Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • rk 8-тар., 20—21 бет.
  • Мәсіхтің келуі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Мәсіхтің келуі
  • Шынайы сенім — бақыттың кілті
  • Ұқсас мәлімет
  • Мәсіхтің келуі
    Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
  • Олар Мәсіхті күтті
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Періштенің Мәриямға келуі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • “Мен Ехоба Құдайдың құлымын!”
    Сенімін серік еткендер
Көбірек мәлімет
Шынайы сенім — бақыттың кілті
rk 8-тар., 20—21 бет.

8-ТАРАУ

Мәсіхтің келуі

ДАНИЯЛ пайғамбарлық айтқаннан 500 жылдан астам уақыт өткен соң, Жәбірейіл періште Дәуіттің әулетінен шыққан Мәриям есімді пәк қызға келіп: “Амансың ба, Құдай жарылқаған қыз! Ехоба саған жар!”— деп сәлемдеседі (Лұқа 1:28). Сонда Мәриям қорқып кетеді. Жәбірейілдің сәлемі нені білдіреді?

Жәбірейіл періште Мәриямға келді

Жәбірейіл періште Мәриямға Мәсіхті дүниеге әкелетінін айтқан

Мұның мәнін түсіндіріп, періште былай дейді: “Қорықпа, Мәриям, Құдай саған рақымын түсірді. Сенің бойыңа бала бітіп, ұл табасың, оның атын Иса деп қоясың... Ехоба оған арғы атасы Дәуіттің тағын сыйлайды... Оның Патшалығының шегі болмайды” (Лұқа 1:30—33). Неткен керемет хабар! Мәриям Мәсіхті, яғни көптен күткен “ұрпақты”, дүниеге әкелмек!

Келесі жылы Иса Бетлехем қаласында дүниеге келеді. Ол туылған түні бір періште сол маңайда жүрген қойшыларға: “Мен жұрттың бәріне зор қуаныш әкелетін ізгі хабарды жариялауға келдім. Бүгін Дәуіттің қаласында құтқарушыларың Мәсіх Ие дүниеге келді”,— деп хабарлайды (Лұқа 2:10, 11). Кейінірек Исаның отбасы Назарет қаласына көшіп барып, ол сонда ер жетеді.

Мәсіх келеді деп күтілген жылы, яғни б. з. 29 жылы, Иса Құдайдың пайғамбары ретінде қызмет етуін бастайды. Ол кезде оның жасы “шамамен 30 жаста еді” (Лұқа 3:23). Көптеген адамдардың Исаны Құдай жібергеніне көздері жетеді. Сол себептен олар: “Арамыздан ұлы пайғамбар шықты!”— деседі (Лұқа 7:16, 17). Ал Иса адамдарды не нәрсеге үйретті?

Адамдарды Құдайды сүюге және оған ғибадат етуге үйретті. Ол былай деді: “Біздің Құдайымыз Ехоба — жалғыз Ехоба. Құдайың Ехобаны бар жүрегіңмен, бүкіл жан-тәніңмен, барлық ақыл-ойыңмен және бар күш-қуатыңмен сүй!” (Марқа 12:29, 30). Сондай-ақ ол: “Ехоба Құдайыңа ғибадат етіп, тек соған ғана қасиетті қызмет ет!”— деп айтқан (Лұқа 4:8).

Адамдарды бір-бірін жақсы көруге шақырды. “Өзге адамды өзіңді сүйгендей сүй”,— деді ол (Марқа 12:31). Бұған қоса: “Барлық істе басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер, сендер де оларға солай істеңдер. Мұса Заңы мен пайғамбарлар жазбаларының мәні — осы”,— деді (Матай 7:12).

Басқаларға Құдай Патшалығы жайлы хабарды құлшыныспен жариялаған. Иса: “Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды... жариялауым керек. Өйткені мен сол үшін жіберілдім”,— деген (Лұқа 4:43). Құдай Патшалығы туралы хабар неліктен маңызды болды?

Жазбаларда Құдайдың Патшалығы болашақта жер бетіне билік жүргізетін көктегі үкімет екені айтылған. Құдай оның Патшасы етіп Иса Мәсіхті тағайындаған. Даниял пайғамбар аянда Құдайдың көкте Мәсіхке “билік, даңқ пен патшалықты” беретінін алдын ала көрген (Даниял 7:14). Бұл Патшалық бүкіл жер бетінде жұмақ орнатады және Құдайдың қызметшілеріне мәңгілік өмір сыйлайды. Бұл керемет хабар емес пе?!

Қалай жауап берер едіңіз?

  • Жәбірейіл періште Мәриямға қандай хабармен келген?

  • Б. з. 29 жылы қандай пайғамбарлық орындалды?

  • Иса адамдарды не нәрсеге үйретті?

  • Құдайдың Патшалығы деген не және ол нені жүзеге асырады?

Иса көптеген адамдарға тәлім берді

Мәсіх деген кім?

“Мәсіх” деген сөз “майланған”, яғни Құдайдың өзі тағайындаған дегенді білдіреді. Иса Мәсіхке өмір берген — Құдай. Ол зор керемет жасап, Исаның адами әкесіз-ақ Мәриямнан туылуына ықпал еткен.

Неге кезінде Иса Мәсіхке соншама көп адам сенді? Төменде мұның тек кейбір себептері келтірілген:

  • Ол Киелі жазбаларға сүйеніп тәлім берген.

  • Оның үлгісі мен тәлімдері шындықты және әділдікті аңсаған адамдарды баурап алатындай болған.

  • Ол Құдайдың құдіретімен көптеген кереметтер жасаған.

  • Ол Киелі жазбаларда айтылған көп пайғамбарлықтарды орындаған.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу