Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 17-тар., 46-б.—47-б., 2-абз.
  • Мұса Ехобаға қызмет етуді шешті

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Мұса Ехобаға қызмет етуді шешті
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Мұса деген сәбидің аман қалуы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Мысырды қатыгез патшаның билеуі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Неге Мұса қашып кетті
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Құдайдың исраилдіктерді азат етуі
    Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 17-тар., 46-б.—47-б., 2-абз.
Перғауынның қызы кішкентай Мұсаны тауып алғанда, Мәриям қарап тұрды

17-ТАРАУ

Мұса Ехобаға қызмет етуді шешті

Мысырда Жақыптың отбасы исраилдіктер деп аталып кетті. Жақып пен Жүсіп қайтыс болған соң, елде басқа бір перғауын патша болды. Ол исраилдіктер мысырлықтардан да күшті болып кетеді деп қорықты. Сондықтан оларды құлға айналдырды. Патша оларға кірпіш жасатты және танапта ауыр жұмысқа салды. Бірақ исраилдіктер қанша қысым көрсе де, көбейе берді. Бұл перғауынға ұнамады, сондықтан ол исраилдіктердің жаңа туылған ұл балаларының бәрі өлтірілсін деп бұйырды. Исраилдіктер қатты қорыққан шығар, иә?

Бірде Ехобед деген исраилдік әйел ұл туды. Ол баласын аман алып қалу үшін, оны себетке салып, Ніл өзенінің бойындағы қамыс арасына жасырып қойды. Ал баланың әпкесі Мәриям болса әрі қарай не болатынын көру үшін жақын жерде бақылап тұрды.

Перғауынның қызы өзенге шомылуға келгенде, себетті байқап қалады. Ашып қараса, ішінде кішкентай бала жылап жатыр екен. Оның балаға жаны ашып кетеді. Сонда Мәриям келіп: “Сізге баланы емізетін біреуді тауып берейін бе?”— деп сұрайды. Перғауынның қызы “иә” дегенде, Мәриям өзінің анасы Ехобедті ертіп келеді. Перғауынның қызы Ехобедке: “Мына баланы маған емізіп, бағып бер. Мен саған ақша төлеймін”,— дейді.

Мұса қашып бара жатыр

Бала біраз өскенде, Ехобед оны перғауынның қызына апарып берді. Ал ол балаға Мұса деген ат қойып, оны өз баласындай өсірді. Мұса Мысыр патшасының баласы сияқты өскендіктен, не қаласа да, соған қол жеткізе алатын. Бірақ ол Ехобаны ешқашан ұмытқан жоқ. Мұса өзінің шындығында мысырлық емес, исраилдік екенін білді. Сондықтан Ехобаға қызмет етуді шешті.

40 жасында Мұса өз халқына көмектесуді ойлай бастайды. Бірде ол бір мысырлықтың исраилдік құлды ұрып жатқанын көреді. Сол кезде Мұса оны қатты ұрып, өлтіріп қояды. Сосын оның денесін құмға көміп тастайды. Бірақ бұны перғауын біліп қойып, Мұсаны өлтіргісі келеді. Сонда Мұса Мадиян еліне қашып кетеді. Сол жақта Ехоба оны қорғап жүреді.

“Сенімі болғандықтан Мұса... перғауын қызының ұлы деп аталудан бас тартты. Ол... Құдай халқымен бірге жәбірленуді таңдады” (Еврейлерге 11:24, 25).

Сұрақтар: Исраилдіктер Мысырда қалай өмір сүрді? Неге Мұса Мысырдан қашып кетті?

Мұсаның 1-жазбасы 49:33; Мұсаның 2-жазбасы 1:1—14, 22; 2:1—15; Елшілердің істері 7:17—29; Еврейлерге 11:23—27

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу