Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • bhs 12-тар., 124—134 бет.
  • Құдаймен қалай дос бола аламыз?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдаймен қалай дос бола аламыз?
  • Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Мына жерден көріңіз: “Киелі кітап үйретеді”
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ЕХОБА ДОСТАРЫН ҚОРҒАЙДЫ
  • ШАЙТАН ЖАПҚАН ЖАЛА
  • ШАЙТАН ӘЙҮПТІ СЫНАДЫ
  • ШАЙТАН БІЗГЕ ДЕ ЖАЛА ЖАПТЫ
  • ЕХОБАҒА МОЙЫНСҰНЫҢЫЗ
  • ЕХОБА ЖАҚСЫ КӨРЕТІНДІ СІЗ ДЕ ЖАҚСЫ КӨРІҢІЗ
  • Әйүп Ехобаның есімін қадір тұтқан
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдайды қалай қуанта аламыз?
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
  • “Үмітіңді Ехобаға арт”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Әйүп деген кім?
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
Көбірек мәлімет
Киелі жазбалардан не білеміз?
bhs 12-тар., 124—134 бет.

ОН ЕКІНШІ ТАРАУ

Құдаймен қалай дос бола аламыз?

1, 2. Кімдер Ехобаның досы болған?

СІЗ қандай адаммен дос болғыңыз келер еді? Әрине, ойларыңыз бір жерден шығатын, бойында сізге ұнайтын қасиеттері бар адаммен дос боласыз.

2 Ехоба Құдайдың да достары бар. Мысалы, Киелі кітапта ол Ыбырайым пайғамбарды “досым” деп атаған (Ишая 41:8; Жақып 2:23). Ехоба Дәуітті де жақсы көрген. Ол Дәуіт жайлы “көңілімнен шығатын адам” деген (Елшілердің істері 13:22). Даниял пайғамбар да Ехоба үшін “аса бағалы жан” болған (Даниял 9:23).

3. Ыбырайым, Дәуіт пен Даниял пайғамбарлар Ехобамен ненің арқасында дос бола алды?

3 Ыбырайым, Дәуіт пен Даниял пайғамбарлар Ехобамен ненің арқасында дос бола алды? Олар Ехобаға мойынсұнған әрі кішіпейіл болған. Мысалы, Киелі кітапта Ыбырайым пайғамбардың Ехобаның “сөзіне құлақ асқаны” жазылған (Мұсаның 1-жазбасы 22:18). Құдай тіпті түгел бір халықпен де дос бола алады. Ол Исраил халқына: “Даусыма құлақ асыңдар, сонда мен сендердің Құдайларың, ал сендер менің халқым боласыңдар”,— деген (Еремия 7:23). Сіз де Ехобаның досы болуды қаласаңыз, оған құлақ асуыңыз қажет.

ЕХОБА ДОСТАРЫН ҚОРҒАЙДЫ

4, 5. Ехоба достарын қалай қорғайды?

4 Құдаймен дос болғанымызды қаламайтын күшті жауымыз бар. Ехоба бізді содан қорғағысы келеді (Зәбүр 55:22 оқыңыз). Қалай дейсіз ғой? Киелі кітапта “Ехобаның өзіне бар жүрегімен берілгендерді қолдайтыны” айтылған (Шежірелер 2-жазба 16:9). Сондай-ақ Зәбүр 32:8-де Құдай бізге: “Мен саған түсінік сыйлаймын, жүруің керек жолды көрсетемін. Сені көзімнен таса қылмай, ақыл-кеңес беремін”,— деп уәде береді.

5 Ехобаның досы болғандықтан, біз оған бар жүрегімізбен қызмет етуді қалаймыз. Тіпті қиын жағдайға кезіккенде де оған адалдық сақтаймыз. Өйткені бізде Дәуіт пайғамбардікіндей сенімділік бар. Ол Ехоба Құдай туралы: “Ол менің оң жағымда, мен нық тұрып, еш шайқалмаймын”,— деген (Зәбүр 16:8; 63:8).

ШАЙТАН ЖАПҚАН ЖАЛА

6. Шайтан адамдарға қандай жала жабуда?

6 11-ші тараудан білгеніміздей, Шайтан Ехобаны өтірікші деп қаралады, сондай-ақ Адам мен Хауаға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін шешуге мүмкіндік бермей әділетсіздік танытып отыр деді. Ал Әйүп кітабынан Шайтан Құдаймен дос болғысы келетін адамдарға да жала жабатынын білеміз. Шайтан оларды Ехобаға өз пайдалары үшін қызмет етеді, оны шын жақсы көрмейді деп қаралайды. Ол тіпті кез келген адамды Құдайға қарсы шығара аламын дейді. Қазір Әйүп пайғамбардан не нәрсеге үйрене алатынымызды және Ехобаның оны қалай қорғағанын оқып көрейік.

7, 8. а) Әйүп қандай адам болған? ә) Шайтан Әйүп туралы не деді?

7 Әйүп пайғамбар шамамен 3600 жыл бұрын өмір сүрген. Ол өте жақсы кісі болған. Ехоба Әйүп туралы: “Жер бетінде ол сияқты әділ... адам жоқ”,— деген. Әйүп Құдайды барынша құрметтеген және жамандықты жек көрген (Әйүп 1:8). Иә, Әйүп Ехобаның досы болған.

8 Шайтан Әйүпті Ехобаға өз қара басы үшін қызмет етеді деп айыптады. Ол Ехобаға былай деді: “Оның өзін де, үй іші мен бүкіл меншігін де жан-жақтан қорғап жүрген өзің емессің бе?! Сен оның барлық ісін жарылқап отырсың. Содан малы көбейіп, шартарапқа жайылуда. Бірақ қолыңды созып, онда бардың бәрін алып қойшы, ол көз алдыңда саған лағынет [яғни қарғыс] айтпас па екен?!” (Әйүп 1:10, 11).

9. Ехоба Шайтанға не істеуге жол берді?

9 Шайтан Әйүпке Ехобадан бір нәрсе алу үшін ғана қызмет етіп жүр деп жала жапты. Бұған қоса, Әйүпті Ехобадан бас тартқызу қолымнан келеді деді. Бірақ Ехоба мүлдем бұлай ойламады. Сөйтсе де ол Шайтанға Әйүпті сынап көруге жол берді. Осының арқасында Әйүптің Ехобамен не үшін дос болып жүргені айқын болмақ еді.

ШАЙТАН ӘЙҮПТІ СЫНАДЫ

10. Шайтан Әйүпті қалай сынады, ал Әйүп қалай әрекет етті?

10 Алдымен, Шайтан Әйүптің малының біразын ұрлады, қалғанын қырып-жойды. Кейін қызметшілерінің көбісін өлтірді. Әйүп бар дүние-мүлкінен айырылды. Соңында Шайтан дауыл тұрғызып, оның он баласын да өлтірді. Сонда да Әйүп Ехобаға деген адалдығынан таймады. “Әйүп осыншама қасіретке қалса да, күнә жасамады, Құдайды да жазғырмады” (Әйүп 1:12—19, 22).

Бала-шағасымен бақытты ғұмыр кешкен Әйүп

Ехоба адалдығы үшін Әйүпті жарылқады

11. а) Шайтан Әйүпке тағы не істеді? ә) Әйүптің әрекеті қандай болды?

11 Шайтан мұнымен тоқтамады. Ол Құдайға: “Бірақ қолыңды созып, сүйегі мен етіне тигізсең ғой, ол көз алдыңда саған лағынет айтар еді”,— деді. Сөйтіп, Шайтан Әйүпке өте жаман бір ауру жіберді (Әйүп 2:5, 7). Бірақ Әйүп бұл жолы да Ехобаға адал болып қалды. Ол: “Өле-өлгенше мінсіздігімнен таймаспын!”— деді (Әйүп 27:5).

12. Әйүп Шайтанның өтірікші екенін қалай дәлелдеді?

12 Әйүп Шайтанның оны сынап жатқанын білген жоқ. Сондықтан өзінің не себепті көп қиындық көріп жатқанын түсінбеді. Ол қайғы-қасіретті Ехоба жіберіп отыр деп ойлады (Әйүп 6:4; 16:11—14). Солай ойласа да, Әйүп Ехобаға деген адалдығынан таймады. Бұл сынақта Әйүптің Құдайға таза ниетпен, яғни оны жақсы көргендіктен құлшылық еткені дәлелденді. Осылайша Шайтанның жалған айып таққаны айдан анық болды.

13. Әйүптің адалдық сақтағанының нәтижесі қандай болды?

13 Әйүп көкте не болып жатқанын білмесе де, Құдайға адалдық сақтап, Шайтанның зұлым екенін дәлелдеді. Ехоба адал достығы үшін Әйүпті молынан жарылқады (Әйүп 42:12—17).

ШАЙТАН БІЗГЕ ДЕ ЖАЛА ЖАПТЫ

14, 15. Шайтан барлық адамға қандай жала жапты?

14 Әйүптің басынан өткен жағдайдан көп нәрсе біле аламыз. Шайтан бізді де Ехобадан бір нәрсе дәметкендіктен қызмет етеді деп қаралайды. Ол: “Адам өз өмірін сақтап қалу үшін қолындағының бәрін береді”,— деген (Әйүп 2:4). Демек, Шайтан тек Әйүптің ғана емес, барлық адамның ниетіне күмән келтірген. Әйүп қайтыс болғаннан кейін көп ғасыр өтсе де, Шайтан Ехоба мен оның достарын қаралауын қояр емес. Сондықтан Нақыл сөздер 27:11-де Ехоба бізге: “Ақылды бол, балам, жүрегімді қуант, Сонда өзімді қорлағанға жауап бере аламын”,— дейді.

15 Сіз Ехобаға құлақ асып, онымен дос болсаңыз, Шайтанның өтірікші екенін дәлелдейсіз. Бұл үшін өміріңізде үлкен өзгерістер жасау керек болса да еш берілмеңіз. Себебі өмірде адам баласы үшін бұдан асқан дұрыс шешім жоқ! Шайтан бізді қиындыққа кезіккенде адалдығынан тайып кетеді дейді. Ол осы мақсатына жету үшін барын салады. Сондықтан ақырына дейін Құдайға адал болып қалғанымыз өте маңызды.

16. а) Ехобаға қызмет еткізбеу үшін Шайтан қандай амалдарды қолданады? ә) Сіздің жағдайыңызда Шайтан қандай амалдарды қолдануы мүмкін?

16 Шайтан Құдаймен достығымызды бұзу үшін әртүрлі амал қолданады. Киелі кітапта: “Ібіліс ақырған арыстандай айналаны шарлап, кімді жалмасам деп жүр”,— делінген (Петірдің 1-хаты 5:8). Ол сізге қалай шабуыл жасауы мүмкін? Мысалы, туған-туыстарыңыз бен таныстарыңыз Киелі кітапты оқып-зерттеуіңізге және Құдайға ұнамды жолмен жүруіңізге қарсылық көрсетуі мүмкінa (Жохан 15:19, 20). Сондай-ақ Шайтан “өзін жарық періштесі етіп көрсетіп”, адамдардан өзінің шын болмысын жасыруға тырысады. Осылай ол адамдарды алдап, оларды Құдайдың емес, өзінің дегенімен жүргізгісі келеді (Қорынттықтарға 2-хат 11:14). Шайтанның тағы бір амалы бар. Ол бізді Құдайға қызмет етуге лайық емеспіз дегенге сендіргісі келеді (Нақыл сөздер 24:10).

ЕХОБАҒА МОЙЫНСҰНЫҢЫЗ

17. Біз Ехобаға не үшін мойынсұнамыз?

17 Ехобаға мойынсұнып, Шайтанның өтірікші екенін дәлелдеуге бізге бір нәрсе көмектеседі. Киелі кітапта: “Құдайың Ехобаны бар жүрегіңмен, бүкіл жан-тәніңмен және бар күш-қуатыңмен сүй”,— деп жазылған (Мұсаның 5-жазбасы 6:5). Біз Ехобаны сүйгендіктен, оған мойынсұнамыз. Оған деген сүйіспеншілігіміз артқан сайын, оның барлық өсиетін орындауға деген ықыласымыз да арта түседі. Елші Жохан: “Құдайды сүю дегеніміз — оның өсиеттерін орындау. Ал оларды орындау қиын емес”,— деген (Жоханның 1-хаты 5:3).

18, 19. а) Ехоба дұрыс емес деп есептейтін кейбір істер қандай? ә) Ехоба қолымыздан келмейтін нәрсені талап етпейтінін қайдан білеміз?

18 Ехобаның қандай талаптары бар? Олардың кейбірі “Ехоба жек көретінді сіз де жек көріңіз” деген қоршауда жазылған. Қоршауды оқып шыққан соң, “Бұлардың бәрі жаман нәрсе емес қой!” деп ойларсыз. Бірақ сол жердегі Киелі кітап тармақтарын оқып, біраз ойланып көрсеңіз, Ехобаның заңдарымен жүрудің ақылдылыққа жататынын түсінесіз. Өзіңіздің жақсаруыңыз керек тұстарыңызды да байқарсыз. Жақсару оңайға соқпаса да барынша күш салсаңыз, Құдайдың адал досы боласыз. Сонда өміріңіз бақыт пен тыныштыққа толады (Ишая 48:17, 18). Мұндай өзгерістер жасау қолыңыздан келеді.

19 Ехоба шамамыз келмейтін нәрсені ешқашан талап етпейді (Мұсаның 5-жазбасы 30:11—14). Ол — біздің ең жақын Досымыз. Сондықтан ол бізді жақсы біледі, тіпті өзімізден де артық біледі. Біздің мықты жақтарымыз да, әлсіз жақтарымыз да оған мәлім (Зәбүр 103:14). Елші Пауыл мынандай жігерлі сөздер жазған: “Құдай өз сөзіне адал: ол шамадан тыс сыналуларыңа жол бермейді. Азғырылғанда адал болып қалуларың үшін, одан шығудың жолын көрсетеді” (Қорынттықтарға 1-хат 10:13). Ехоба дұрыс әрекет етуіміз үшін барлық кезде демеу береді. Ол тығырыққа тірелген кезімізде “адам күшінен асқан күш” береді (Қорынттықтарға 2-хат 4:7). Ехобаның осындай қолдауын көрген елші Пауыл: “Маған күш-қуат берушінің арқасында бәрін де істей аламын”,— деген (Філіпіліктерге 4:13).

ЕХОБА ЖАҚСЫ КӨРЕТІНДІ СІЗ ДЕ ЖАҚСЫ КӨРІҢІЗ

20. Біз Ехобаның қандай қасиеттерін үлгі еткіміз келеді және неліктен?

20 Ехобамен жақын қарым-қатынаста болу үшін оған ұнамайтын істерден аулақ болу жеткіліксіз (Римдіктерге 12:9). Зәбүр 15:1—5 (оқыңыз) тармақтарда Құдайдың қандай істерді жақсы көретіні жазылған. Ехобамен дос болуды қалағандықтан, біз де оған ұнайтын істерді жақсы көргіміз келеді. Оның “сүйіспеншілік, қуаныш, татулық, шыдамдылық, мейірімділік, ізгілік, сенім, жұмсақтық, ұстамдылық” сияқты қасиеттерін біз де танытқымыз келеді (Ғалаттықтарға 5:22, 23).

21. Құдайға ұнайтын қасиеттерді таныту үшін не істеуіміз керек?

21 Осы керемет қасиеттерді бойымызға қалай сіңіре аламыз? Бұл үшін Киелі кітапты жүйелі түрде оқып-зерттеу қажет (Ишая 30:20, 21). Сонда Ехобаға деген сүйіспеншілігіміз арта түседі. Ал сүйіспеншілігіміз артқан сайын, оған мойынсұнуға деген ықыласымыз да артады.

22. Ехобаға мойынсұнудың нәтижесі қандай?

22 Жақсы жаққа өзгеруді үстіңіздегі ескі киімді шешіп, жаңасын киюмен салыстыруға болады. Киелі кітапта: “Ескі болмыстарыңды шешіп тастап, жаңа болмысты киіп алыңдар”,— делінген (Қолостықтарға 3:9, 10, сілтеме). Мұндай өзгеріс жасау оңай болмайтын шығар. Бірақ мойынсұнатын адамдарға Құдай “зор сый” беруді уәде етеді (Зәбүр 19:11). Ехобаның жағына шығып, Шайтанның таққан айыбы жалған екенін дәлелдеңіз. Ехобаға болашақта төгетін баталары үшін емес, шынайы сүйіспеншілікпен қызмет етіңіз. Сонда оның шын досы боласыз!

a Бұл — Киелі кітапты зерттеуіңізге қарсы болған барлық адамның артында Шайтан тұр деген сөз емес. Бірақ “бүкіл дүние Шайтанның билігінде”, ол — “осы дүниенің құдайы”. Сондықтан кейбір адамдардың Ехоба Құдайға қызмет етуімізге не үшін бөгет жасағысы келетіні түсінікті (Қорынттықтарға 2-хат 4:4; Жоханның 1-хаты 5:19).

ЕХОБА ЖЕК КӨРЕТІНДІ СІЗ ДЕ ЖЕК КӨРІҢІЗ

  • Кісі өлтіру

    Мұсаның 2-жазбасы 20:13; 21:22, 23

  • Зинақорлық

    Мұсаның 3-жазбасы 20:10, 13, 15, 16; Римдіктерге 1:24, 26, 27, 32; Қорынттықтарға 1-хат 6:9, 10

  • Тылсым күшке жүгіну

    Мұсаның 5-жазбасы 18:9 —13; Қорынттықтарға 1-хат 10:21, 22; Ғалаттықтарға 5:20, 21

  • Пұтқа табыну

    Қорынттықтарға 1-хат 10:14

  • Маскүнемдік

    Қорынттықтарға 1-хат 5:11

  • Ұрлық

    Мұсаның 3-жазбасы 6:2, 4; Ефестіктерге 4:28

  • Өтірік айту

    Нақыл сөздер 6:16, 19; Қолостықтарға 3:9; Аян 22:15

  • Ашкөздік

    Қорынттықтарға 1-хат 5:11

  • Зорлық-зомбылық

    Зәбүр 11:5; Нақыл сөздер 22:24, 25; Малахи 2:16; Ғалаттықтарға 5:20, 21

  • Балағат сөздер мен өсек-аяң

    Мұсаның 3-жазбасы 19:16; Ефестіктерге 5:4; Қолостықтарға 3:8

  • Қанды бұрыс қолдану

    Мұсаның 1-жазбасы 9:4; Елшілердің істері 15:20, 28, 29

  • Отбасын асырамау

    Тімөтеге 1-хат 5:8

  • Саясатқа араласу және соғысқа қатысу

    Ишая 2:4; Жохан 6:15; 17:16

  • Темекі шегу мен есірткі қабылдау

    Марқа 15:23; Қорынттықтарға 2-хат 7:1

КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ ШЫНДЫҚТАР

1. ЕХОБАНЫҢ ДОСТАРЫ ОҒАН МОЙЫНСҰНАДЫ

“Даусыма құлақ асыңдар, сонда мен сендердің Құдайларың, ал сендер менің халқым боласыңдар” (Еремия 7:23).

Құдайдың досы болу мүмкін бе?

  • Мұсаның 1-жазбасы 22:18; Жақып 2:23

    Ыбырайым Құдайдың тілін алып, оған сенді, сондықтан Ехобаның досы деп аталды.

  • Шежірелер 2-жазба 16:9

    Ехоба мойынсұнғыш адамдарға көмектеседі.

  • Зәбүр 25:14; 32:8

    Ехоба достарына түсінік береді.

  • Зәбүр 55:22

    Ехоба достарына күш береді.

2. ӘЙҮП ҚҰДАЙДЫҢ ДОСЫ БОЛҒАН ЖӘНЕ ОҒАН АДАЛ БОЛЫП ҚАЛҒАН

“Әйүп осыншама қасіретке қалса да, күнә жасамады, Құдайды да жазғырмады” (Әйүп 1:22).

Шайтан Әйүпті қалай сынады, ал Әйүп қалай әрекет етті?

  • Әйүп 1:10, 11

    Шайтан Әйүпті Құдайды сүймейді, оған өз пайдасы үшін қызмет етеді деп қаралады.

  • Әйүп 1:12—19; 2:7

    Ехоба Шайтанға Әйүпте бардың бәрін алып қоюға жол берді. Шайтан Әйүпті тіпті жаман бір ауруға шалдықтырды.

  • Әйүп 27:5

    Әйүп не себепті көп қасірет көріп жатқанын түсінбесе де, адалдығынан таймады.

3. ШАЙТАН СІЗДІ ЕХОБАҒА ҚЫЗМЕТ ЕТКІЗБЕУГЕ ТЫРЫСАДЫ

“Адам өз өмірін сақтап қалу үшін қолындағының бәрін береді” (Әйүп 2:4).

Шайтан Ехобамен достығымызды қалай бұзғысы келеді?

  • Қорынттықтарға 2-хат 11:14

    Шайтан бізді алдап, Ехобаның тілін алмауға итермелейді.

  • Нақыл сөздер 24:10

    Шайтан Ехобаға қызмет етуге лайықсыз сезінгенімізді қалайды.

  • Петірдің 1-хаты 5:8

    Шайтан бізді қудалайды.

  • Нақыл сөздер 27:11

    Ехобаға мойынсұнып, оның адал досы болыңыз. Сонда Шайтанның өтірікші екенін дәлелдейсіз.

4. БІЗ ЕХОБАНЫ СҮЙГЕНДІКТЕН, ОҒАН МОЙЫНСҰНАМЫЗ

“Құдайды сүю дегеніміз — оның өсиеттерін орындау” (Жоханның 1-хаты 5:3).

Біз қалай Ехобаның досы бола аламыз?

  • Мұсаның 5-жазбасы 6:5

    Құдайды жақсы көріңіз. Бұл сізге мойынсұнғыш болуға көмектеседі.

  • Ишая 48:17, 18

    Ехобаға мойынсұнсаңыз, бұның тек пайдасын көресіз.

  • Мұсаның 5-жазбасы 30:11—14

    Ехоба сізден шамаңыз келмейтін нәрсені ешқашан талап етпейді. Бұған сенімді болыңыз.

  • Філіпіліктерге 4:13

    Ехобаға ұнамды әрекет етіңіз. Сонда ол сізге қажетті күш береді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу