Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 95-тар., 222-б.—223-б., 1-абз.
  • Оларды ештеңе тоқтатпады

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оларды ештеңе тоқтатпады
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • “Билеуші ретінде... Құдайға мойынсұнуымыз керек”
    “Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
  • Түрмеден босатылу
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Сен кімді тыңдайсың: Құдайды ма, әлде адамдарды ма?
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Арнайы білімі жоқ қарапайым адамдар”
    “Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 95-тар., 222-б.—223-б., 1-абз.
Петір мен Жохан діни қызметкерлер мен саддукейлердің қарсылығына қарамастан, батылдықпен уағыздап тұр

95-ТАРАУ

Оларды ештеңе тоқтатпады

Ғибадатхана қақпасының жанында күн сайын бір ақсақ кісі қайыр сұрап отыратын. Бір күні түсте ол ғибадатханаға кіріп келе жатқан Петір мен Жоханды көрді. Ол елшілерден қайыр сұрап: “Маған бірдеңе беріңіздерші”,— деді. Сонда Петір: “Мен саған ақшадан да жақсы нәрсе беремін. Исаның атынан айтамын, түрегел де, жүріп кет!”— деді. Сосын Петір оны көтеріп, орнынан тұрғызды. Сол кезде ақсақ кісі жүре бастады! Бұл кереметті көрген көптеген адамдар қатты таңғалып, Исаның ізбасары болды.

Бұл діни қызметкерлер мен саддукейлердің ашуын келтірді. Олар елшілерді ұстап алып, Жоғарғы кеңеске, яғни дінбасылардан құралған сотқа апарды. Дінбасылар олардан: “Бұл адамды кімнің құдіретімен сауықтырдыңдар?”— деп сұрады. Петір: “Өздеріңіз өлтірген Иса Мәсіхтің күшімен”,— деп жауап берді. Сонда дінбасылар: “Иса туралы айтушы болмаңдар!”— деп айқай салды. Елшілер бұған: “Біз ол жайлы адамдарға айтуымыз керек”,— деп жауап берді.

Көп ұзамай олар Петір мен Жақыпты босатып жіберді. Елшілер бірден басқа шәкірттерге барып, не болғанын айтып берді. Олар бірге дұға етіп: “Ехоба, сенің тапсырмаңды орындауымыз үшін бізге батылдық бере көрші”,— деді. Сол кезде Ехоба оларға киелі рухын берді. Сөйтіп, шәкірттер әрі қарай да уағыздап, адамдарды сауықтырып жүрді. Көптеген адамдар Исаға сеніп, оның ізбасары болды. Бұны көре алмаған саддукейлер елшілерге қызғанышпен қарап, оларды түрмеге қамап тастады. Бірақ түннің бір уағында Ехоба өзінің бір періштесін жіберді. Ол түрменің есіктерін ашып, елшілерге: “Ғибадатханаға барып, халыққа тәлім беріңдер”,— деді.

Таңертең сақшылар дінбасыларға келіп былай деді: “Түрменің есіктері жабық тұр. Бірақ сіздер қамап қойған адамдар онда жоқ! Олар ғибадатханада тәлім беріп жүр!” Содан елшілер тағы тұтқындалып, қайтадан Жоғарғы кеңестің алдына апарылды. Бас діни қызметкер оларға: “Біз сендерге Иса туралы айтпаңдар деп едік қой!”— деді. Сонда Петір: “Билеуші ретінде бірінші кезекте адамды емес, Құдайды тыңдауымыз керек”,— деп жауап берді.

Бұған дінбасылар қатты ашуланып, елшілерді өлтіргісі келді. Бірақ Гамалиел деген парызшыл орнынан тұрып былай деді: “Байқаңдар! Олар Құдайдың адамдары болуы мүмкін. Құдайдың өзіне қарсы шығып жүрмеңдер!” Дінбасылар Гамалиелдің сөзіне құлақ асты. Олар елшілерді шақыртып, сабап тастады. Сосын енді қайтып уағыздамаңдар деп бұйырып, оларды босатып жіберді. Бірақ елшілерді бұл да тоқтатпады. Олар ғибадатханада және үйме-үй жүріп, ізгі хабарды әрі қарай да батылдықпен уағыздай берді.

“Билеуші ретінде бірінші кезекте адамға емес, Құдайға мойынсұнуымыз керек” (Елшілердің істері 5:29).

Сұрақтар: Неге елшілер уағыздауды тоқтатпады? Ехоба оларға қалай көмектесті?

Елшілердің істері 3:1—4:31; 5:12—42

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу