Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • jy 74-тар., 174-б.—175-б., 8-абз.
  • Қонақжайлылық пен дұғаға қатысты тәлім

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қонақжайлылық пен дұғаға қатысты тәлім
  • Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Ұқсас мәлімет
  • Мартаға берілген кеңес және дұға етуді үйрету
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • “Сенемін”
    Сенімін серік еткендер
  • Қайта тірілуге деген үміт
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • Ехобаға ештеңеге алаңдамай қызмет ет
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
jy 74-тар., 174-б.—175-б., 8-абз.
Мартаға кеңес айтып жатқан Исаның аяқ жағында Мәриям отыр

74-ТАРАУ

Қонақжайлылық пен дұғаға қатысты тәлім

ЛҰҚА 10:38—11:13

  • МАРТА МЕН МӘРИЯМ ИСАНЫ ҚОНАҚҚА ШАҚЫРДЫ

  • ДҰҒАДА ТАБАНДЫЛЫҚТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Зәйтүн тауының шығыс беткейінде, Иерусалимнен үш шақырымдай жерде Бетания деген ауыл бар (Жохан 11:18). Сол ауылда Исаның достары Елазар және оның әпкелері Марта мен Мәриям тұратын. Олар қонаққа келген Исаны құшақ жая қарсы алды.

Мәсіхті қонақ ету — үлкен мәртебе. Сондықтан Марта Исаны жақсылап күту үшін, мол дастарқан жаю қамына кірісті. Марта ас дайындап жатқанда, сіңлісі Мәриям Исаның аяқ жағында жайғасып, оны тыңдап отырды. Бір уақытта Марта Исаға келіп: “Ием, сіңлімнің барлық жұмысты маған қалдырғанын көрмейсіз бе? Айтыңызшы, маған келіп көмектессін”,— деді (Лұқа 10:40).

Сонда Иса Мәриямға емес, ас-ауқаттың қамын көп уайымдап кеткен Мартаға кеңес берді. “Марта, Марта,— деді ол, — сен көп нәрсені ойлап, уайымдайсың. Көп нәрсенің қажеті жоқ, керегі біреу-ақ қой. Мәриям дұрыс нәрсені таңдады, одан оны ешкім де айыра алмайды” (Лұқа 10:41, 42). Мұнымен Иса түрлі тағам дайындау үшін көп уақыт жұмсаудың қажеті жоқ екенін түсіндірді. Қарапайым дастарқан да жеткілікті еді.

Марта шын көңілмен Исаға қонақжайлылық танытқысы келді. Алайда ас дайындауға тым көп көңіл бөлгендіктен, Құдай Ұлының өзінен тәлім алу мүмкіндігін қалт жіберіп отыр! Иса Мәриямның дұрыс таңдау жасағанына баса назар аударды. Себебі алған тәлімнің пайдасын ол ұзақ уақыт көре алатын еді. Осы жайт бәріміз үшін де сабақ болу керек.

Басқа жолы Иса тағы бір маңызды нәрсені түсіндірді. Шәкірттерінің бірі одан: “Ием, Жақия өз шәкірттеріне дұға етуді үйреткендей, сіз де бізге үйретіңізші”,— деп өтінді (Лұқа 11:1). Иса бір жарым жылдай бұрын Таудағы уағызында дұғаға қатысты тәлім берген болатын (Матай 6:9—13). Сол жерде бұл шәкірті болмағанға ұқсайды, сондықтан Иса негізгі ойларды қайталап өтті. Сосын дұғада табандылықпен сұрау керектігіне ерекше көңіл бөлу үшін, мысал келтірді.

“Араларыңдағы біреуіңнің досы бар делік. Ол түн ортасында сол досына барып: — Досым, маған үш нан бере тұршы. Жолаушылап бір жолдасым келіп қалған еді, соған беретін ештеңем болмай тұр,— дейді. Сонда үй иесі іштен: — Мені мазаламашы! Есік бекітулі, бала-шағамызбен жатып қалдық. Енді тұрып, саған ештеңе бере алмаймын,— деп жауап береді. Сендерге мынаны айтамын: ол оған қажетін досы болғаны үшін бермесе де, қадалып сұрап тұрып алғандықтан береді” (Лұқа 11:5—8).

Иса бұл мысалмен Ехоба өтінішке құлақ асқысы келмейді дегенге меңзеген жоқ. Оның айтқысы келгені мынау: Адам досының өтінішін қалағандықтан емес, қадалып сұрағандықтан орындаған болса, көктегі сүюші Әке адал қызметшілерінің шын жүректен айтқан өтінішін орындайтыны сөзсіз. Иса сөзін жалғап: “Сондықтан сендерге мынаны айтамын: сұрай беріңдер, сонда беріледі; іздей беріңдер, сонда табасыңдар; есікті қаға беріңдер, сонда ашылады. Себебі сұрай берген әркім алады, іздей берген табады, қаға бергенге есік ашылады”,— деді (Лұқа 11:9, 10).

Бұдан кейін Иса әкені мысалға алып маңызды жайтқа көңіл бөлді. “Қандай әке баласы балық сұраса, жылан берер еді? Ал жұмыртқа сұраса, шаян берер еді? Демек, сендер күнәкар бола тұра, балаларыңа жақсы сый беруді білсеңдер, көктегі Әкенің өзінен сұрағандарға киелі рух беретіні еш шүбәсіз!”— деді (Лұқа 11:11—13). Көктегі Әкенің дұғамызды тыңдайтынына әрі қажетімізді беретініне сенімді ететін қандай тамаша мысал!

  • Марта мен Мәриямның ойлары қандай болды және бұл бізге қай жағынан сабақ болу керек?

  • Иса дұғаға қатысты тәлімін неге қайталап айтты?

  • Дұғада табанды болу керектігін Иса қандай мысалмен түсіндірді?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу