Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • fg 15-саб. 1—4 сұр.
  • Неге Ехоба Құдай жайлы білім ала бергеніңіз жөн?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Неге Ехоба Құдай жайлы білім ала бергеніңіз жөн?
  • Құдайдан келген қуанышты хабар
  • Ұқсас мәлімет
  • Бұдан артық өмір жолы жоқ!
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Құдайға жақын болғанымыз қандай игі!”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Құдайға қалай жақындай аласыз?
    Құдайдан келген қуанышты хабар
  • Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Құдайдан келген қуанышты хабар
fg 15-саб. 1—4 сұр.

15-САБАҚ

Неге Ехоба Құдай жайлы білім ала бергеніңіз жөн?

1. Киелі кітаптан білім алуды жалғастырудың сіз үшін қандай пайдасы бар?

Екі әйел жұмыстағы үзіліс кезінде Киелі кітапты зерттеуде

Киелі кітаптың негізгі ілімдерімен танысып шыққаныңыздың арқасында Ехобаға деген сүйіспеншілігіңіздің артқаны сөзсіз. Алайда бұл сүйіспеншілікті дамыту үшін үнемі күш салып отыру қажет (Петірдің 1-хаты 2:2). Сіздің мәңгілік өмірді иеленуге деген үмітіңіз Киелі кітаптан білім алу арқылы Құдайға жақындай түсуіңізге байланысты. (Жохан 17:3; Яһуда 21 оқыңыз).

Құдай жайлы біліміңіз артқан сайын, сеніміңіз де нығая түседі. Ал сенім, өз кезегінде, Құдайға ұнамды болуға көмектеседі (Еврейлерге 11:1, 6). Құдайға деген сеніміңіз жасаған қателіктеріңізге өкінуге және өміріңізді жақсы жаққа қарай өзгертуге талпындырады. (Елшілердің істері 3:19 оқыңыз).

2. Құдай туралы білім алғаныңыздың басқалар үшін қандай пайдасы бар?

Әйел Құдайға дұға етіп жатыр

Сіз Ехобамен қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз

Әдетте бәріміз де қуанышты хабармен бөліскіміз келіп тұрады. Сондықтан да Құдай туралы біліміңізді басқаларға да айтқыңыз келер. Киелі кітаптан білім алуды жалғастыра берсеңіз, Ехобаға және ізгі хабарға деген сеніміңізді Киелі кітаптың көмегімен қалай түсіндіріп беру керектігін үйрене аласыз. (Римдіктерге 10:13—15 оқыңыз).

Көп адам ізгі хабарды ең алдымен достары мен туыстарына айта бастайды. Мұндайда ілтипатпен сөйлеген абзал. Олардың діні дұрыс емес деп айтудың орнына, Құдайдың уәделеріне назар аударғаныңыз жақсы. Сондай-ақ жиі адамдарға сөзден гөрі жақсы істеріңіздің көбірек әсер ететінін де ұмытпағайсыз. (Тімөтеге 2-хат 2:24, 25 оқыңыз).

3. Сіз үшін қандай мүмкіндік ашылып тұр?

Құдай Сөзін зерттегеніңіз Құдайға жақындай түсуіңізге көмектеседі. Уақыт өте келе онымен қарым-қатынасыңыз нығайып, оның рухани отбасының мүшесі бола аласыз. (Қорынттықтарға 2-хат 6:18 оқыңыз).

4. Рухани жетіле түсу үшін не істеу керек?

Құдай Сөзінен білім алуды жалғастыра берсеңіз, сондағы кеңестерді қолдануды үйренесіз (Еврейлерге 5:13, 14). Ехоба куәгерлері сізге “Киелі жазбалардан не білеміз?” басылымы бойынша Киелі кітапты зерттеуге көмектесе алады. Құдай Сөзінен көбірек білім алған сайын, өміріңіз де жақсара түседі. (Зәбүр 1:1—3; 73:27, 28 оқыңыз).

Ехоба куәгерлері Киелі кітап зерттеу сабағын ұсынуда

Қуанышты хабар бақытты Құдай Ехобадан келеді. Оған қызмет ететін адамдармен жақын аралассаңыз, Құдайға да жақындай түсесіз (Еврейлерге 10:24, 25). Ехобаға ұнамды болуға тырысқаныңыздың арқасында нағыз өмірге — мәңгілік өмірге — қол жеткізе аласыз. Иә, Құдайға жақындай түсу — сіз үшін ең керемет нәрсе. (Тімөтеге 1-хат 1:11; 6:19 оқыңыз).

Көбірек мәлімет алу үшін “Киелі жазбалардан не білеміз?” басылымының 18-тарауын қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу