Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • rj 1-бөл., 4—5 бет.
  • “Жоғалғанын іздеймін”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Жоғалғанын іздеймін”
  • Ехобаға қайта орал
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • “Өзім қамқорлап жүрген қойларым”
  • “Бұрынғы күндерімізге қайтаршы”
  • Жұбанышты қайдан табамыз?
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
  • Иса қойларының қамын ойлайды
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2018)
  • “Қойларымды өзім іздеймін”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • Ізгі бағушы және қой қора
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
Көбірек мәлімет
Ехобаға қайта орал
rj 1-бөл., 4—5 бет.

БІРІНШІ БӨЛІМ

“Жоғалғанын іздеймін”

Қойшы тау соқпағынан жоғалған тоқтысын тауып алды

Жайылып жүріп, өзі де байқамай отардан адасып қалған бір тоқты абдырап тұр. Жақын маңнан қойшы да, қойлар да көрінбейді. Қараңғы түсіп келеді. Ал жыртқыштар кезіп жүретін далада жалғыз қалған тоқты еш қорғансыз. Бір уақытта ол өзіне таныс бір дауысты естиді. Бұл қойшының даусы еді. Ол жүгіріп келіп, тоқтысын көтеріп алады да, киімінің қатпарына орап, үйіне алып кетеді.

КИЕЛІ КІТАПТА Ехоба өзін көп рет осындай қойшыға, не бағушыға теңейді. Ол бізді: “Өзім іздеп, өзім қамқорлаймын”,— деп сендіреді (Езекиел 34:11, 12).

“Өзім қамқорлап жүрген қойларым”

Кімдер Ехобаның қойы болып есептеледі? Тоқетерін айтсақ, бұлар Ехобаны жақсы көретін әрі оған ғибадат ететін адамдар. Киелі кітапта былай делінген: “Оған ғибадат етейік, бас иейік, Жаратушымыз Ехобаның алдында тізе бүгейік. Өйткені ол — біздің Құдайымыз, Ал біз оның жайылымындағы халықпыз, Соның қолындағы қойлармыз” (Зәбүр 95:6, 7). Қойшыға ерген қойлар сияқты, Ехобаның халқы да Бағушыларының соңынан еріп жүргісі келеді. Олардың еш міні жоқ деуге бола ма? Жоқ, олай дей алмаймыз. Өйткені кейде олар “бытырап кеткен”, “жоғалған” не “адасқан” қой іспетті болады (Езекиел 34:12; Матай 15:24; Петірдің 1-хаты 2:25). Әйтсе де Ехоба адасып жүрген адам қайта бет бұрады деп үміттенеді.

Сен Ехобаны әлі де өз Бағушым деп білесің бе? Бүгінде ол өзінің Бағушы екенін қалай көрсетуде? Мұның үш дәлелін қарастырып көрейік.

Ол бізді рухани ас-сумен қамтамасыз етіп отыр. Ехоба былай дейді: “Қойларымды жасыл жайлауға апарып... жаямын. Олар сол жерде жатып... шөбі шүйгін жайлауларда жайылатын болады” (Езекиел 34:14). Құдайымыз бізді жанымызға жай беретін алуан түрлі рухани астан құр қалдырған емес. Қандай да бір мақаладан, баяндама не бейнематериалдан дұғаңа жауап алғансың ба? Бұдан Ехобаның қамыңды ойлайтыны көрінеді емес пе?

Ол бізді қолдап-қорғайды. Ехоба: “Адасқанын қайтарамын, мертіккендерінің жарасын таңып, әлсіздерін нығайтамын”,— деп уәде еткен (Езекиел 34:16). Ол әлсіреп қалған не сарыуайымға салынған қызметшілеріне күш-қуат береді. Көңіліне қаяу түскендерін сауықтырады, олардың жанын жаралаған бауырластары болса да, дауасын табады. Ал адасып және жағымсыз сезімдермен күресіп жүргендерін қайтарып әкеледі.

Ол біз үшін жауапкершілік сезінеді. Ехоба: “[Қойларымды] шашырап кеткен жерлерінен жинап алып, құтқарамын. Жоғалғанын іздеймін”,— деген (Езекиел 34:12, 16). Құдайымыз жоғалған қойын біржола жоғалды деп есептемейді. Ол үшін әр қойының орны бөлек. Сондықтан біреуі жоғалса, оны іздейді, ал тауып алғанда, қуанады (Матай 18:12—14). Өйткені қызметшілерін “өзім қамқорлап жүрген қойларым” деп есептейді (Езекиел 34:31). Сен де сол қойлардың бірісің.

Ехоба жоғалған қойын біржола жоғалды деп есептемейді. Жоғалған қойы табылғанда, қуанады

“Бұрынғы күндерімізге қайтаршы”

Ехоба сені неге іздейді? Неге қайта оралуға шақырып отыр? Өйткені сенің бақытты болғаныңды қалайды. Ол: “Баталарды жауын сияқты жаудырамын”,— деп уәде етеді (Езекиел 34:26). Бұл — бос сөз емес! Кезінде мұны өзің де көрдің емес пе?

Ехобаны танып-біліп жатқандағы сезімдеріңді есіңе алшы. Оның есімі мен адамзатқа қатысты ниеті жайлы алғаш естігеніңде, бойыңды қандай сезім биледі? Конгрестерде бауырластармен қауышып, аралас-құралас болғандағы сезімің есіңде ме? Қызметте шынайы қызығушылық білдірген адамды кезіктіргенде, үйіңе қанағат пен қуанышқа кенеліп қайтқан кездеріңді есіңе алшы.

Сен қайтадан сол бір тәтті сезімдерге бөлене аласың. Ехобаның ертедегі қызметшілері: “Уа, Ехоба, бізді өзіңе қайтаршы, қуана ораламыз. Бұрынғы күндерімізге қайтаршы”,— деп дұға еткен (Еремияның зары 5:21). Құдай олардың дұғаларын естіді. Сөйтіп, олар қайтадан оған қызмет ете бастап, зор қуанышқа бөленген еді (Нехемия 8:17). Ехоба сенің де дұғаңды естиді.

Десе де Ехобаға қайта оралу оңай емес. Бұл жолда қандай қиындықтар бар екенін әрі оларды қалай шешуге болатынын қарастырып көрейік.

“Біздің дүниежүзілік бауырластығымыз” бейнефильмінің мұқабасы

Құдай халқының арасында жүргендегі қуанышыңды есіңе түсіру үшін, “Біздің дүниежүзілік бауырластығымыз” бейнефильмін көруіңе болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу