Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • rk 9-тар., 22—23 бет.
  • Иса Мәсіх қандай үлгі қалдырды?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Иса Мәсіх қандай үлгі қалдырды?
  • Шынайы сенім — бақыттың кілті
  • Ұқсас мәлімет
  • Иса Мәсіх деген кім?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Иса Мәсіх деген кім?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • “Шәкіртім болып соңымнан ер!”
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Иса Мәсіх — Құдай туралы білімнің кілті
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
Көбірек мәлімет
Шынайы сенім — бақыттың кілті
rk 9-тар., 22—23 бет.

9-ТАРАУ

Иса Мәсіх қандай үлгі қалдырды?

ҚҰДАЙ Мәсіхті барлық халықтарға Басшы ретінде тағайындайтынын алдын ала айтқан. Ол бізге шын мәнінде қандай басшы керек екенін біледі, сондықтан ең жақсы Басшыны тағайындады. Мәсіх қандай Басшы болар еді? Керемет саясаткер ме? Мықты қолбасшы ма? Әлде ойшыл пәлсапашы ма? Киелі жазбаларға сай, Мәсіх ерекше пайғамбар болу керек-тін. Бұл пайғамбар Иса еді (Матай 23:10).

Құдай Исаның қасиетті әрі мінсіз болып туылуына қам жасады. Кейін Исаның өзі де Шайтанның тура жолдан тайдырмақ болған әрекетінің бәріне қарсы тұра білді. Ол сөзімен де, ісімен де Құдайдың құдіретін, әділдігін, даналығы мен сүйіспеншілігін керемет түрде паш етті. Исаның үлгісінен біз неге үйрене алатынымызды көрейік.

Иса адамдарға аянбай көмектескен

Иса адамдарға аянбай көмектескен

Ол Құдай берген құдіретін адамдарға көмектесу үшін қолданған. Иса шын көңілден адамдардың қамын ойлап, өз күшін олардың мұқтаждығын қанағаттандыру үшін аянбай қолданған. “Халықты аяп тұрмын... жейтін ештеңелері жоқ”,— деді ол (Марқа 8:2). Сосын, керемет жасап, өзінен тәлім алуға келген қалың жұртты тамақтандырды.

Сондай-ақ ол барлық жерді аралап, тәлім беріп, “адамдарды түрлі ауру-сырқаудан сауықтырып жүрді” (Матай 4:23). Оның соңынан көп адамның ергені және “бүкіл халықтың Исаға қолын тигізуге ұмтылғаны” таңғалдырмайды, “өйткені одан құдірет шығып, бәрін де сауықтырып жатты” (Лұқа 6:19). Шындығында да, Иса “өзіне қызмет еткізуге емес, өзі қызмет етіп, көптеген адамдар үшін жанын төлем ретінде беруге келді” (Матай 20:28)a. Бүгінде осындай жанқиярлық рух танытатын басшылар бар ма?

Иса балаларды өзіне келуге шақырды

Ол балаларды жақсы көрген

Ол Құдайдың әділдігін танытты. Иса Құдай заңының мәнін жақсы түсініп, сондағы талаптарға сай әрекет еткен. Ол Жазбалардағы: “Өзіңнің еркіңді орындауға құштармын, уа, Құдайым. Заңыңды жүрегімнің түкпірінде ұстаймын”,— деп алдын ала айтылған сөздерге сай өмір кешкен деуге болады (Зәбүр 40:8). Құдайға еліктеп, Иса ешкімді бай-кедей, әйел-еркек, бала не ересек деп алаламай, бәріне бірдей сый-құрмет көрсеткен. Бірде ата-аналар балаларын Исаға әкелгенде, шәкірттері бұған қарсылық білдіреді. Алайда Иса: “Балалардың маған келуіне жол беріңдер, оларға кедергі жасамаңдар. Өйткені Құдай Патшалығы осындайлар үшін”,— дейді (Марқа 10:14).

Ол Құдайдан келген даналықты паш етті. Иса адамдарды жақсы түсінген. Өйткені “әрбір адамның жүрегін көре” білген (Жохан 2:25). Исаның жаулары оны тұтқындау үшін кісілерін жібергенде, тіпті олардың өзі: “Ешкім ол сияқты сөйлеген емес!”— деп таңғалған. Иса мұндай даналыққа қайдан ие болды? Ол: “Ілімім — менікі емес, мені жібергендікі”,— деп түсіндірді (Жохан 7:16, 46).

Иса науқас адамды сауықтырды

Ауруларға жаны ашып, оларды сауықтырған

Ол Құдайдың сүйіспеншілігін көрсетті. Иса сондай-ақ адамдарға зор жанашырлық танытқан. Бірде “үсті-басын алапес басқан” бір кісі одан: “Ием, қаласаңыз болғаны, мені айықтырып тазарта аласыз”,— деп жалбарынады. Оны аяп кеткен Иса “қолын созып, оның денесіне тигізді де: “Қалаймын, тазар!”— дейді. Сол сәтте ол алапесінен тазарды” (Лұқа 5:12, 13; Марқа 1:41, 42). Иса шынымен сол байғұс кісінің қасіретін жеңілдеткісі келген!

Иса пайғамбар сіздің де қамыңызды ойлай ма? Оның өзі былай деген: “Бейнет шеккендер мен еңселерін ауыр жүк басқандар, барлығың да маған келіңдер, мен жандарыңды сергітемін. Мойынтұрығымды алып, менен үйреніңдер, өйткені мен жұмсақ әрі кішіпейілмін. Сонда жандарың сергиді” (Матай 11:28, 29).

Расында да, Иса пайғамбар ең жақсы Басшы болғандықтан, бізді: “Менен үйреніңдер”,— деп шақыруда. Сіз оның шын жүректен айтқан осы шақыруын қабыл аласыз ба? Бұл шақыру бақытты өмірге жетелейді.

a Төлем туралы көбірек мәліметті “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабының 27-тарауынан қараңыз.

Қалай жауап берер едіңіз?

  • Құдай Иса пайғамбарға қандай дәреже берді?

  • Иса қандай қасиеттер танытты? Солардың қайсысы сізге ерекше ұнады?

  • Иса бізді не нәрсеге шақыруда?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу