Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • jy 28-тар., 70-б.—71-б., 6-абз.
  • Исаның шәкірттері неге ораза ұстамады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Исаның шәкірттері неге ораза ұстамады?
  • Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Ұқсас мәлімет
  • Оразаға қатысты сұрақтар
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • Құдайға жақындау үшін ораза ұстау қажет пе?
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ораза ұстау туралы Киелі кітапта не делінген?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
jy 28-тар., 70-б.—71-б., 6-абз.
Жақияның шәкірттері Исадан ораза жайлы сұрады

28-ТАРАУ

Исаның шәкірттері неге ораза ұстамады?

МАТАЙ 9:14—17 МАРҚА 2:18—22 ЛҰҚА 5:33—39

  • ЖАҚИЯНЫҢ ШӘКІРТТЕРІ ОРАЗАҒА ҚАТЫСТЫ ИСАҒА СҰРАҚ ҚОЙДЫ

Исаның б. з. 30 жылының Құтқарылу мейрамына барып келгеніне бір жыл өтті. Жақия бірнеше айдан бері түрмеде жатыр. Ол шәкірттерінің Исаға ергенін қалайды, бірақ түрмеге жабылғаннан кейін, кейбір шәкірттері Исаға ерген жоқ еді.

Қазір б. з. 31 жылының Құтқарылу мейрамының қарсаңы. Жақияның шәкірттері Исаға келіп: “Неге біз де, парызшылдар да ораза ұстайды, ал сіздің шәкірттеріңіз ораза ұстамайды?”— деп сұрады (Матай 9:14). Парызшылдар үшін ораза діни ғұрып еді. Кейінірек айтқан Исаның бір мысалында өзін әділ санайтын парызшыл былай деп дұға еткен: “Уа, Құдай, басқалар сияқты... болмағаным үшін алғыс айтамын. Аптасына екі рет ораза ұстаймын” (Лұқа 18:11, 12). Жақияның шәкірттері оразаны діни ғұрып болғандықтан немесе ұстаздарының түрмеде отырғанына қайғырғандықтан ұстаған болуы мүмкін. Енді олар Исаның шәкірттері — бәлкім Жақия үшін қайғырудың белгісі ретінде — неге ораза ұстамайтынын білгісі келді.

Иса мысал келтіріп: “Күйеужігіт қастарында болғанда, достарына қайғыруға еш себеп жоқ, солай емес пе? Бірақ күйеужігітті қастарынан алып кететін кез келеді, сонда олар ораза ұстайтын болады”,— деп жауап берді (Матай 9:15).

Кезінде Жақияның өзі Исаны күйеужігіт деген еді (Жохан 3:28, 29). Иса қасында болғандықтан, Исаның шәкірттері ораза ұстамады. Кейін, Иса өлгенде, шәкірттері қайғыдан құса болып, ас батпайтын болады. Алайда Иса қайта тіріледі! Сонда оларға енді қайғырып, ораза тұтуға еш себеп болмайды.

Сосын Иса тағы екі мысал келтірді: “Ешкім ескі киімді жаңа матамен жамамайды, өйткені ол шуып, киімнен жұлынып қалады да, жыртық одан бетер үлкейіп кетеді. Сондай-ақ жаңа шарапты ескі меске құймайды, әйтпесе мес жарылып, шарап ағып кетеді, мес те бүлінеді. Қайта, жаңа шарапты жаңа меске құяды” (Матай 9:16, 17). Мұнымен ол не айтқысы келді?

Иса бұл мысалдармен Жақияның шәкірттеріне мына бір жайтты түсінуге көмектескісі келді: Ешкім Исаның шәкірттерінен иудаизмнің ораза сияқты ескі ғұрыптарын ұстануды талап етпеу керек. Өйткені ол ескіні жамап, оның мерзімін ұзартуға келген жоқ. Ескі деп Иса тозығы жеткен ғибадатты, яғни жақында жарамсыз болып қалатын ғибадат жүйесін айтты. Исаның енгізбек болған ғибадаты сол заманғы яһудилердің салт-жорадан тұратын ғибадатынан бөлек. Сол себепті ол “жаңа матамен ескі киімді жамауға” немесе “жаңа шарапты ескі меске құюға” тырыспады.

ОРАЗАҒА ҚАТЫСТЫ АЙТЫЛҒАН МЫСАЛДАР

Мес

Иса киім жамау сияқты тыңдаушылары оңай елестете алатын мысалдарды қолданды. Адам жаңа матамен ескі киімді жамаса, не болады? Киімді жуғанда, жамалған жаңа мата шуиды да, ескі матадан жұлынып қалады.

Сол заманда шарапты кейде мал терісінен жасалған меске құйып сақтайтындықтан, бұл мысал да жұртқа таныс еді. Жаңа шарапты ескі меске құю қауіпті болатын. Себебі тері уақыт өте келе кеуіп, керілгіштігінен айырылады. Жаңа шараптың ашуы басылмаған болса, ескі месті керіп, жарып жіберуі мүмкін.

  • Исаның күндерінде кімдер ораза ұстайтын және неге?

  • Исаның шәкірттері неге ораза ұстамады, бірақ кейін ораза ұстауға қандай себеп болады?

  • Исаның жаңа мата мен жаңа шарап жайлы мысалдарының мәні неде?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу