Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 18-тар., 48-б.—49-б., 4-абз.
  • Жанса да, өртенбейтін бұта

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жанса да, өртенбейтін бұта
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Жанып тұрған бұта
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Неге Мұса қашып кетті
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Ехобаның жолдарын біл
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Мұса сүйіспеншілік танытқан пайғамбар
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 18-тар., 48-б.—49-б., 4-абз.
Мұса жанып тұрған бұтаның қасында

18-ТАРАУ

Жанса да, өртенбейтін бұта

Мұса Мадиян елінде 40 жыл өмір сүрді. Ол сол жерде үйленіп, балалары туылды. Бірде Мұса Синай тауының етегінде қой бағып жүріп, таңғажайып бірдеңені байқайды. Бір тікенді бұта жанып тұр екен, бірақ ол өртеніп кетпейді! Мұса бұның себебін білгісі келіп жақындағанда, бұтаның ішінен бір дауыс естиді. Дауыс оған: “Мұса! Бұдан әрі жақындама! Аяқкиіміңді шеш, себебі сен тұрған жер киелі”,— деді. Мұсаға періштесі арқылы Ехоба сөйлеген еді.

Мұса қорқып кетіп, бетін жаба қойды. Сонда дауыс оған былай деді: “Исраилдіктердің қиналып жатқанын көріп тұрмын. Мен оларды мысырлықтардан құтқарып, жақсы жерге алып кіремін. Сен менің халқымды Мысырдан бастап алып шығасың”. Бұл сөздерді естігенде, Мұса таңғалды ма?

Ол Ехобадан: “Халық: —Сені кім жіберді?— десе, не айтамын?”— деп сұрады. Құдай оған былай деді: “Оларға: —Мені Ыбырайымның, Ысқақ пен Жақыптың Құдайы Ехоба жіберді,— деп айт”. Мұса болса: “Исраилдіктер мені тыңдамай қойса не істеймін?— деп еді, Ехоба: —Саған өзім көмектесемін”,— деп уәде етті. Сосын одан қолындағы таяғын жерге тастауды өтінді. Сол кезде таяқ жыланға айналып кетті! Мұса оны құйрығынан ұстап алған еді, ол қайтадан таяққа айналды. Ехоба оған: “Осы белгі сені жіберген мен екенімнің дәлелі болады”,— деді.

Сонда Мұса: “Мен жөндеп сөйлей алмаймын”,— деді. Ехоба болса: “Не айту керек екенін саған өзім үйретемін. Сосын ағаң Харонды саған көмектесуге жіберемін”,— деп уәде етті. Ехобаның өзін тастамайтынын білген соң, Мұса әйелі мен балаларын алып, Мысырға оралды.

“Қалай және не айтатындарыңды ойлап, уайымдамаңдар. Өйткені не айтуларың керектігі сол сәтте беріледі” (Матай 10:19).

Сұрақтар: Мұса қой бағып жүргенде, не көрді? Ехоба Мұсаға не істе деді?

Мұсаның 2-жазбасы 3:1—4:20; Елшілердің істері 7:30—36

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу