жеуге болады, тек бір ағаштың ғана жемісін жеуге тыйым салынған. Одан жесек, өлеміз”,— деп жауап берді. Бұған жылан: “Жоқ, өлмейсіңдер. Қайта, одан жесеңдер, Құдай сияқты боласыңдар”,— деді. Жылан шындықты айтты ма? Жоқ, бұл өтірік еді. Бірақ Хауа ана оған сеніп қалды да, жеміске қараған сайын, оны жегісі келді. Сөйтіп, ол жемісті жеді, Адам атаға да берді. Адам ата Құдайдың тілін алмаса, өлетіндерін білді. Бірақ бәрібір жемісті жеді.

Адам ата мен Хауа ана Едем бағынан қуылғанда, бақтың кіреберісіне періштелер және от шашып айналып тұрған семсер қойылды

Сол күні кешке Ехоба Адам ата және Хауа анамен сөйлесіп, неге тіл алмағандарын сұрады. Сонда Хауа ана жыланды, ал Адам ата Хауаны кінәлады. Айтқанын тыңдамағандары үшін Ехоба оларды Едем бағынан қуып жіберді. Сосын олар қайтып кіре алмасын деп, бақтың кіреберісіне періштелер және от шашып айналып тұрған семсер қойды.

Ехоба Хауа анаға өтірік айтқан жыланның да жазаға тартылатынын айтты. Бірақ Хауамен сөйлескен жыланның өзі емес болатын. Ехоба жыландарды сөйлей алатындай етіп жаратпаған. Негізінде жылан арқылы сөйлеген жаман періште еді. Осылай ол Хауа ананы алдады. Бұл жаман періштенің аты — Шайтан Ібіліс. Ехоба болашақта оны жойып жібереді. Сонда ол бұдан былай адамдарды алдап, жамандық істете алмайды.

“Ібіліс... әуел бастан кісі өлтіруші болған және шындықтан тайып кетті, өйткені онда шындық жоқ” (Жохан 8:44).

Сұрақтар: Неге Хауа ана жемеу керек жемісті жеді? Адам ата мен Хауа ана тілін алмаған соң, Ехоба не істеді? Шайтан Ібіліс деген кім?

Мұсаның 1-жазбасы 3:1—24; Жохан 8:44; Жоханның 1-хаты 3:8; Аян 12:9

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу