Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 51-тар., 124-б.—125-б., 2-абз.
  • Жауынгер мен кішкентай қыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жауынгер мен кішкентай қыз
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Ол көмектесуді қалады
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ол басында қасарысқанымен, кейін мойынсұнды
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Кішкентай қыздың беделді адамға көмектесуі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Құдайды қуантқан балалар
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 51-тар., 124-б.—125-б., 2-абз.
Нағыман ауруынан жазылу үшін Елішеге келді

51-ТАРАУ

Жауынгер мен кішкентай қыз

Сирия жерінде бір кішкентай исраилдік қыз тұрып жатты. Ол үйінен өте алыста еді. Оны сириялық жауынгерлер отбасынан күштеп әкетіп, Нағыман деген қолбасшының әйеліне қызметші етіп қойды. Бұл кішкентай қыздың айналасында ешкім Ехобаға ғибадат етпейтін. Соған қарамастан ол Ехобаға ғибадат ете берді.

Қолбасшы Нағыман сұмдық бір тері ауруына шалдықты. Ауруы күндіз-түні оның мазасын алатын. Кішкентай қыз оған қатты көмектескісі келді. Сондықтан ол Нағыманның әйеліне келіп, былай деді: “Мен күйеуіңізді жаза алатын бір кісіні білемін. Исраилде Ехобаның Еліше деген пайғамбары бар. Ол күйеуіңізді ауруынан айықтыра алады”.

Нағыманның әйелі күйеуіне кішкентай қыздың сөздерін айтып берді. Айығу үшін бәріне дайын болғандықтан, Нағыман Исраилдегі Елішенің үйіне барды. Ол “Еліше мені мәртебелі қонақтай қарсы алады” деп ойлады. Бірақ Еліше оның алдынан өзі шықпай, қызметшісін жіберіп, мынадай хабар айтты: “Иордан өзеніне бар да, жеті рет суға түс. Сонда айығасың”.

Нағыманның қатты көңілі қалды. Ол былай деді: “Бұл пайғамбар өз Құдайын шақырып, қолымен әрі-бері сипап, ауруымнан айықтырып жібере ме десем! Ол маған Исраилдің өзеніне бар дейді. Сириядағы өзендеріміз одан артық емес пе?! Сол жерде-ақ суға түсе салмаймын ба?!” Сөйтіп, ол бұлқан-талқан болып, Елішенің үйінен кетіп қалды.

Нағыман Иордан өзеніне түсіп, айығып кетті

Нағыманның қызметшілері оған ойын түзеуге көмектесті. Олар оған былай деді: “Сіз жазылу үшін бәрін істеуге дайын емес пе едіңіз? Пайғамбардың істе деп тұрғаны оп-оңай ғой. Неге соны істей салмасқа?” Нағыман олардың айтқандарына көнді. Ол Иордан өзеніне барып, жеті рет суға түсті. Жетінші ретінде Нағыман судан сап-сау болып шықты! Шексіз риза болған ол Елішеге қайтып келіп, рақметін айтты. Ол: “Енді мен Ехобаның шын Құдай екенін білемін”,— деді. Қалай ойлайсың, Нағыман үйіне толықтай айығып келгенде, кішкентай исраилдік қыз өзін қалай сезінді?

“Балалар мен сәбилердің аузымен өзіңді дәріптеттің” (Матай 21:16).

Сұрақтар: Кішкентай исраилдік қызға Нағыманның әйелімен сөйлесу оңай болды ма? Оған батыл болуға не көмектесті деп ойлайсың?

Патшалар 2-жазба 5:1—19; Лұқа 4:27

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу