Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 94-тар., 220-б.—221-б., 1-абз.
  • Шәкірттерге киелі рух қонды

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Шәкірттерге киелі рух қонды
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Иерусалимде күту
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Қайта тірілген Исаны жүздеген шәкірті көрді
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Шомылдыру рәсімінен өту — кімнің және ненің атымен?
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдай рухының бірінші ғасырдағы және бүгіндегі әрекеті
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 94-тар., 220-б.—221-б., 1-абз.
Иерусалимдегі адамдар өзге тілдерде сөйлеп жатқан Исаның шәкірттерін көріп, қатты таңғалып тұр

94-ТАРАУ

Шәкірттерге киелі рух қонды

Исаның көкке көтерілгеніне он күн болғанда, шәкірттерге киелі рух қонды. Бұл б. з. 33 жылының Елуінші күн мейрамы болатын. Соған орай Иерусалимге түрлі-түрлі жерлерден көп адам келген еді. Исаның 120-дай шәкірті бір үйдің жоғарғы бөлмесінде жиналып отырғанда, таңғаларлық бір жағдай болды. Әр шәкірттің басында отқа ұқсайтын бір нәрсе пайда болды. Содан кейін олар әртүрлі тілдерде сөйлей бастады. Кенеттен қатты жел соққандай дауыс шығып, үйдің іші жаңғырып кетті.

Басқа қалалардан келген адамдар қатты шуды естігенде, не болып жатқанын білу үшін сол үйге қарай асықты. Шәкірттердің басқа тілдерде сөйлеп жатқанын көріп, олар қатты таңғалды. Бір-біріне: “Бұл адамдар Ғалилеядан ғой. Қалайша олар біздің тілімізде сөйлеп жатыр?”— деді.

Сонда Петір мен басқа елшілер халықтың алдына шықты. Петір оларға Исаның өлгенін және Ехобаның оны қайта тірілткенін айтып берді. Сосын ол былай деді: “Қазір Иса Құдайдың оң жағында отыр. Ол уәде еткен киелі рухты бізге төкті. Өздеріңіз көріп, естіп тұрған бұл кереметтер соның арқасында болды”.

Петірдің сөздері адамдарға қатты әсер еткені сонша: “Енді біз не істеуіміз керек?”— деп сұрай бастады. Петір оларға былай деді: “Күнәларыңызға өкініп, Исаның атынан шомылдыру рәсімінен өтіңіздер. Сонда сіздер де сый ретінде киелі рухты аласыздар”. Сол күні шамамен 3000 адам шомылдыру рәсімінен өтті. Осы жағдайдан кейін Иерусалимдегі шәкірттердің саны көбейе түсті. Киелі рухтың көмегімен елшілер көптеген қауымдар құрды. Сөйтіп, елшілер Иса үйрет деп бұйырғандардың бәрін шәкірттерге үйрете алды.

“Егер Исаның Иеміз екенін аузыңмен жарияласаң әрі жүрегіңде Құдайдың оны өлімнен қайта тірілткеніне деген сенімің болса, онда құтқарыласың” (Римдіктерге 10:9).

Сұрақтар: Б. з. 33 жылының Елуінші күн мейрамында қандай оқиға болды? Неге көп адам шомылдыру рәсімінен өтті?

Елшілердің істері 1:15; 2:1—42; 4:4; Жохан 15:26

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу