Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • kr 17-тар., 182—191 бет.
  • Патшалықтың азаматтарына қызметтерін атқаруды үйрету

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Патшалықтың азаматтарына қызметтерін атқаруды үйрету
  • Құдай Патшалығы билік етуде!
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • “Әкем не үйретсе, соны айтамын”
  • Уағыз ісіне үйрету
  • Ер бауырластарды жауапты қызмет атқаруға үйрету
  • Теократиялық мектептер — Ехобаның сүйіспеншілігінің көрінісі
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ехоба куәгерлері Құдайға құлшылықтарын атқаруды қалай үйренеді?
    Ехоба куәгерлері жөнінде жиі қойылатын сұрақтар
  • Ехобадан барынша тәлім алып жүрсің бе?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
  • Ізашарлар дәріс алатын қандай мектептер бар?
    Бүгінде Ехоба Құдайдың еркін кім орындауда?
Көбірек мәлімет
Құдай Патшалығы билік етуде!
kr 17-тар., 182—191 бет.

17-ТАРАУ

Патшалықтың азаматтарына қызметтерін атқаруды үйрету

ТАРАУДЫҢ ӨЗЕКТІ ОЙЫ:

Ұйымның мектептері Патшалықтың азаматтарына қызметтерін атқаруды үйретеді

1—3. Иса уағыз ісін қалай ілгерілетті, осы орайда қандай сұрақтар туындайды?

ИСА бүкіл Ғалилеяны аралап, екі жыл бойы уағыз айтты (Матай 9:35—38 оқыңыз). Ол қалалар мен ауылдарға барып, мәжілісханаларда тәлім берді, Патшалық туралы хабарды жариялады. Қай жерде уағыздамасын, халық ағылып келетін. Бұдан ол “жинайтын егіннің көп”, ал жұмысшылардың аз екенін көрді.

2 Иса уағыз ісін ілгерілету үшін шара қолданды. Қандай шара? 12 елшісін “Құдай Патшалығы туралы уағыздауға” жіберді (Лұқа 9:1, 2). Бұған қатысты оларда біраз сұрақтар туындаған шығар. Сондықтан Иса елшілерін аттандырмас бұрын, бұл істі қалай атқаруды үйретті. Осылай көктегі Әкесіне еліктеді, өйткені кезінде Ехоба да оны үйреткен еді.

3 Осы орайда келесідей сұрақтар туындайды: Ехоба Исаға не үйретті? Ал Иса елшілеріне ше? Біз жөнінде не деуге болады? Патша өз ізбасарларына қызметтерін атқаруды үйретіп жатыр ма? Қалай үйретіп жатыр?

“Әкем не үйретсе, соны айтамын”

4. Әкесі Исаны қашан және қай жерде үйретті?

4 Иса Әкесінен тәлім алғанын жасырмай: “Әкем не үйретсе, соны айтамын”,— дейтін (Жох. 8:28). Ехоба оны қашан және қай жерде үйретті? Иса жаратылыс атаулының тұңғышы еді, Әкесі оны жаратқаннан кейін көп ұзамай-ақ үйрете бастаған болу керек (Қол. 1:15). Әкесімен сансыз көп жылдар бірге болған ол “Ұлы Тәлімгердің” сөздерін өз құлағымен естіп, істерін өз көзімен көрген (Ишая 30:20). Сондықтан оның қасиеттеріне, істері мен ниетіне әбден қанық еді.

5. Исаның жерде атқаратын қызметіне қатысты Әкесі нені түсіндірді?

5 Уақыты жеткенде Ехоба Ұлына жерде атқаратын қызметі жайлы түсіндірді. Ұлы Тәлімгер мен оның тұңғыш Ұлының қарым-қатынасы туралы айтылған пайғамбарлыққа көңіл бөлейікші (Ишая 50:4, 5 оқыңыз). Пайғамбарлықта Ехобаның оны “күн сайын оятатыны” айтылған. Мұны оқығанда, көз алдыңызға шәкіртін үйрету үшін оны күнде таңертең ұйқысынан оятатын тәлімгер келеді. Бұл сөздерге қатысты бір еңбекте: “Ехоба... былайша айтқанда, оны оқушы ұқсатып мектепке апарып, не жайында және қалай уағыздауды үйреткен”,— делінген. Сол көктегі “мектепте” Ехоба оған “не айту керектігін” де түсіндірген (Жох. 12:49). Сондай-ақ өзгелерді қалай үйрету керек екенін де айтқанa. Ал жерге келгенде, Иса алған тәлімін өз қызметін атқарғанда да, шәкірттеріне қызметтерін атқаруды үйреткенде де тиімді қолданған.

6, 7. а) Иса елшілеріне не үйретті, бұл оларды не нәрсеге дайындады? ә) Иса бүгіндегі ізбасарларын не нәрсеге үйретуде?

6 Сонымен, Иса елшілеріне не үйретті? Матай кітабының 10-тарауынан көретініміздей, ол қызметке қатысты нақты нұсқаулар берген. Мысалы: қай жерде уағыздау керек (5, 6-тармақтар), қандай хабар айту керек (7-тармақ), Ехобаға арқа сүйеу керек (9, 10-тармақтар), үй иесімен қалай сөйлесу керек (11—13 тармақтар), қарсылыққа қалай жауап беру керек (14, 15-тармақтар), қуғын-сүргінге ұшырағанда не істеу керек (16—23 тармақтар)b. Осындай анық нұсқаулардың арқасында елшілері бірінші ғасырда уағыз ісіне жетекшілік етуге дайын болды.

7 Қазіргі таңдағы жағдай қандай? Құдай Патшалығының Патшасы Иса ізбасарларына өте маңызды тапсырма беріп отыр. Атап айтқанда, оларға “Патшалық жайлы осы ізгі хабарды барлық халықтар есту үшін бүкіл жер бетінде уағыздау” тапсырылған (Мат. 24:14). Патшамыз бізді бұған үйретіп жатыр ма? Бұған еш дау жоқ! Көктегі тағында отырған Патшамыз шәкірттері қалай уағыздауды, сондай-ақ қауымдағы міндеттерін қалай атқаруды білулері үшін шара қолданды.

Уағыз ісіне үйрету

8, 9. а) Теократиялық қызмет мектебінің негізгі мақсаты қандай еді? ә) Апта ішіндегі кездесу сізге қызметте жемісті болуға қалай көмектесуде?

8 Ехоба біраз жылдар бойы өз халқын уағыз ісіне конгрестер, сондай-ақ қызмет кездесуі сияқты жиналыстар арқылы үйретіп келді. Ал 1940 жылдардан бастап бас басқармадағы бауырластар түрлі мектептер де ұйымдастыра бастады.

9 Теократиялық қызмет мектебі. Алдыңғы тараудан білгеніміздей, мұндай мектептер 1943 жылдан іске қосылды. Бұл мектептің мақсаты қауымдағылардың сөйлеу шеберлігін арттыру ғана болды ма? Әрине, жоқ. Оның басты мақсаты Құдай халқына сөйлеу қабілетін қызметте Ехобаны дәріптеу үшін қолдануға үйрету еді (Зәб. 150:6). Мектепке жазылғандардың бәрі жақсы уағыздаушы болып шығатын. Қазір біз бұған апта ішіндегі кездесуде үйренеміз.

10, 11. Бүгінде Ғалақат мектебінде кімдер оқиды және оның бағдарламасы не нәрсеге бағытталған?

10 Күзет мұнарасының Ғалақат Киелі кітап мектебі. Бүгінде бізге Күзет мұнарасының Ғалақат Киелі кітап мектебі деген атаумен белгілі білім ордасы 1943 жылдың 1 ақпанында дүйсенбі күні ашылды. О баста мектептің мақсаты ізашарлар мен басқа да толық уақытты қызметшілерді шетелдерде қызмет етуге дайындау еді. Бірақ 2011 жылдың қазан айынан бері бұл мектепте тек арнайы толық уақыт қызмет атқарып жүргендер, яғни арнайы ізашарлар, аралаушы бақылаушылар мен әйелдері, бетелдіктер не әлі бұл мектепте оқымаған миссионерлер оқиды.

11 Мектеп бағдарламасы не нәрсеге бағытталған? Бұл жайлы тәжірибелі оқытушылардың бірі былай деді: “Құдай Сөзін тереңдетіп зерттеу арқылы студенттердің сенімін нығайту, жүктелетін міндеттерді атқарғанда кезігетін қиындықтармен күресуге қажетті қасиеттер дамыту. Ал бағдарламаның негізгі мақсаты — студенттердің уағыз ісіне деген ықыласын арттыра түсу” (Ефес. 4:11).

12, 13. Ғалақат мектебінің дүниежүзілік уағыз ісіне әсері қандай болды? Мысал келтіріңіз.

12 Дүниежүзілік уағыз ісіне Ғалақат мектебі қалай әсер етті? 1943 жылдан бері бұл мектепті 8500-ден аса студент бітіріп шығыпc, 170-тен көп елде миссионер болып қызмет етуде. Олар өздері де құлшына уағыздауымен, өзгелерді де соған үйретуімен оқыған-тоқығандарын тиімді қолданған. Көп жағдайда олар жариялаушылар аз я мүлдем жоқ аймақтарда уағыз ісінде жетекшілік еткен.

13 Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапонияда не болғанын қарастырып көрейік. Сол жылдары елде ұйымдасқан түрде уағыздау доғарылған еді. 1949 жылдың тамызында ондағы жариялаушылардың саны онға да жетпейтін. Ал жылдың аяғына таман болса, Ғалақат мектебінің 13 түлегі белсене уағыздап жүрді. Олардың артынан тағы да миссионерлер жіберілді. Бастапқыда олар ірі қалаларда уағыздады, сосын кішігірім қалашықтарға көшіп барды. Миссионерлер талмай басқа бауырластарды да, зерттеушілерді де ізашар болуға талпындырды. Осылай аянбай еңбек еткендері мол жеміс берді. Бүгінде Жапонияда 216 000-нан аса жариялаушы бар, әрі шамамен 40 пайызы ізашар болып қызмет етедіd.

14. Ұйымның мектептері ненің айқын дәлелі? (188-беттегі “Патшалықтың азаматтарына арналған мектептер” деген қоршауды да қараңыз.)

14 Өзге мектептер. Ізашарлық қызмет мектебінің, мәсіхші ерлі-зайыптыларға арналған және салтбасты ер бауырластарға арналған мектептің түлектері рухани толыстыe, уағыз ісінде жетекшілік етуге даяр болды. Иә, Патшамыз ізбасарларын қызметтерін толықтай атқаруға дайындап жатыр. Бұның айқын дәлелі — осындай мектептер! (Тім. 2-х. 4:5)

Ер бауырластарды жауапты қызмет атқаруға үйрету

15. Жауапты міндет атқаратындар қай жағынан Исаға еліктегілері келеді?

15 Исаның Құдайдан тәлім алғаны жайлы Ишаяның пайғамбарлығы есімізде шығар. Көктегі “мектепте” Әкесі Ұлына “шаршағандарға орынды жауап беруді” үйреткен (Ишая 50:4). Иса болса алған тәлімін зая кетірмеді. Жерге келгенде, ол “бейнет шеккендер мен еңселерін ауыр жүк басқандардың” жанын сергітті (Мат. 11:28—30). Қауымда жауапты міндет атқаратындар да Исаға еліктеп, бауырластарының жанын жадыратуды қалайды. Осындай ер бауырластарға қауым мүшелеріне тиімдірек қызмет етуге көмектесу үшін түрлі мектептер ұйымдастырылды.

16, 17. Патшалық қызмет мектебінің мақсаты қандай? (Сілтемені де қараңыз.)

16 Патшалық қызмет мектебі. Мектептің алғашқы сабағы 1959 жылы 9 наурызда Саут-Лансинг қаласында (Нью-Йорк штаты) басталды. Бұл бір айлық оқуға аралаушы бақылаушылар мен қауым қызметшілері (қазір ақсақалдар кеңесінің үйлестірушілері) шақырылатын. Кейінірек мектептің бағдарламасы ағылшыннан басқа тілдерге аударыла бастады. Осылай Патшалық қызмет мектебінде бірте-бірте жержүзіндегі ер бауырластар оқи алатын болдыf.

Ллойд Бэрри Патшалық қызмет мектебінде дәріс беріп жатыр (Жапония, 1970 жыл)

Ллойд Бэрри Патшалық қызмет мектебінде дәріс беріп жатыр (Жапония, 1970 жыл)

17 1962 жылы “Ехоба куәгерлерінің жылнамасында” Патшалық қызмет мектебінің мақсаты былай түсіндірілді: “Мына қарбалас заманда Ехоба куәгерлерінің қауымындағы бақылаушы өз өмірін дұрыс жоспарлай білетін адам болуы тиіс. Сонда ғана ол жиналыстағылардың бәріне көңіл бөліп, олар үшін бата болады. Бірақ ол есті болу керек, яғни қауымның қамын ойлаймын деп, өз отбасын ысырып тастамауға тиіс. Бүгінде төрткіл дүниедегі қауым қызметшілері үшін керемет мүмкіндік бар: олар Патшалық қызмет мектебінде бас қосып, бақылаушыларға қойылатын міндеттерді Киелі кітапта қалай жазылса, тап солай атқаруды үйренеді” (Тім. 1-х. 3:1—7; Тит. 1:5—9).

18. Патшалық қызмет мектебінің игілігін қалай бүкіл Құдай халқы көруде?

18 Патшалық қызмет мектебінің игілігін бүкіл Құдай халқы көруде. Қай жағынан? Ақсақалдар мен қызмет көмекшілері мектепте білгендерін іс жүзінде қолданғанда, бауырластары үшін Иса сияқты жігер мен жұбаныштың қайнары болады. Қамқор ақсақалдың не қызмет көмекшісінің жылы-жылы сөйлеп, мұқият тыңдағанына, үйімізге келіп, жігерлендіргеніне бәріміз де риза боламыз емес пе? (Сал. 1-х. 5:11). Иә, мұндай ер бауырластар қауым үшін нағыз бата!

19. Білім беру комитеті тағы қандай мектептердің жұмысын бақылайды және бұл мектептердің мақсаты қандай?

19 Басқа мектептер. Басқарушы кеңестің Білім беру комитеті ұйымда жауапты міндеттер атқаратын бауырластарға арналған басқа да мектептердің жұмысын бақылайды. Бұл мектептердің мақсаты — жауапты бауырластарға, атап айтқанда ақсақалдарға, аралаушы бақылаушылар мен филиал комитетінің мүшелеріне, түрлі міндеттерін мүмкіндігінше тиімді атқаруға көмектесу. Киелі кітапқа негізделген оқу бағдарламасы оларды рухани толыса түсуге, сондай-ақ өздеріне сеніп тапсырылған Ехобаның аяулы қойларын Жазбалардағы принциптерге сай бағуға талпындырады (Пет. 1-х. 5:1—3).

Малавиде өткен Қызметті жетілдіру мектебінің алғашқы сыныбы

Малавиде өткен Қызметті жетілдіру мектебінің алғашқы сыныбы (2007 жыл)

20. Неге Иса біз жайында “олардың бәрі Ехобадан тәлім алады” деген және біз қолдан келгенше не істеуіміз керек?

20 Ізбасарлары жақсы дайындықтан өту үшін Патшаның қам жасап отырғаны айдан анық. Мұндай білім беру жолы Ехобадан бастау алған: ол Ұлын үйреткен, ал Ұлы өз ізбасарларын үйретуде. Сондықтан Иса біз жайлы: “Олардың бәрі Ехобадан тәлім алады”,— деген (Жох. 6:45; Ишая 54:13). Олай болса, ұйымның мектептерінің мейлінше пайдасын көру үшін қолдан келгеннің бәрін істейік. Сондай-ақ мынаны да ұмытпайық: мұндай білімнің мақсаты — қызметімізді толықтай атқара беру үшін рухани берік болуымызға көмектесу.

a Әкесі Ұлына қалай тәлім беру керек екенін үйреткенін біз қайдан білеміз? Иса тәлім бергенде, астарлы әңгімелер мен мысалдарды көптеп қолданған, осылай ғасырлар бұрын айтылған пайғамбарлық орындалды (Зәб. 78:2; Мат. 13:34, 35). Демек, сол пайғамбарлықты жаздырған Ехоба Ұлына солай тәлім беруді көкте өзі үйреткен (Тім. 2-х. 3:16, 17).

b Бірнеше айдан кейін Иса “тағы басқа 70 шәкіртін таңдап алып”, екі-екіден уағыздауға жіберді. Иса оларға да нұсқаулар берді (Лұқа 10:1—16).

c Кей бауырластар Ғалақат мектебінде бірнеше рет оқыған.

d Ғалақат мектебінің түлектерінің дүниежүзілік уағыз ісіне қосқан үлесі жайлы көбірек мәліметті “Ехоба куәгерлері — Құдай Патшалығын жариялаушылар” (ор.) кітабының 23-тарауынан оқуға болады.

e Соңғы екі мектеп Патшалықты жариялаушыларға арналған мектеппен алмастырылды.

f Бүгінде ақсақалдарға арналған Патшалық қызмет мектебінің ұзақтығы әртүрлі, әрі ол бірнеше жылда бір рет өткізіледі. 1984 жылдан бері бұл мектепке қызмет көмекшілері де шақырылады.

Құдай Патшалығы сіз үшін қаншалықты шынайы?

  • Әкесі Исаға не үйреткен?

  • Патша ізбасарларына уағыздауды қалай үйретуде?

  • Патша жауапты бауырластарды міндеттерін атқаруға қалай үйретуде?

  • Ұйымның мектептерін бағалайтыныңызды қалай көрсетуіңізге болады?

ПАТШАЛЫҚТЫҢ АЗАМАТТАРЫНА АРНАЛҒАН МЕКТЕПТЕР

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ БЕН ҚЫЗМЕТІМІЗ

Мақсаты: Ізгі хабарды жақсы уағыздауға және тәлім беруге үйрету

Ұзақтығы: Үздіксіз

Өтетін жері: Жергілікті Патшалық сарайы

Оқитындар: Қауымға келетін, Киелі кітаптың ілімдерімен келісетін және мәсіхшілерге қойылатын талаптарға сай өмір сүретіндердің бәрі оқи алады. Тапсырма алу үшін мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз кездесуінің бақылаушысына жолығу керек.

Пайдасы: Апта ішіндегі кездесуде зерттеу жасауды, ойымызды қисынды жеткізуді, сондай-ақ өзгелерді тыңдауды және өзіміздің ғана емес, өзгелердің де рухани күйін ойлауды үйренеміз.

Біраз жылдардан бері аралаушы бақылаушы болып қызмет ететін Арни былай дейді: “Мен бала күнімнен тұтығып сөйлейтінмін, өзгелердің көзіне тура қарай алмайтынмын. [Кездесудің] арқасында менде сенімділік пайда болды. Сол арқылы Ехоба маған дұрыс дем алуды, ойымды жинақтауды үйретті. Мен қауымда да, қызметте де Құдайды мадақтай алатыныма қуанамын”.

Жас бауырлас теократиялық қызмет мектебінде Киелі кітапты оқып тұр

ҚАУЫМ АҚСАҚАЛДАРЫНА АРНАЛҒАН МЕКТЕПg

Мақсаты: Ақсақалдарға рухани толыса түсуге және қауымдағы міндеттерін жақсырақ атқаруға көмектесу

Ұзақтығы: 5 күн

Өтетін жері: Филиал шешеді, әдетте Патшалық не Конгресс сарайында өтеді

Оқитындар: Ақсақалдарды филиал шақырады

Пайдасы: Төменде Паттерсонда (Нью-Йорк) өткен мектептің 92-сыныбында оқыған ақсақалдардың лебізі келтірілді:

“Мен үшін мектептің пайдасы зор болды. Ол маған өзімді тексеріп, Ехобаның қойларын қалай жақсырақ қамқорлауға болатынын түсінуге көмектесті”.

“[Мектепте] алған білімімді өмір бойы қолдануға тырысамын”.

ІЗАШАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МЕКТЕБІ

Мақсаты: Ізашарларға “қызметтерін толықтай атқаруға” көмектесу (Тім. 2-х. 4:5)

Ұзақтығы: 6 күн

Өтетін жері: Филиал шешеді, әдетте Патшалық сарайында өтеді

Оқитындар: Кем дегенде бір жыл тұрақты ізашар болғандар аудандық бақылаушыдан бірден шақыру алады. Мектепте оқығанына бес жыл болған кейбір ізашарлар қайта шақырылуы мүмкін.

Пайдасы: Лили деген бауырлас былай дейді: “Мектеп маған қызметтегі, өмірімдегі қиындықтармен күресуге көмектеседі. Киелі кітапты қалай зерттеп, қалай тәлім беретінім, оны қалай қолданатыным айтарлықтай жақсарды. Қазір мен өзгелерге көмектесуге, ақсақалдарға қолдау көрсетуге, қауымның өсуіне үлес қосуға анағұрлым дайынмын”.

Ал мектепте екі рет оқыған Бренда: “Мектептің арқасында рухани істерге көбірек атсалысатын болдым, ар-ұжданым сезімтал бола түсті, өзгелерге көбірек көмектесуге ықыласым артты. Расында да, Ехоба — жомарт Құдай!”— дейді.

ЖАҢА БЕТЕЛДІКТЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕКТЕП

Мақсаты: Жаңадан келгендерге қызметтерінде жемісті болуға көмектесу

Ұзақтығы: 4 күн таңертең, 4 сағаттан

Өтетін жері: Бетел

Оқитындар: Бетелде тұрақты қызмет ететіндер мен бір не одан көп жылға шақырылған уақытша қызметшілер

Пайдасы: 1980 жылдары осы мектепте оқыған Димитриос былай деп түсіндірді: “Мектептің арқасында жеке зерттеуімнің сапасы артты, бұл мені Бетелде ұзақ қызмет етуге дайындады. Оқытушылар, оқу бағдарламасы, тиімді кеңестер — осының бәрі Ехобаның қамымды ойлайтынына әрі Бетелдік қызметімнің жемісті болғанын қалайтынына сендірді”.

ПАТШАЛЫҚТЫ ЖАРИЯЛАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕПh

Мақсаты: Толық уақыт қызмет етіп жүрген ерлі-зайыпты және салтбасты бауырластарды арнайы бағдарламамен оқыту. Осылай Ехобаның ұйымы олардың мүмкіндіктерін барынша тиімді қолдана алады. Мектепті бітіргендердің көбісі елдеріндегі қажеттілік бар жерлерге тағайындалады. 50 жасқа толмағандар оқшау аумақтарда уағыздау үшін уақытша арнайы ізашар болып тағайындалуы мүмкін.

Ұзақтығы: 2 ай

Өтетін жері: Филиал шешеді, әдетте Патшалық не Конгресс сарайында өтеді

Қызмет етіп жүрген әйел бауырлас

Ұйымдағы мектептердің бауырластар үшін пайдасы зор

Оқитындар: 23 жас пен 65 жас аралығындағы толық уақыт қызмет етіп жүрген бауырластар шақырылады. Олар денсаулығы жақсы, қажеттілік бар жерде қызмет етуге мүмкіндігі бар, сондай-ақ “Мен бармын! Мені жібер!” деген қағидатпен өмір сүретін бауырластар болу керек (Ишая 6:8). Мектепке шақырылғандардың бәрі — бойдақтар да, ерлі-зайыптылар да кем дегенде екі жыл үзбей толық уақытты қызмет ету керек. Ерлі-зайыптылардың неке құрғанына екі жылдан кем болмауы тиіс. Ер бауырластардың ақсақал не қызмет көмекшісі болғанына кем дегенде екі жыл толу керек. Еліңіздегі филиалға қарасты аумақта осы мектеп өтетін болса, оған барғысы келетіндерге ақпарат берілу үшін аймақтық конгресте арнайы кездесу өткізіледі.

Пайдасы: Салтбасты ер бауырластарға арналған Киелі кітап мектебі мен Мәсіхші ерлі-зайыптыларға арналған Киелі кітап мектебіне қатысты көптеген жылы лебіз келіп түсті. 2013 жылы Басқарушы кеңес аталмыш екі мектептің біріктіріліп, Патшалықты жариялаушыларға арналған мектептің ашылуын мақұлдады. Бүгінде салтбасты әйел бауырластарды қоса алғанда, көптеген адал ізашарлардың осы мектепте оқуға мүмкіндігі бар.

КҮЗЕТ МҰНАРАСЫНЫҢ ҒАЛАҚАТ КИЕЛІ КІТАП МЕКТЕБІ

Мақсаты: Мектеп түлектері аралаушы бақылаушы, бетелдік не танапқа миссионер болып тағайындалуы мүмкін. Олар алған білімдерін танапта да, филиалда да тиімді қолданып, ұйымның нығаюына ықпал етеді.

Ұзақтығы: 5 ай

Өтетін жері: Паттерсондағы (Нью-Йорк) Күзет мұнарасының білім орталығы

Ғалақат мектебінің студенттері оқытушыны тыңдауда

Ғалақат мектебінің сыныбы (Паттерсон, Нью-Йорк)

Оқитындар: Арнайы толық уақытты қызмет атқарып жүрген ерлі-зайыптылар мен салтбасты ер және әйел бауырластар шақырылады. Жергілікті филиал комитеті бұрын бұл мектепте оқымаған танаптағы миссионерлерді, арнайы ізашарлар, бетелдіктер не аралаушы бақылаушылар мен әйелдерін өтініш толтыруға талпындыруы мүмкін. Мектепте оқығысы келетіндер ағылшын тілінде сөйлей және жаза білулері керек.

Пайдасы: Бірнеше жыл бұрын мектепті бітіріп, басқа елге тағайындалған америкалық ерлі-зайыпты Ладэ мен Моника былай дейді:

“Ғалақат мектебі бізді дүниенің кез келген бұрышына барып, аяулы бауырластарымызбен білек сыбанып қызмет етуге дайындады” (Ладэ).

“Қызметімде Құдай Сөзінен білгенімді қолданғаным зор қуанышқа бөлейді. Мұндай қуанышты мен Ехобаның сүйіспеншілігінің дәлелі деп білемін” (Моника).

ПАТШАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МЕКТЕБІ

Мақсаты: Аралаушы бақылаушылар, ақсақалдар мен қызмет көмекшілерін бақылаушылық және ұйымдағы басқа да міндеттерді атқаруға үйрету (Ел. іс. 20:28). Оқу барысында қауымдардағы жағдай, алып жатқан үрдіс пен кезек күттірмейтін қажеттіліктер қарастырылады. Мектеп Басқарушы кеңестің мақұлдауымен бірнеше жылда бір рет өткізіледі.

Ұзақтығы: Соңғы жылдары әртүрлі

Өтетін жері: Әдетте жергілікті Патшалық не Конгресс сарайында өтеді

Оқитындар: Ақсақалдар мен қызмет көмекшілерін аудандық бақылаушы, ал аралаушы бақылаушыларды филиал шақырады

Пайдасы: “Мектепте қысқа уақытта талай мәлімет қарастырылады, бірақ осының арқасында ақсақалдар Ехобаға қуана, нағыз ер азаматша қызмет етеді. Жаңа ақсақалдар да, тәжірибелілері де Ехобаның отарын жақсылап бағуға, бір бағытта ойлануға үйренеді” (Куин).

“Мектеп бағдарламасы жан-жақты болды: рухани жайттарға қатысты түсінігіміз тереңдеді, қауіп-қатерге қатысты ескертулер айтылды, отарды бағуға қатысты тиімді кеңестер берілді” (Майкл).

АУДАНДЫҚ БАҚЫЛАУШЫЛАР МЕН ӘЙЕЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН МЕКТЕПi

Мақсаты: Аудандық бақылаушыларға қауымдардың игілігі үшін тиімді қызмет етуге, “Құдай сөзін айтып, тәлім беруде аянбай еңбек етуге” және сеніп тапсырылған отарды бағуға көмектесу (Тім. 1-х. 5:17; Пет. 1-х. 5:2, 3)

Ұзақтығы: 1 ай

Өтетін жері: Филиал комитеті шешеді

Оқитындар: Аралаушы бақылаушылар мен әйелдерін филиал шақырады

Пайдасы: “Ұйымға Мәсіхтің басшылық етіп отырғанын айқын көрдік. Өзіміз қызмет етіп жүрген бауырластарды жігерлендіру мен әр қауымның бірлігін нығайтудың қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Оқу бағдарламасы мынаны санамызға құйды: аралаушы бақылаушы кеңес береді, кейде түзетеді, бірақ оның басты мақсаты бауырластарға Ехобаның оларды жақсы көретіндерін түсінуге көмектесу болу керек” (1999 жылы 1-сыныпта оқыған Джоэл мен Конни, АҚШ).

ФИЛИАЛ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕЛЕРІ МЕН ӘЙЕЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН МЕКТЕП

Мақсаты: Филиал комитетінің мүшелеріне Бетелді жақсырақ қадағалауға, қауымдарға қатысты мәселелерге назар аударуға, филиалға қарасты аумақтарды бақылауға көмектесу (Лұқа 12:48ә).

Ұзақтығы: 2 ай

Өтетін жері: Паттерсондағы (Нью-Йорк) Күзет мұнарасының білім орталығы

Оқитындар: Филиал комитетінің не жергілікті комитеттің мүшелері мен әйелдері. Оларды Басқарушы кеңестің Қызмет комитеті шақырады.

Пайдасы: Мектептің 25-сыныбында оқыған Лоуэлл мен Кара бүгінде Нигерияда қызмет етеді.

“Мектеп бағдарламасы мынаны есіме салды: Ехобаға ұнамды болуым қанша не қандай іс атқарып жатқаныма емес, рухани күйімнің жақсы болуына байланысты” (Лоуэлл).

Кара болса оқу кезінде түйген бір ойды есіне алып: “Қандай да бір жайтты біреуге түсінікті етіп жеткізе алмасам, өзгеге үйретпес бұрын, алдымен өзім зерттеп алуым керек”,— деді.

g Әзірше бұл мектеп барлық елде өткізілмейді.

h Әзірше бұл мектеп барлық елде өткізілмейді.

i Әзірше бұл мектеп барлық елде өткізілмейді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу