Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 98-тар., 228-б.—229-б., 1-абз.
  • Мәсіхшілік көп халыққа тарады

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Мәсіхшілік көп халыққа тарады
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Олар “қуанып, киелі рухқа кенеле берді”
    “Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
  • “Ехоба берген билікпен батыл сөйледі”
    “Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
  • Тімоте — Пауылдың жаңа көмекшісі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • “Қауымдарды нығайтты”
    “Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 98-тар., 228-б.—229-б., 1-абз.
Елші Пауыл мен Барнаба Кипр аралының аймақ әміршісі Серги Пауылға уағыздап жатыр

98-ТАРАУ

Мәсіхшілік көп халыққа тарады

Елшілер Исаның ізгі хабарды бүкіл жер бетіне таратыңдар деген тапсырмасын орындап жүрді. Б. з. 47 жылы Антиохиядағы бауырластар Пауыл мен Барнабаны уағыз сапарына жіберді. Құлшынысы зор бұл екі уағыздаушы бүкіл Кіші Азияны аралап, Дербе, Листра, Иқония сияқты жерлерге барды.

Пауыл мен Барнаба адамдарды жас-кәрі, бай-кедей демей — бәріне бірдей уағыздады. Сөйтіп, Мәсіх туралы шындыққа көп адам сенді. Бірде Пауыл мен Барнаба Кипр деген аралдың аймақ әміршісі Серги Пауылға уағыз айтты. Бірақ бір сиқыршы оларға кедергі жасамақ болды. Сонда Пауыл оған: “Ехоба сені жазалайды!”— деді. Сол сәтте оның көзі соқыр болып қалды. Бұны көргенде, аймақ әміршісі Серги Пауыл бірден Исаның ізбасары болды.

Пауыл мен Барнаба барлық жерде, мысалы үйлерде, базарларда, көшелер мен мәжілісханаларда уағыздады. Бірде олар Листра қаласында бір ақсақ кісіні сауықтырды. Бұл кереметті көрген адамдар оларды құдай деп ойлап, табына бастады. Сонда екеуі оларды тоқтатып: “Бізге емес, тек Құдайға табыныңыздар! Біз жай ғана адамбыз”,— деді. Бұдан соң кейбір яһудилер келіп, халықты Пауылға қарсы қойды. Жұрт оларды таспен атқылап, қаланың сыртына сүйреп шығарды да, өлсін деп тастап кетті. Бірақ Пауыл тірі қалды! Бауырластар тез арада көмекке келіп, оны қайтадан қалаға алып кірді. Кейінірек Пауыл Антиохияға қайтып кетті.

Б. з. 49 жылы Пауыл тағы да сапарға шықты. Алдымен, ол бауырластарды қайтадан көру үшін Кіші Азияға барды. Содан соң ізгі хабарды одан да алыс жерге, сонау Еуропаға дейін барып жариялады. Ол Афины, Ефес, Філіпі, Салоника мен басқа да жерлерде уағыздады. Пауылмен бірге сапарға Сыйлас, Лұқа және Тімөте есімді жас жігіт те шықты. Олар бірге еңбек етіп, қауымдар ашты және оларды нығайтты. Пауыл Қорынт қаласында бір жарым жыл болып, сондағы бауырластарға қолдау көрсетті. Сонымен қатар адамдарға уағыздап, тәлім берді және көп қауымға хаттар жазды. Ол шатыр тігумен де айналысты. Біраз уақыттан соң Пауыл Антиохияға қайтты.

Елші Пауыл базарда уағыздап тұр

Кейінірек б. з. 52 жылы Пауыл үшінші рет сапарға шықты. Бұл жолы да сапарын Кіші Азиядан бастады. Сол жерден ол солтүстіктегі Філіпіге дейін жол жүріп, сосын төменде орналасқан Қорынт қаласына барды. Пауыл Ефесте бірнеше жыл болып, жұртқа тәлім беріп, ауруларды сауықтырды және сондағы қауымға көмектесті. Сондай-ақ күн сайын мектептегі дәрісханада көпшілікке баяндама айтып жүрді. Адамдардың көбісі оны тыңдап, жаман жолдарын тастады. Пауыл ізгі хабарды көп жерде жариялаған соң, ақырында Иерусалимге жүріп кетті.

“Барыңдар да, барлық халықтардан шәкірттер дайындаңдар” (Матай 28:19).

Сұрақтар: Киелі кітабыңдағы Ә13 қосымшасын ашып, картадан Пауылдың қай жерлерге барғанын көрсетіп бере аласың ба?

Елшілердің істері 13:1—23:35

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу