Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 45-тар., 110-б.—111-б., 1-абз.
  • Патшалық екіге бөлінді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Патшалық екіге бөлінді
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Патшалықтың бөлінуі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Ехоба адал қызметшілерін тастамайды
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ол Құдайдың ықыласына бөлене алар еді
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • Патшалықтар туралы 3-жазба кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 45-тар., 110-б.—111-б., 1-абз.
Ахия Еробоғамның көзінше шапанын 12 бөлікке жыртып жатыр

45-ТАРАУ

Патшалық екіге бөлінді

Сүлеймен патша Ехобаға ғибадат еткен кезде, Исраилде тыныштық болды. Бірақ ол басқа елден көп әйел алды. Сол әйелдер пұттарға табынатын. Кейін Сүлеймен де бірте-бірте өзгеріп, пұттарға табына бастады. Ехоба бұған қатты ашуланды. Ол Сүлейменге: “Исраилді сенің әулетіңнен тартып алып, екіге бөлемін. Көп бөлігін қызметшіңе беремін, ал сенің әулетің аз бөлігіне ғана билік етеді”,— деді.

Ехоба айтқан сөздерін орындайтынын былай көрсетті: Сүлейменнің қызметшісі Еробоғам жолда келе жатқанда, Ахия пайғамбарды кезіктірді. Сонда Ахия үстіндегі шапанын 12 бөлікке жыртты да, Еробоғамға: “Ехоба Исраил патшалығын Сүлейменнің әулетінен тартып алып, екіге бөледі. Шапанның 10 бөлігін сен ал, өйткені он рудың патшасы сен боласың”,— деді. Сүлеймен патша бұл жайлы естігенде, Еробоғамды өлтірмек болды. Бірақ Еробоғам Мысырға қашып кетті. Уақыт өте Сүлеймен қайтыс болып, оның орнына ұлы Рохабоғам патша болды. Сол кезде Еробоғам қорықпай Исраилге қайтып келді.

Көптеген исраилдіктер Еробоғам жасаған алтын бұзауға құрбандық шалып жатыр

Исраилдің ақсақалдары Рохабоғамға: “Сен халыққа мейірімді болсаң, олар саған адал болады”,— деді. Ал Рохабоғамның құрдастары болса: “Қатал бол! Халыққа одан бетер көп жұмыс істет”,— деді. Рохабоғам достарының айтқанын тыңдап, халыққа қатал болды. Сондықтан исраилдің он руы көтеріліске шықты. Олар Еробоғамды өздеріне патша етіп қойды. Сөйтіп, он ру Исраил патшалығы, ал қалған екі ру Яһуда патшалығы деп атала бастады. Осылай Исраилдің 12 руы екіге бөлініп кетті.

Еробоғам халықтың Иерусалимге барып ғибадат еткенін қаламады. Өйткені Иерусалим қаласы Рохабоғамның патшалығында орналасқан еді. Еробоғам халық одан кетіп қалып, Рохабоғамның жағына шығып кетеді деп қорықты. Сондықтан ол халыққа екі алтын бұзау жасап берді де: “Иерусалим бұл жерден өте алыс. Осы жерде-ақ ғибадат етсеңдер болады”,— деді. Сөйтіп, халық алтын бұзауларға табынып, қайтадан Ехобаны ұмытып кетті.

“Сенбейтіндермен бір мойынтұрықты кимеңдер. Әділдік пен заңсыздық арасында қандай байланыс бар?.. Сенуші мен сенбейтін адамның арасында ортақ не бар?” (Қорынттықтарға 2-хат 6:14, 15).

Сұрақтар: Неге Исраил патшалығы екіге бөлініп кетті? Рохабоғам мен Еробоғам қандай жаман істер жасады?

Патшалар 1-жазба 11:1—13, 26—43; 12:1—33

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу