Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • jy 6-б.—7-б., 8-абз.
  • Жол, шындық, өмір

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жол, шындық, өмір
  • Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Тақырыпшалар
  • ІЗГІ ХАБАР НЕГЕ ТӨРТ КІТАПҚА ЖАЗЫЛҒАН?
  • ЖОЛ, ШЫНДЫҚ, ӨМІР
Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
jy 6-б.—7-б., 8-абз.
Иса мен оның 11 адал елшісі

Жол, шындық, өмір

Үйіңізге біреу сүйінші сұрап келсе, жақсы хабар әкелгенін біліп, қуанып қаласыз. Біздің де сізбен және жақындарыңызбен бөліскіміз келетін қуанышты хабарымыз бар.

Қуанышты хабарды жер мен көктің Жаратушысы Ехоба Құдайдың өзі пайғамбарларына жаздырған Киелі жазбалардан оқып білеміз. Қолыңызда ұстап отырған осы әдебиет Киелі жазбалардың төрт кітабындағы ізгі хабарға баса назар аударады. Бұл кітаптар Матай, Марқа, Лұқа және Жохан деген жазушыларының есімдерімен аталады.

Төрт кітап көпшілікке Інжіл деген атаумен де танымал. Онда ұлы пайғамбарымыз Иса жайлы ізгі хабар жазылған. Бұл қандай хабар? Құдай Иса арқылы адамзатты өлімнің құрсауынан құтқаратыны, сондай-ақ Иса көктегі Құдай Патшалығының Патшасы болып, өзіне сенген адамдар үшін жер бетінде шынайы өмір орнататыны жайлы қуанышты хабар (Марқа 10:17, 30; 13:13).

ІЗГІ ХАБАР НЕГЕ ТӨРТ КІТАПҚА ЖАЗЫЛҒАН?

Құдай Иса пайғамбардың өмірі мен өсиеттерін неге бір емес, төрт кітапқа жаздырған деп ойлайтын шығарсыз.

Исаның айтқан сөздері мен істеген істері жайлы жазылған мәлімет көзінің төртеу болғанының пайдасы зор. Неге дерсіз? Көзіңізге елестетіп көріңізші: көпшілікке танымал бір ұстаздың қасында төрт адам отыр. Дәл алдында отырғаны салық жинаушы болса, оң жағындағысы — дәрігер. Ал сол жағында отырған кісі — балық аулаушы әрі ұстаздың жақын досы. Артқы жақтағы төртінші адам — жас жігіт. Бәрі де шыншыл да адал жандар. Олар ұстаздарын бар ықыласпен мұқият тыңдап отыр. Осылардың әрқайсысы естігендері мен көргендерін қағаз бетіне түсіретін болса, мәлімет жан-жақты қамтылып, егжей-тегжейлі болары сөзсіз. Кейін олардың жазғандарын оқығандар болған жайтқа не оқиғаға түрлі қырынан қарай алады. Сондай-ақ ұстаздың сөздері мен істерін толық біле алады. Ұлы Ұстазымыз Исаның өмірі жайлы жазылған төрт кітаптың дәл осындай пайдасы бар.

Аталмыш мысалға қайта оралсақ, салық жинаушы өз кітабын жазғанда, яһуди жұртын ойлап, соларға пайдалы болатын өсиеттер мен оқиғаларға көп көңіл бөледі. Дәрігер болса ауру-сырқаулар мен сал адамдардың сауыққанына баса назар аударады. Сондықтан ол салықшы жазған жайттардың кейбірін жазбай кетсе, кейбірін басқа кезекпен жазады. Ал ұстаздың жақын досы оның сезімдері мен қасиеттеріне көп мән береді. Жас жігіт хабарын қысқа да нұсқа етіп жазуды жөн көреді. Сайып келгенде, төртеуінің де хабары шынайы әрі тура. Демек, Исаның өмірі жайлы төрт кітап та оның өсиеттері мен іс-әрекеттерін және қасиеттерін жақсырақ түсінуімізге көмектеседі.

Кейде адамдар “Матайдың Ізгі хабары” не “Жоханның Ізгі хабары” деп жатады. Бұлай деу қате емес, өйткені олардың әрқайсысында “Иса Мәсіх туралы ізгі хабар” жазылған (Марқа 1:1). Жалпы алғанда, төртеуі де Інжілді, яғни Ізгі хабарды құрайды.

Матай, Марқа, Лұқа және Жохан жазған кітаптардағы мәліметтер мен жайттарды бір-бірімен салыстырған және үйлестірген Киелі кітап зерттеушілері көп болған. Солардың бірі — б. з. 170 жылы өмір сүрген сириялық жазушы Татиан. Ол Інжілдің төрт кітабының тура және Құдай рухының жетелеуімен жазылғанын мойындаған. Исаның өмірі мен қызметі жайлы мәліметтерді бірізділікпен құрастырып, еңбегін “Диатессарон” деп атаған.

“Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір” атты осы кітап — сондай еңбектердің бірі, бірақ әлдеқайда тура әлі толық нұсқасы. Бұлай деуімізге себеп — бүгінгі таңда Исаның көптеген пайғамбарлығы мен астарлы әңгімесінің қалай орындалғанын жақсырақ түсінеміз. Сондықтан оның сөздері мен істерінің мәні, түрлі оқиғалардың барысы айқын бола түсті. Сондай-ақ археологиялық жұмыстардың арқасында кейбір жайттар анықталды және Киелі кітап жазушыларының көзқарастарын түсіну мүмкіндігі ашылды. Әрине, Исаның өміріндегі оқиғалардың орын алу кезегіне қатысты үзілді-кесілді тұжырым жасауға болмайды. Дегенмен, “Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір” кітабын жазу кезінде ақыл-парасат пен қисынға жүгіндік.

ЖОЛ, ШЫНДЫҚ, ӨМІР

Осы әдебиетті оқу барысында оның сізге және жақындарыңызға арналған басты хабарын есте ұстаңыз. Бұл қандай хабар? Иса пайғамбардың өзі Тома есімді елшісіне: “Жол, шындық және өмір — менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге келе алмайды”,— деген (Жохан 14:6).

“Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір” кітабы Исаның “жол” ретіндегі қызметін бағалауға көмектеседі. Өйткені Иса арқылы ғана Ехоба Құдайға жолдаған дұғамыз қабыл болады. Оның үстіне, Иса — бізді Құдаймен татуластыратын жол (Жохан 16:23; Римдіктерге 5:8). Демек, Иса пайғамбардың арқасында ғана Құдайға ұнамды бола аламыз.

Иса пайғамбар — “шындық”. Өйткені ол шындықты айтқан және шындыққа сай өмір сүрген, былайша айтқанда, шындық Исаның болмысынан паш етілген. Көптеген пайғамбарлық Исаның өмірінде орындалып, “ол арқылы “иә” болды” (Қорынттықтарға 2-хат 1:20; Жохан 1:14). Мұндай пайғамбарлықтар Исаның Құдай ниетін жүзеге асыратын маңызды тұлға екенін түсінуге көмектеседі (Аян 19:10).

Иса пайғамбар — “өмір”. Иса өзінің еш міні жоқ тәнін құрбан етіп, қанын төккенінің арқасында адамзат “шынайы өмірге” жету, яғни “мәңгі өмір” сүру үмітіне ие болды (Тімөтеге 1-хат 6:12, 19; Ефестіктерге 1:7; Жоханның 1-хаты 1:7). Иса дүниеден өткен миллиондаған адам үшін де “өмір”. Себебі олар жұмақ бағына айналған жердегі өмірге қайтып оралады (Жохан 5:28, 29).

Құдайдың ниетін жүзеге асыратын Исаға бәріміздің де ризашылық білдіргеніміз абзал. Сондықтан “жол, шындық, өмір” болып табылатын Иса туралы біліміңіз арта түссін деп тілейміз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу