Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • fg 14-саб. 1—4 сұр.
  • Құдай қандай мақсатпен ұйым құрды?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай қандай мақсатпен ұйым құрды?
  • Құдайдан келген қуанышты хабар
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдай қандай мақсатпен ұйым құрды?
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ехобадан келген кітапқа сай ұйымдасқанбыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Қауым қалай ұйымдастырылған және онда кімдер жетекшілік етеді?
    Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
  • Ехоба Куәгерлері ұйымының құрылымы
    Құдай бізден нені талап етеді?
Көбірек мәлімет
Құдайдан келген қуанышты хабар
fg 14-саб. 1—4 сұр.

14-САБАҚ

Құдай қандай мақсатпен ұйым құрды?

1. Құдай ежелде Исраил халқын не үшін құрды?

1) Ежелгі Исраилдегі Құдай халқы; 2) Бірінші ғасырдағы мәсіхшілер уағыздау ісін ұйымдастырған

Құдай әулетбасы болған Ыбырайымның ұрпағынан халық құрып, оларға заңдар берді. Ол бұл халықты Исраил деп атап, оларды шынайы ғибадаттың ошағы етті әрі өзінің Сөзі болып табылатын Киелі жазбаларды аманаттады (Зәбүр 147:19, 20). Нәтижесінде, өзге халықтардың барлығы Исраил халқы арқылы Құдайдың батасына ие болуға мүмкіндік алды. (Мұсаның 1-жазбасы 22:18 оқыңыз).

Ехоба Құдай Исраил халқын өзі жайлы шындықты паш ететін куәгерлері ретінде таңдаған болатын. Олардың тарихы Құдай заңдарына мойынсұнудың қаншалықты пайдалы екенін көрсетеді (Мұсаның 5-жазбасы 4:6). Осы халық арқылы өзге халықтар да шынайы Құдайды танып біле алды. (Ишая 43:10, 12 оқыңыз).

2. Шынайы мәсіхшілер не үшін ұйым болып құрылды?

Кейіннен Исраил халқы Құдайдың ықыласынан айырылып қалды. Сондықтан Ехоба Құдай оларды мәсіхшілер қауымымен алмастырды (Матай 21:43; 23:37, 38). Осылайша бүгінде Исраил халқының орнына шынайы мәсіхшілер Ехобаның куәгерлері ретінде қызмет етеді. (Елшілердің істері 15:14, 17 оқыңыз).

Иса пайғамбар ізбасарларын қауым ретінде ұйымдастырып, оларға уағыз ісін атқаруды әрі барлық халықтан шәкірт дайындауды тапсырған (Матай 10:7, 11; 24:14; 28:19, 20). Бүгінде, осы дүниенің ақыры таяған уақытта, бұл іс өзінің шарықтау шегіне жетті. Адамзат тарихында Ехоба алғаш рет шынайы ғибадат арқылы әртүрлі халықтан шыққан сан миллиондаған адамның басын біріктіріп отыр (Аян 7:9, 10). Сондай-ақ шынайы мәсіхшілер бір-бірін қолдап, жігерлендіру үшін де ұйымдасқан. Дүниенің төрт бұрышында өтетін қауым кездесулерінде олар Киелі кітапқа негізделген бір ғана бағдарлама бойынша тәлім алады. (Еврейлерге 10:24, 25 оқыңыз).

3. Бүгінгі таңдағы Ехоба куәгерлерінің тарихы қалай басталды?

1900 жылдары уағыздаған және бүгінгі Ехоба куәгерлері; Киелі кітапқа негізделген көптеген тілдегі басылымдар.

1870 жылдары бір топ адам Киелі кітапты зерттеп, сондағы ұмыт болған шындықтарды қайта аша бастады. Олар Исаның мәсіхшілер қауымын уағыз айту мақсатымен ұйымдастырғанын түсінді, сондықтан да Патшалық хабарын уағыздау ісін дүниежүзі бойынша жүргізе бастады. 1931 жылдан бастап олар Ехоба куәгерлері деп аталатын болды. (Елшілердің істері 1:8; 2:1, 4; 5:42 оқыңыз).

4. Бүгінде Ехоба куәгерлері қалай ұйымдасқан?

Бірінші ғасырда тәжірибелі ақсақалдар тобы басқарушы кеңесті құрайтын. Исаны қауымның Басы ретінде мойындаған бұл кеңес жер-жердегі мәсіхшілер қауымына басшылық беріп отырған (Елшілердің істері 16:4, 5). Сол сияқты, біздің күнімізде де тәжірибелі ақсақалдардан құралған Басқарушы кеңес дүниенің төрт бұрышындағы Ехоба куәгерлеріне көмектесуде. Басқарушы кеңес Ехоба куәгерлерінің филиалдарына жетекшілік етеді. Бұл филиалдар Киелі кітапты зерттеуге арналған әдебиеттерді 600-ден аса тілге аударып, басып шығарып, таратады. Осының арқасында Басқарушы кеңес дүниежүзіндегі 100 000-нан аса қауымға Киелі кітапқа негізделген басшылығы мен көмегін береді. Әрбір қауымда лайықты ер кісілер ақсақалдар, яғни бақылаушылар, ретінде қызмет атқарады. Бұл адамдар Құдайдың “отарын” сүйіспеншілікпен қамқорлайды. (Петірдің 1-хаты 5:2, 3 оқыңыз).

Ехоба куәгерлері ізгі хабарды уағыздау мен шәкірт дайындау ісін атқару үшін ұйымдасқан. Бірінші ғасырдағы елшілер сияқты, олар да үйме-үй жүріп уағыз айтады (Елшілердің істері 20:20). Сондай-ақ олар шындықты білгісі келетін ақжүрек адамдарға Киелі кітаптан білім алуды ұсынады. Алайда Ехоба куәгерлері — жай ғана ұйым емес. Біз сүйіспеншілігі мол Әкесі бар отбасы сияқтымыз, сондықтан бір-бірімізге қамқорлық көрсететін бауырлардай қараймыз (Салоникалықтарға 2-хат 1:3). Ехоба Құдайдың халқы оған ұнамды болу үшін әрі басқаларға көмек көрсету үшін ұйымдасқан, сондықтан да олар дүниедегі ең бақытты отбасы болып табылады. (Зәбүр 33:12; Елшілердің істері 20:35 оқыңыз).

Көбірек мәлімет алу үшін “Киелі жазбалардан не білеміз?” басылымының 19-тарауын қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу