Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 52-тар., 126-б.—127-б., 1-абз.
  • Ехобаның оттай жалындаған әскері

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаның оттай жалындаған әскері
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Еліше отты күймені көрді. Ал сен ше?
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Патшалар 2-жазба. Мазмұны
    Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
  • Ол көмектесуді қалады
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Біздің жағымыздағылар әлдеқайда көп
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2022)
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 52-тар., 126-б.—127-б., 1-абз.
Еліше мен оның қызметшісін Сирия әскері қоршап тұр

52-ТАРАУ

Ехобаның оттай жалындаған әскері

Сирия патшасы Бен-Хадад Исраил еліне шабуылдауын қоймады. Бірақ Исраил патшасын Еліше пайғамбар үнемі ескертіп отырғандықтан, патша бірнеше рет құтылып кетті. Сонда Бен-Хадад Елішені қолға түсіруді көздеді. Ол пайғамбардың Дотан қаласында жүргенін біліп, оны ұстап алу үшін өзінің әскерін жіберді.

Сириялықтар Дотан қаласына түн жамылып келді. Таңертең Елішенің қызметшісі сыртқа шықса, қаланы қалың әскер қоршап тұр екен. Ол зәресі ұшып: “Мырза, енді қайттік?!”— деп айғайлап жіберді. Еліше оған былай деді: “Біздің жағымыздағылар олардың жағындағылардан әлдеқайда көп”. Сол заматта Ехоба қызметшінің көзін ашты. Ол қаланың айналасындағы тауларда оттай жалындаған аттар мен соғыс арбалары қаптап тұрғанын көрді.

Еліше мен оның қызметшісі өздерін қоршап тұрған періштелер әскерін көрді

Сирия әскері Елішені ұстап алмақшы болғанда, ол: “Ехоба, мыналардың көздерін соқыр етші”,— деп дұға етті. Сол-ақ екен, олар көздері көріп тұрса да, қай жерде екендерін түсінбей қалды. Сонда Еліше оларға қарап былай деді: “Сендер іздеген қала бұл емес. Маған еріңдер, іздеп жүрген адамдарыңа апарайын”. Олар Елішеге ілесіп, Исраил патшасы тұратын Самарияға дейін еріп келді.

Қалаға жеткенде ғана сириялықтар өздерінің қайда келгендерін түсінді. Исраил патшасы Елішеге келіп: “Оларды қырып тастайын ба?”— деп сұрады. Сонда Еліше мүмкіндікті пайдаланып, өзіне жамандық жасағысы келген осы адамдардан кек алуды ойлады ма? Жоқ. Еліше Исраил патшасына: “Оларды өлтірме. Қайта, оларға тамақ беріп, өз жөндеріне жібер”,— деді. Патша айтқанын тыңдап, үлкен қонақасы берді де, оларды үйлеріне қайтарды.

Сирия әскері Самарияда тамақ жеп жатыр

“Оның еркіне сай не сұрасақ та, Құдайдың бізге құлақ асатынына кәміл сенеміз” (Жоханның 1-хаты 5:14).

Сұрақтар: Ехоба Еліше мен оның қызметшісін қалай қорғады? Қалай ойлайсың, Ехоба сені де қорғай ала ма?

Патшалар 2-жазба 6:8—24

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу